Құстар - біздің досымыз тәрбие сағаты 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз» Мақсаты: 1.Білімділік: Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету. 2.Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру. 3. Тәрбиелік: Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу Білім саласы: қатынас. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кластер, үнтаспа, карточкалар, презентация. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік. l. "Шаттық шеңбер" Сылдыр-сылдыр шапалақ, Міне, менің қолым. Міне, менің жүрегім, Сені жақсы көремін.
Негізгі кезеңі. 1. Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? -Жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін "Орман патшалығына" саяхатқа барайық. Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі. Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар? (Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия) - Иә, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгінгі тақырыбымыз құстарға арналады. Онда бүгін біз сіздермен жұмбақтар, жаңа сөздер, қызықты ойындар ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз.
Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Мұғалім: Ал, енді балалар, бір сәтке көзімізді жұмайық. Балалар орман патшалығынан жүргендей елестетіп, отырады. (презентация) Слайдта берілген үй құстарымен балалар танысып шығады. Мұғалім: Балалар ендә орман патшалығынан өзіміздің сыныбымызға оралайық. Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Халық ежелден -ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілік шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян еткен. Халық өз орталырынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үішн, Отан үшін жанын қиятын батырларын - қыранға, елден асқан сұлуды - аққуға теңеген. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген. Аққу 30-40 жылдай өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киілі құс.
Оқушыларға құстар туралы қызықты мәліметтер видео арқылы көрсетіледі. Видео көрсетіліп болған соң, оқушылармен ой бөлісу.
Сергіту сәті. Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.
Жұмбақтар (презентация арқылы) Мысық құлақты, Бүркіт тұяқты. (үкі)
Тұмсығы қашау, кәсібі - ұя жасау, Ағашты қорғап, зиянкестерді асау. (тоқылдақ)
Қайталап атымды, Ән салып аламын. Кез келген ұяға, Жұмыртқа саламын. (көкек)
Биікке самғайды, Бірақ ізі қалмайды. (бүркіт)
Тал басында ағаш үй, Терезесіз тамаша үй. Соны мекен етеді, Қыста алысқа кетеді. (торғай)
Сөз жұмбақ
1










3






4



5











  1. Жылдың ең суық мезгілі?
  2. Көктемде ұшып келеді,
Қандай құс?
  1. Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
  1. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
  1. Бал жинайтын жәндік?
  2. Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.



Қорытынды. Оқушыларға тақтадан неге құстар біздің досымыз екені туралы плакатта берілген суреттер арқылы түсіндіріледі.
Құстар-біздің досымыз, Шырқап, әнге өосамыз. Құстар-біздің досымыз, Көктем айын тосамыз.
© 2010-2022