Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Сыныбы: 4 «а» сыныбы

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық-түзетушілік: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз
Керекті құралдар: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.
Жылулық шеңбері: «Тілек шоғы» деп аталады. Бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Әр күнің қуанышқа толы болсын,
- Саған денсаулық тілеймін.
- Аспанымыз ашық болсын
- Ата - анаң аман болсын
- отанымыз көркейе берсін.
- Деніміз сау болсын.
- Балалар, қараңдаршы, сендердің тілектерің үлкен тілек шоқтарына айналды.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
1) Суретпен жұмыс.

- Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін (маман иесі).
Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.
Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.
2) Сұрақ - жауап.

- Әр бала өз әке - шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді.
- Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе?
- Нұрбол сенің әкең қайда істейді? - Жүргізуші
- Суреттен жүргізушіні көрсетеді.
- Ал, Сабинаның тәтесі қайда істейді екен? - Тігінші
- Тігінші не тігеді? - Көйлек
Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.
Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
- Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

-Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, - дегендей өмірден өз орнымызды тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең дәрігер, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Ал мамандық - еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.

Мамандық латын тілінен аударғанда анықталған іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

- Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

Мамандық

ЕТәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»ңбек қызметі

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»Ой еңбегі Дене еңбегі

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»

Ақын ұстаз дәрігер құрылысшы шахтер ұста

3) Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары.
1 - бала. Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
2 - бала. Отанның ұланын
Баулаған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.
3 - бала. Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.

4 - бала. Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.
4) Көрініс «Мамандықтар»
5)- Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал - мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Еңбек етпеген ішіп жемейді.
6) Балалар біз суретке қарап «Кім болам?» мамандығына суретке қарап әңгіме құрастырамыз.
7) Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын: «Мамандық құралын тап» Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын қарындашпен сызу арқылы табады.

8) Сергіту сәтін жасаймыз.
9) Ойын: «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

Қорытынды. Жұмбақ: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Кітабы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (мұғалім)

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.


Білуі керек: Мамандықтар туралы толық түсінік алуы, мамандықтың еңбек екендігін, еңбек ету арқылы халыққа пайда келетінін білуі керек.
Болуы керек: Мамандықты таңдай білуі, оған деген сүйіспеншілігі болуы керек.

Медеубаева Шұғыла Бағдатовна

тәрбиеші

© 2010-2022