Қауіпсіз жол

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚызылорда облысы,Жалағаш ауданы

№ 201 орта мектеп

Ембергенова Айнұр Болатқызы

Бастауыш пән мұғалімі

Қауіпсіз жол

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге, жолда жүру ережелерін ойда сақтай алуға үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд

Барысы:

Жүргізуші.Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қауіпсіз жол» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

-Балалар мына қызыл түсті көрсеңдер неге ұқсатасыңдар?

-Сары ше?

-Жасыл ше?

-Ал осы үш түсті қосқанда көздеріңе не елестейді?

-Жарайсыңдар балалар!(Эврика).Олай болса мен сендерге бағдаршамның шығу тарихын айтып берейін.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар алғаш жолдар салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады екен.

-Біз бағдаршам жайлы толық мәлімет алдық десек те болады.Енді мен сіздерге бір сұрақ қойғым келіп отыр.Сіздер КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ал көшеде жүру тәртібіне не жатқызуымызға болады?

қиылыстар жаяу жүргінші

КЖТЖол белгілер тротуар

инспектор бағдаршам машина

Жүргізуші:Ондаше балалар, бүгін біздер жолда жүру ережелер қаласына саяхаттаймыз. Бірақ біздер ол қалаға баруымыз үшін қонаққа келген Бағдаршамның тапсырмаларын орындауымыз қажет екен.Ортаға Бағдаршамды шақырайық.

Бағдаршам атым,

Көп көзі бар батырмын

Тоқ болғанмен затым

Өзімде көп ақыл

Тұрамын мен дәйім

Бұрышында жолдың

Қиып өткен сайын

Қарайтұғын балғын

Бағдаршам:Балалар!Мен сендерді жол тәртібі бойынша сынауға келдім.Сынақтан сүрінбей өткен топ «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.Сынаққа дайынсыздар ма? Олай болса мен кімге қандай түс берем,сол бойынша топтасасыңдар.(Бағдаршам балаларға 3 түрлі түстерді таратады,балалар сол бойынша топтасады.)

Жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастайық!

1 топ: :«Жүргізуші» (қызыл)

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!

2 топ: «Бағдаршам» (сары)

Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.

3 топ: «Қиылыстар» (жасыл)

Басталар әр қиылысың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

1-сайыс: «Тапқыр болсаң,тауып көр»деп аталады.Бұл сайыста сіздерге бүгінгі тақырыпқа байланысты жұмбақтар жасырылады. Белгісін бірінші көтерген топ жауап береді.Әрбір жауап 5 баллмен есептеледі.Сайысымызға С Ә Т Т І Л І К тілейміз.

1. Құстан аумайды,

Көкке заулайды, (ұшақ)

2. Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды. (автобус)

3. Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар. (трамвай)

4. Сымға асылып, жүр асығып. ( троллейбус)

5.Бір көзім кідір дейді

Бір көзім жүгір дейді

Бір көзімабайла дейді

Қарап ал маңайға дейді (бағдаршам)

6.Төрт аяғы домалақ,

Адамсыз жүрмейді ( машина)

7.Өзі тым күшті,

Аяғы тісті ( трактор)

8.Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді (бағдаршам)

9.Атым сұлы жемейді,

Теппесем жүрмейді. (велосипед)

10.Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күзеткен (жол сақшысы)

11.Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялайды. (автобус)

12.Көліктің қаншасын жанынан өткізген

Іргеден басталып,алысқа жеткізген (жол)

13.Жоқ өзінде бас та, ауызда, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)

2-сайыс: «Ұшқыр ой» деп аталады. Әр топта өздерінің түстеріне қарай шарлар берілген.Шарларды кез келген әдіспен жарып,ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

1-топ: «Жүргізуші» (қызыл)

- Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс?

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

-Көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?

2-топ: «Бағдаршам» (сары)

-Жүргіншілер деген кім?

-Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

-Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

-Қауіпсіз жолмына белгі нені білдіреді?

3-топ: «Қиылыстар» (жасыл)

-Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?

- Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

-Қауіпсіз жолмына белгі нені білдіреді?

3-сайыс: «Қылқалам» деп аталады,яғни шығармашылық тапсырма. Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру.

----------- балалар!

----------- тротуар,

----------- ұмытпа,

---------- сақта!

4-сайыс: «Зерек суретші» деп аталады.Тақтаға бірнеше жол белгілері бейнеленеді.10 секундтан кейін тақта қайта жабылады.Есте қалған суретті ақ қағазға бейнелеу.

Қауіпсіз жолҚауіпсіз жол

Абайла,балалар! Қозғалысқа тыйым салынады

Қауіпсіз жол

5-сайыс: «Құрастыр» деп аталады.Бұл жерде сіздерге, яғни 3 топқа 3 сурет қиындылары беріледі.Сол қиындылардан бір жол белгісін құрастыру қажет.Қай топ бірінші және дұрыс құрса, сол топ жеңімпаз атанады.

Қауіпсіз жолҚауіпсіз жолҚауіпсіз жол


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Апайларымыз сайысымыздың қорытындысын шығарамын дегенше, сайысымыздың қорытынды сөзін Айнұр апайға берейік.

Жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың сұрауларына берейік.

  1. ------ апай! Алтын уақытыңыз зая кетті деген ойдасыз ба?

  2. ------ апай! «Сабыр түбі сары алтын» мақалының бүгінгі тақырыбымызға қатысы бар деп ойлайсыз ба?

  3. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші бірінші сөз кезегін өзіміздің класс жетекшімізге бергіміз келіп отыр.


© 2010-2022