Бір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал Сатханқызы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал СатханқызыБөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бір уыс мақта

Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринмен таныстыру. Автордың әңгімелерімен таныстыру. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ы.Алтынсариннің портреті,Әңгіме мазмұнына салынған суреттер.

Сөздік жұмыс: Педагог, немере қызы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!....

Қайырлы күн, аспан!

Қайырлы күн, барлық жақсылық өзімізге!

2. Қызығушылықты ояту.

Өрнектерді шешу арқылы жаңа сөздерді шығару.

1+1= 2 (ә)

2+1= 3 (ң)

3+1=4 (г)

4+1=5 (і)

5+1=6 (м)

6+1=7 (е)

7+1=8 (л)

8+1=9 (е)

9+1=10 (р)

3. Кіріспе

Бір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобыЫбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Балаларға арналған көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған жазушы.

Әңгімелері

Қарға мен құрт; Сауысқанмен қарға;

Өрмеші, құмырсқа, қарлығаш;

Асыл шөп;

Бақша ағаштары; Мейірімді бала;

Түлкі мен ешкі. т. б.

Жаңа сабақ

«Бір уыс мақта»

Сөздік жұмыс

Бір - сан

Уыс - екі алақанды қосқандағы өлшем

Мақта - өсімдік

Мақта

Бір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобы

Топтастыру

Мақта

Мал азығы

Отын

Мата

Жіп

Діәрілік мақта

Әңгімені мәнерлеп оқып беру

Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, - деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

- Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, - деп.

Шешесi: - Балам, сол да жерде қалмайды, - дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:

- Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? - деп сұрады. Әжесi айтты:

- Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, - дедi.

Сұрақ қою:

- Әңгіме не туралы?

- Қыз бала не істейді?

- Торғайдың іс - әрекеті қандай болды?

- Әңгіме немен аяқталады?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Орнымызды табайық.

Сөздік жұмыс

Шапан - астарына жүннен мақта салып, сырып тігілетін бас киім.

Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.

Мамық - құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Бір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобыБір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобы

Дидактикалық ойын:

«Кім тапқыр»

Ойынның шарты: өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.

Торғай, торғай, торғайсың

Ұшып, қонып қорғайсың.

Сен өзің қандайсың?

Қарғаға да ұқсамайсың

Өзің кіші торғайсың,

Түсің қоңыр торғайсың,

Ұяңа мамық тасып ап,

Өзің сондай торғайсың.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

А) Бір уыс мақта әңгімесін айтқызу

Ә) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе қорытындылау




© 2010-2022