Қазақ тілі Зат есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Зат есім туралы берілген білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту.

жаттығу жұмыстарын және тапсырмалар орындату арқылы пысықтау.

  • Білім-білік қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау,шығармашылық дағдыларын дамыту.

  • Сауатты, көркем, таза жазуға баулуда эстетикалық тәрбие беру.

Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс

Көрнекілігі: керуенді алып жүретін кісілердің қызметі Керуенбасы, Қолдай, Көріпкел, Түйекеш; Кірекеш; Жаушы жазылған жазулар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру . Амандасу, оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын ретке келтіру.

ІІ. Жаңа сабақ.

-ІV ғасырдан басталып ХV ғасырға жеткен Ұлы Жібек жолындағы дала кемесі түйелердің қаз қатар тіркесіп, үстіндегі ауыр жүктен белі қайысып, маң-маң басып келе жатыр. Құмды шөлді жерлерден қиналмай өтеді. Өйткені ол Ойсылқара. Шаруаға өте қолайлы, шөлге шыдамды. Жануарлардың барар жері өте алыс. Бір шеті Үндістан, екінші шеті Қытай. Ұзын-ырғасы 12 мың. шақырым жол жүретін дала кемесі атанған Ойсылқараның керуені, оның ерсілі қарсылы сапары Ұлы Жібек жолының бір көрінісі еді.

Түйе дала кемесі

Қандай ірі денесі

Мұрындығын қарашы

Құдды садақ жебесі.

Шаш (Ташкенттен) Қытайға сапар шегеміз. Ол үшін сынып оқушыларын топ керуенге бөліп, іштерінен Керуенбасы сайланады. Оларға мынадай тапсырма беріледі.

1.Зат есім дегенде көз алдарыңа не елестейді. Білгендерін жазады

Ережені қайталап айт:

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Зат есім сұрақтарын ата.

  3. Негізгі зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

  4. Туынды зат есім дегеніміз не?мысал келтір

Керуенбасылар өз керуендегілерін сынау үшін тапсырма береді.

Тест сұрақтары

  1. Зат есім дегеніміз не?

а) заттың аты ә) заттың түрі б) заттың қимылы

  1. Зат есімнің сұрақтарын көрсет.

а )қандай? қай? ә) қанша ?неше? б) кім?не?

  1. Туынды зат есімді көрсет.

а) аңшы ә) аңдар б) аң

  1. Зат есімді тап.

а) жоғары ә) ағаш б) ұзын

  1. Негізгі зат есім деп нені айтады?

а) түбір сөзге жұрнақ жалғанған сөз

ә) түбір сөзге жалғау жалғанған сөз

б) негізгі түбірден болған зат есім

  1. Жалқы зат есімді тап.

а) Сәуле ә) Кітап б) Ұста

  1. Зат есімнің көпше түрін тап

а) қарға ә) сауысқандар б) торғай

  1. Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді тап

а) орындар ә) орным б) орынға

  1. Жалпы есімді көрсет

а) Тау ә) Сырдария б) Балқаш

  1. Мақалды аяқта:

Елдің көркі-елімен,

Отан көркі-...

а) көлімен ә) бетімен б) жерімен

Керуенді жолай шапқыншылықтан қорғаушы -Қолдайдың тапсырмасы

І топ: Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу

ІІ топ: Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу

ІІІ топ: Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу

ІVтоп: Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу

Көріпкел жолды бастап, бағдарлаушы кісілер.

Бір зат есімнен бірнеше зат есім тауып жазу

«Екпінділер» сөзі (ер,ерлік, ел, піл, пікір)

Түйекеш- көліктерді жайып, күтіп бағатын адамдарды анықтауға мынадай тапсырма орындау керек.

«Суретті билет» сурет тарату ішінен жалпы зат есімді табу.

Керуендегілер жүріп келе жатып, сусын ретінде сабадан қымыз, шұбат ішкен. Ыдыстардың артына жазылған тапсырмаларды орындайық.

Туынды зат есім жаса

Ұш, біл, іл, сыз, жүз, өшір

Қымыз, шұбат, айран сөздеріне көптік жалғауын жалғап жаз.

Кірекеш тапсырмасы:

Өз өлкеңде кездесетін аңдар мен құстарды жаз.

Аңдар:

Құстар:

Керуенбасы әр мемлекеттің шекарасына жеткенде сол елдің әміршісіне арнаулы сыйлық беріп, қалаға кіруге рұқсат сұрау үшін Жаушы шаптырған.

Жаушының сыйлығының тапсырмасы:

домбырашы

балығым

алтын

жылқышы

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Жалқы зат есім

Тәуелдік жалғаулы зат есім

Қорыту: бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік, не біліп не үйрендік.

Оқушыларды бағалау, бекіту.

Үйге тапсырма: «Менің досым» шығарма жазып келу


© 2010-2022