Әдебиеттік оқу сабақтарында диалогты оқытуды тиімді қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АӘдебиеттік оқу сабақтарында диалогты оқытуды тиімді қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын дамытутырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы М.Сиранов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Молдағалиева Айжамал Айтжанқызы



Әдебиеттік оқу сабақтарында диалогты оқытуды тиімді қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту


Бүгінгі жаһандану дәстүрінде мұғалімдердің оқу үрдісінде заманауи технологияларды, жаңа әдіс- тәсілдерді оқытуда тиімді пайдалана отырып, жоғарғы жетістіктерге жету міндеттері жүктелген. Сондықтан бұл бағдарлама мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жаңа сапалы әдіспен арттыруға негізделген.Менің ойымша, бағдарламаның жеті модульді ықпалдастырып жүргізілген сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Біздің осы уақытқа дейінгі құрылып берілген дәстүрлі сабақта оқушы дайын мағлұмат алып отырады,ал дайын білім есте сақталмайтынына көз жеткіздім, оқушы есте сақталмаған білімді өмірде пайдалана алмайтыны айдан анық. Жеті модулді ықпалдастырылған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтып,толық жеткізеді,тапсырмаларды топтасып орындағанда жақсы нәтежелерге қол жеткізеді деген ой түйдім. Топтық жұмыс жасауда араларындағы сыйластықты,ұйымшылдықты,өзгенің ой-пікірін құрметтеуді,достық қарым-қатынасты нығайтады деп ойлаймын. Олай болса, әсіресе, диалогтік оқыту ең негізгі модульдердің бірі болып табылады және барлық модульды қамтиды деген ойға келдім.Диалог оқушының өз пікірі мен идеялары туралы пікір алысып,талқылай алатын әдіс. оқушы жаңа материалды меңгеруде қиындық кездессе,сұрағын мұғалімге еркін қоя алады.Осы жерде мұғалім оқушының сұрағына жауап береді.Бұдан келіп кері байланыс орнайды.Кейбір жағдайларда мұғалім сұрақ қояды,ал оқушылар жауап береді. Ұлы адамдар дәлелдемелеріне сүйенсек,олар былай деген : Выготскийдің оқу моделі оқушы диолог құру нәтежесінде білім алады деп жорамалдайды.Сондықтан,оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің орны ерекше «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін» анық айтып өткен.
Мен мамандығым бойынша бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Білім негізі осы бастауышта қалыптасатынын жақсы білеміз. Берілген білімді бала тереңірек меңгеру үшін жан-жақты ойлап, өз ойларын ашық әрі еркін жеткізе білулері керек. Алайда көпшілігі өз ойларын, сөйлеу дағдылары қалыптаспағандықтан ашық жеткізе білмейді. Ойлау қабілеттері төмен осы тұрғыдан оқушылармен жұмыс жасау мақсатында диалогтік оқыту мен үшін қарапайым, қол жетімді деп ұйғарып, өте маңызды әдіс ретінде санаймын.
Себебі, жоғарыда атап көрсеткендей білім негізі бастауышта қалыптасатын болғандақтан, оқушы жан-жақты, терең біліммен қарулану үшін «Мен» деген тұжырымы басым болғанда ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, яғни оқу сапасы артады. Оған апаратын тиімді жол - диалогтік оқыту. Ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғыза отырып, тыңдау, ой бөлісу, түрткі болу, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қасиеттерінің дамуына әсер етеді.
Александер(2008): «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» деген ойына толық келсемін. Себебі, мұғалім мен оқушыны және оқушы мен оқушы арасында өз пікірін нақты, жүйелі түрде білдіруге жол ашатын оқушыны ынталандырып, қызықтырады. Сабақтарымда бұл ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызды. Әр оқушының жауабы мұқият тыңдалып, әр топ берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, бір-біріне түрткі сала білуде. Сабақтарымда түрлі ойландыратын тұжырымдамаларды пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығын «Жигсо» әдісі арқылы арттырудамын.Әр топта берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмерлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді.Бұл есте сақтау,негізге алу, түсіндіруді арттырады,яғни жаңа ақпараттармен бөліседі. Рефлексия кезінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды,жаңа білімді реттейді өз пікірін дәлелдеп айтады.Үлгерімі төмен оқушының топтық талдау кезінде талқылауға белсене қатысатыны байқалды. Жасыратыны жоқ,кейде жақсы оқитын оқушыларға күрделірек сұрақ қойып,олардан тікелей ,жылдам жауап беруін талап ететінмін,ал үлгерімі төмен оқушыға жеңілдеу сұрақ қойып ойлануға мүмкіндік беретін кездеріміз болды. Оқушыларда бағалаудың мәні тек«сандық бағалар»алушылар деп ойлайтын. Ендігі жерде критериалды бағалау,оның ішінде оқыту үшін бағалаудың нәтежесінде оқушылар өзін-өзі және сыныптастардың бағалауын үйренеді.Сыныпта алғашқыда өзара бағалау,өзін-өзі бағалау кезінде бірін -бірі қайталаушылық,бір оқушы айтқан ұсыныс-тілекті келесі оқушыға айта салу сияқты жағдайлар орын алды, уақыт өте келе оқушылар шынайы бағалауды түсіне бастады. Менің ойымша, диалогті түрде топпен әңгіме -дүкен құру,сұхбаттасу,миға шабуыл логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Топпен жұмыс жасау арқылы тұйық оқушылардың тапсырманы талқылауға еркін араласа бастағанын аңғардым.Осындай жүйелі жұмыстар оқушылардың арасында кішкентай дарындылардың шығуына жол ашылады. Aлдaғы yaқыттa ocы бaғыттa мұғaлімдeр оқушылармен бірлece жұмыc aтқaрcaқ aлғa қoйғaн мaқcaтымызға жeтeміз дeп ceнeмін.



© 2010-2022