Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақ2-сынып Пәні: Әдебиет күні:8.04.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы

«Батырдың мінезі» Нығмет Ғабдуллин

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының Кеңес Одағының батыры Бауыржанның ерлігімен оқушылар танысады.Негізгі идеяларды суреттей отырып , өз бетімен әңгімелесуге түсе отырып, сөздік қорын дамытады.Отанын ,елін ,жерін сүюге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

Батырдың соғыста жасаған ерлігін біліп түсінік алады.

Соғыста ерлік жасаған батырлар рөліне кіре отырып әңгіме дебат жүргізеді.

Тіл байлығы,сөздік қоры дамиды.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Сұрақ -жауап,әңгімелесу, «Ұшақ ұшты» ойыны, ой қозғау,Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, бейне ролик арқылы алдын ала болжау,тез құрастыр,кубизм әдісі.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Инт. тақтада слайдтар, бейне ролик,Бауыржан мен Нығмет кескін партреті,ұшақтар қағаздан жасалған, Бауыржанның «Құлын мінген бала» мәтініне байланысты қима суреттер,бағалау парағы, постер,мақал мәтел жазылған,тығылған сөзді табуға арналған сілтемелер,ресурстар

Сабаққа пайдаланатын модульдер

Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері,Көшбасшылық,талантты және дарынды, АКТ,Сыни тұрғыдан ойлау,жас ерекшелік,оқыту мен оқуды бағалау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтастық атмасферасын орнату(5 мин)

Психологиялық сәт

Оқушылар парта үстіндегі қима қағазға жазылған мақалдармен топқа 5-топқа бөлу

Қара жорға биін билеу.

Оқушылар мақалдар жалғасын таба отырып өз тобын тауып керекті құралдарын түгелдейді.

Қызығушылығын ояту(15мин)

Үй тапсырмасы

Алтын ереже еске түсірілу және Үй тапсырмасын сұрауБағалау парағын тарату әр топ өз көшбасшысын сайлайды және сол оқушы басқа топ мүшелерін бағалап отырады.(х,0) Осы х-жауап берген оұушыға ал 0- жауап бермеген оқушыға қойылады.

Әр топ ортасында Түрлі қағаздан жасалған ұшақтар бар әр ұшақ қанатына жазылған сұрақтар жазылған

Міне Қажымұқан аталарыңның жасаған ұшақтары сияқты биікке самғады деп мадақтау

Слайдтан Батыр туралы мақал оқыту

Қазақтың батырларын сұрау

Оқушылар «Алтын ережені» оқып шығады үй тапсырмасына дайындық жасайды

Бағалау парағын алып әр топтағы оқушы аты -жөнін жазады.(х,0) Осы белгі не екенін түсіне отырып баға қояды

Әр топ оқушылары ұшақ қанатындағы үй тапсырмасына байланысты сұраққа жауап береді.Дұрыс жауап берген оқушылардың ұшақтарын ұшырады.

Қазақ батырларын айтады

Ой қозғау

Құлын мінген бала суреті слайдтан көрсету.Бұл кім ?Құлынға мініп кейін соғыста Ақ боз ат мінген командир кім? Постер құру

-Мен Имаштың баласымын(слайд)

Оқушылар «Құлын мінген бала» атты постер құрады. Сол постерді қорғайды.

Слайдтағы Бауыржан сөзі екенін айтады.Ол қай мәтінде айтылған айту.

Олай болса біз кім жайында айтып жатырмыз? Слайдтан Бауыржан суреті көрсетілу өмірімен таныстыру және Қай кездегі батыр айту.

«Тығылған сөз» ойынын ойнату арқылы бүгінгі өтілетін тақырып атын шығару.Қай батырдың мінезін айтамыз?Бауыржанның мінезі жайлы кім әңгімелейді?Соғыс қашан болды? Соғысқа кімдер барды? Неге барды?

В деңгейдегі оқушы оқиды және оның батыр атағын қайда алғанын айту.

Оқушылар Тығылған сөзді табады және ол тақырыпты айтады

«Батырдың мінезі»

А деңгейдегі оқушы Бауыржанға мінездеме береді.Соғыс қай жылдары болғанын айтады.Соғыс не үшін болғанын айтады.

Мағынаны тану(15 мин)

Бауыржан Момышұлы туралы кім

жазған? Нығмет Ғабдуллин өмірін таныстыру.

Оқушы инт .тақтадан оқиды.

«Бауыржан туралы» бейне ролик

Инт . тақтадан бейне ролик көрсету «Бауыржанның өз дауысы»

А,В,С, деңгейдегі оқушылар осы видиоға байланысты эссе жазу, оқып беру.

Сергіту сәті

«Шынықсын денеміз» слайд көрсетілу

Оқушылар қимылмен жаттығуды қайталау.

Оқулықпен жұмыс

Жұппен жұмыс

Оқулықтағы мәтінді оқып шығады.(іштей) Тапсырма Бауыржан мен Нығмет сөздері ресурс таратылу.

Оқушылар мәтінді оқып шығады. Ресурстарды өз бетімен оқиды.

Жұппен жұмыс: бір-бірімен диолог түрінде оқиды.

«Рафт» әдісі рөлдерде ойнау

Бауыржан мен Нығмет басына кескін портреттерін кигізу және ресурстарға сүйене рөлге ену

2 оқушы оқып рөлде ойнайды.

Нығмет және Бауыржан болып

Қорытынды(10 мин)

«Сен білесің бе?» бейне ролик көрсету

«Кубизм» әдісі арқылы өтілген тақырыпты қорыту

Әр топқа түскен сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Сабақ басында таратылған бағалау парағына оралу.Әр топтың көшбасшысы қойған бағаны сұрау.

Әр топтың көшбасшысы мүшелерінің атын атай отырып әр тапсырмаға қойылған (х.0) сандарын айтып бағасын айтады.Қате қойылған бағаларға сын айтылады.

Үйге тапсырма

«Батырдың мінезі» оқуБауыржан Момышұлы туралы мәлімет тауып келу, «Бауыржан соғыста» сурет салу.

Кері байланыс қағазын толтырады



© 2010-2022