Сабақ жоспары. Жалқы және жалпы есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Қазақ тілі

Сынып 2


Тақырыбы:

Жалқы есім және жалпы есім


Мақсаты

Міндеттері

Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Жалқы және жалпы есім туралы түсінік ала отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба біледі..
Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамиды.
Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиеленеді.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті,

әдіс -тәсілдер

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

/3 мин/

Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
Болып кетер сонда дереу жан - жағым,.

Оқушылар жаттығуды жасайды.

Білу және түсіну

/7мин/

331-жаттығу.Зат есімнің ережесін қайталату. Мысалдар келтіру.

Оқушылар үй тапсырмасын бекітеді.

Сумативті

Қолдану, талдау

/27мин/

Қызығушылығын ояту:

Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір - бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.

«Ой шақыру»

-1 топ: зат атауларын атату.

2 топ: адам және жануарлар аттарын атату.

3 топ: қала, жер-су аттарын атату.

Оқулықпен жұмыс

333 - жаттығу
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.(суреттер көрсетіледі ) Алма(қыз), алма (жеміс) Раушан (қыз,) раушан (гүл)
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар?

334 - жаттығу. Берілген жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер аттарын теріп жаз.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.
Ережеге зер салайық!(ережені балаларға оқыту, түсіндіру, сөздерді талдау )

УІ. Ойын «кім зерек?» Тақтамен жұмыс
Терме диктанты

Үйрек, мысық, жауды, ақ, сары, Жайық, қозы, Айман, Сара, сұлу, үрді, қазақ, қоңыр, Ақтөс, отыз, екі, Құлагер, Іле, төкті, оқыды, Байқоңыр.

Сергіту сәті:

Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез...

Семантикалық картамен жұмыс

( топтық )
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді, ана, бес, сұлу, алма, қырық
отыр, жүз, көл, оқыды, биік

Топтық жұмыс:

1 топ: Сырым

2топ: Тайбурыл

3 топ: Ертіс

Тақтамен жұмыс:

336 жаттығу.

Оқушылар жауап береді.



Оқушылар өздері ереже шығарады.

Ауызша. Ойларын ортаға салады.

Оқушылар жаңылтпашты жаттап, тапсырманы талдайды.

Оқушылар тақтадан зат есімдерді теріп жазады.

Сергіту сәтін жасайды.

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Сөйлем құрайды.

Тақтамен жұмыс жасайды.

Шапалақ арқылы формативті бағалау

Өзара критериалды бағалау


дәптер

дәптер


мысал

Жинақтау,

Бағалау

/6 мин/

Серпілген сауал:

Доп лақтырып, сұраққа жауап алады.

Оқушылар ойнайды.

Белсенділігі, шапшаңдығы

Формативті бағалау

Бағалау

/2мин/

Бағалау. (Марапаттау, тәттілер үлестіру арқылы)

Үй тапсырмасы

/1мин/

337 жаттығу.

Көше туралы шағын әңгіме..


Абдраханова Л.Ш. Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы №1ЖОБММ бастауыш сынып мұғалімі


© 2010-2022