Воспитательный план. Презентация: Менің құқығым 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Бағыты: Құқықтық білім беру Күні 19.11.2015ж Сыныбы 2 «И» Тақырыбы: Менің құқығым Мақсаты:

Міндеттері:

Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге және салыстыруды меңгерту.

1.Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

2.Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Бағыты:

Қазақстандық патриоттық тәрбие беру, рухани адамгершілік және отбасы тәрбиесі. Күтілетін нәтиже:

Құқық сөзінің мағынасын түсінеді, қоғамдағы болып жатқан жағдайлар туралы өз ойларын ортаға салады, сыни тұрғыдан көзқарасы қалыптасады. Модульдері:

АКТ

Сын тұрғысынан ойлау

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс

Диалогтық оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • Бірлескен оқу Воспитательный план. Презентация: Менің құқығым 2 класс

  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

  • Ой қозғау;

  • Алынған ақпарат негізінде постер жасау

  • «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері

Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, плакаттар, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Жұмыстың барысы

Өтілу кезеңдері:

Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:

Модульдер көрінісі

Психоло-гиялық дайындық

Топқа бөліну

Шеңбер құру.

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
- сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
- кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
- кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын?

4 топтың алдына «Білім», «Денсаулық», «Еңбек», «Достық» сөздері жатады. Осы сөздерге қатысты ойларын сұрау.

Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»

Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

Н.Ә. Назарбаев.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.



Әр оқушы қағазға жазылған сөздерді таңдап

4 топқа бөлінеді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

АКТ



Білу

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабына «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу - заман талабы. Құқық саласында біздің тыныш-тығымызды құқық саласының органдары қорғайды.

Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында бірден бір әрбір адам өміріндегі маңызды құжатқа «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21-маусымда № 2347 қаулысын жариялаған. Елбасы «Заңды білу - заман талабы» екенін көрсетті. Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандық-тарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары жайлы құжат, яғни «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10- желтоқ-санда БҰҰ-ның шешімімен қабылданған.

Сын тұрғысынан ойлау;

АКТ

Түсіну

«Ертегілер еліне саяхат» --Енді, сендерге түсінікті болу үшін өздеріңе белгілі ерте-гілерді мысалға келтіре отырып,

осы құқықтарды қарастырайық.

  1. «Бауырсақ» ертегісі

/өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/.

2) «Ақыл мен байлық»

ертегісі /жеке бас бостандығына/.

3)«Сақина» ертегісі /сөз

бостандығына, еңбек етуге/.

4)«Ұр, тоқпақ» ертегісі

/дүние мүлкіне/.

Жеке, жұппен, топпен жұмыс

Сюжетті сурет бойынша оқушылар топта пікірлеседі, талдайды, есте сақтайды. Әр ертегінің мазмұнына сәйкес кейіпкерлердің қандай құқықтары болғанын анықтайды.

Сын тұрғысынан ойлау;

АКТ.

Қолдану

Жұптық және топтық жұмыс. Миға шабуыл:

«Сенің құқығың!» Оқушылар өз құқықтары туралы өз ойларын жинақтайды.

1. Бала дегеніміз кім? Оқушы білімді қайда алады?


2. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (Бала туған кезден)


3. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі)

«Ойлан, бірік, бөліс»

Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік:
1 - бап.
Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.
2 - бап.
Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.
6 - бап.
Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.
7- бап.
Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.
9 - бап.
Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы.
13 - бап.
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
14-бап.
Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостанды-ғына құқылы.
15-бап.
Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.
16-бап.
Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.
17-бап.
Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.
19-бап.
Баланы күш көрсету және психикалық тұрғыда озбырлық көрсетудің барлық түрінен қорғайды.
27 - бап.
Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.
28 - бап.
Баланың білім алу құқығын мойындайды.
32 - бап.
Баланың денсаулығына қауіп төндіретін, әлеу-меттік өсуіне нұқсан келтіретін кез- келген жұмысты жасамау құқығын мойындайды.
33 - бап.
Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинау-лар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрле-ріне жол бермейді.
31 - бап.
Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын- сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

Диалогтық оқыту;

АКТ

Талдау

Сәйкестендір: «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

1. Заңның құрығы ...

2. Өш алғаннан гөрі ...

3. Ақырын жүріп...

4. Асыл тастан ...
5. Тура биде ...

6. Ұрлық түбі ...

7. Жазасын тартпайтын ...
8. Әдепті бала ...
9. Тәрбие ...
10. Әділ істің ...

Топтық жұмыста оқушылар жұмыстарын постер жасап қорғайды.

1. (бәрінен ұзын)
2. (кешірген жөн)
3. (анық бас)
4. (өнер жастан)
5. (туған жоқ)
6. (қорлық)
7. (жамандық жоқ)
8. (арлы бала)
9. (отбасынан басталады)
10. (арты игі)

Сын тұрғысынан ойлау;

Диалогты оқыту,

Жинақтау

Жағдаяттан шығып көр.

Мәтін беріледі.

1.Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып

тастады.

-Ерасылдың қандай

құқығы бұзылды?

2.Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.

-Асқардың қандай құқығы

бұзылды,-деп ойлайсыңдар?

3.Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашар-лау оқитын. Бір күні екеуі ренжі-сіп қалды. Әсел Айжанды екілік-сің деп, ­ келеке етті.

-Айжанның қандай

құқығы бұзылды?

Балалар, жағдаят барысында қан-дай мәселені қозғадық?

Топпен жұмыс.

Сын тұрғысынан ойлау;

Диалогты оқыту;

Кері байланыс

Үй тапсырма- сы:

Екі жұлдыз, бір тілек Воспитательный план. Презентация: Менің құқығым 2 класс

Тақырыпқа байланысты «Менің құқығым» тақырыбына суреттер топтамасын жинақтау.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өздеріне ұнаған іс-әрекеттері туралы ойларын және ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.






© 2010-2022