Сабақтың тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының елордасы (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Астана-Қазақстан Республикасының елордасы

Жалпы мақсаты: Оқушыларға Отан деген ұғымды түсіндіру: оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілгін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу

Оқу нәтижелері: Оқушылар Елордасы Астана туралы кеңінен мағлұмат алатын болады. Отан туралы мақал мәтелдер оқиды, оның мағынасын түсіндіреді. Астана қаласының басқа қалаға қарағанда ерекшеліктерімен танысатын болады

Түйінді идеялар:Оқытуды басқару және көшбасшылық Оқушылар 4 топқа бөлінеді. (Геометриялық фигуралар арқылы: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек) Блум таксономиясы Есте сақтау (білу) Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Астана туралы видеоролик көрсету.( 3 мин)

Түсіну Оқыту мен оқудағы тәсілдер.(15мин)

1-топ . Астана қаласы туралы.

2-топ: Астана қаласының ауа-райы

3-топ: Отан деген не?

4-топ: Әсем ғимараттар

Жаттығулар:

  1. Сергіту сәтін жасау (2 мин)

Мақсат: Оқушылардың ақыл-ой және дене белсенділігін арттыру

Аяқпенен топ топ топ

Алақанды соқ соқ соқ

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп

Басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

  1. Қолдану.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Картамен жұмыс. Картадан Есіл өзенін, Астана, Алматы, Атырау қалаларын табу, жер бедеріне көңіл бөлу. (8мин)
Парақшамен жұмыс. Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Қиын сұрақтарды жұппен шешеді.
  1. Талдау.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды. Оның ішінде топ басшысы уақытты белгілеп отырды. Түсініксіз болған жағдайда басқа топтан қосымша сұрақтар қойлады. (10мин)

Шығармашылық тапсырма «Менің Отаным-Қазақстан Республикасы» эссе жазу

  1. Бағалау.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Топ басшылары бағалау парақшаларымен өз топтарын бағлайды және өзге топтарға пікір айтады. (5 мин)

Бағалау парағының үлгісі

Оқушының

аты-жөні

Тапсырмалар

Ұпай саны

бағасы

Топтық тапсырма

Картамен жұмыс

Парақшамен жұмыс

Талдау

Шығармашылық тапсырма

1

2

3

4

5




15ұпай - «5», 10-14ұпай - «4», 9-5ұпай - «3». 4-1ұпай - «2»

Жинақтау (2 мин). Әр топ стикерге бүгінгі сабақ жөнінде өз рефлексиясын жазады жақсы қатысқан оқушылар марапатталады.

Ресурстар: Видеоролик, Қазақстан Республикасының физикалық картасы, мұғалімге нұсқаулық, үлестірмелі , бағалау парақшалары.

© 2010-2022