Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты:Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу;оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту

Күтілетін нәтиже:сөйлем түрлерін ажырата біледі,берілген тапсырмаларға өз ойын негіздейді,ақпаратты есте сақтап талдайды,өз ойын тұжырымдайды,өзін және өзгені бағалайды

Сабақтың түрі:топпен жұмыс

Сабақтың типі:қайталау сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап, топпен жұмыс,көрініс

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,тірек ссызба,ребус,жұмбақ,көрініс

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

3-топқа бөлу

Психологиялық дайындық

Қазақ тілі бал тілім

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармын

Тіліме кім тағар мін деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Балалар бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақ аз отырып көп сынайды деген қазақтың мақалы бар.

Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.

Қызығушылықты ояту.

«Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді »дегендей Құпия сөзді табу арқылы өткен тақырыптарды бастаймыз.

Жалаң жайылма сөйлем.

Дәптермен жұмыс.Көркем жазу.

Дәтерімізді ашамыз

Жалқаулықтан қашамыз

Қолға қалам аламыз

Әдемілеп жазамыз.

Оқулықпен жұмыс«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Тақтамен жұмыс 115- жаттығу.Сын есім қосып,жайылма сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс.Ауызша.Ребус шешу.Ребус шешеді,жай сөйлем түріне талдайды.

118-жаттығу.Сөйлем мүшесіне талдай отырып,қай себетке салуға болады?1-себетке салу үшін сөйлемдер қандай өзгеріске түседі?Оқушылар өз ойын дәлелдейді.

«Кімнің ойы жүйрік»

Жұмбақ жасыру.

Өзім сөзден тұрамын.

Біткен ойды құрамын.(Сөйлем)

Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткізем. (Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады

Жауап сөз қалап тұрады.(Сұраулы сөйлем)

Ұранды шаттықты.

Өкініш,аптықты.

Білдіріп ойын талайдың.

Шарға ине қадаймын.(Лепті сөйлем)

Сабақты қорыту

Аймақ құру.Тірек сызба

Сөйлем түрлері

Көрініс:

Нүкен

Ей,кішкентай ғана нүкте!

Сенің керегің жоқ ау түкке.

Керек болсаң айта қойшы.

Сырыңды менен бүкпе.

Нүкте.

Мен сөйлемнің соңында тұрам.

Сөйлемдердің жігін ажыратып.

Кідіріс белгісі орнында тұрам.

Тиянақты ойды біткенін білдірем.

Сөйлем соңына таман.

Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем.

Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын.

Сұраған .

Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың.

Осы саған не керек?

Сұрақ белгісі

Киноға барасың ба?

Газет аласың ба?

Деген секілді сөйлемдерді

Кейде оқушы сен секілді

Тыныс белгі қоймай кетеді,

Өзің айтшы білсең,

Осылардың соңында.

Ілебай.

Қандай белгі келеді?

Осы сен неге айғайлай бересің!

Сөйлемде қандай мағына бересің?

Жөн жосығыңды түсіндірші,

Жазуға қандай жерге келесің!

Леп белгісі.

Мен ылғи айғайлай бермеймін,

Қуана да,күле де білемін.

Кейде өкініп,ренжісем де,

Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма.Өткенді қайталау.117-жаттығу.



© 2010-2022