Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы.
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 2 класс
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыру. Өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру. Ізденімпаздыққа үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері: Ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Ақпаратты құрал: Интерактивті тақта.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, суреттер, кеспе қағаздар, семантикалық карта, тест.

Оқыту формасы: топтық, жеке.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

Бұл неге ұқсайды? (төртбұрыш, терезе, кітап, т.б)

Осыны табиғатқа айналдырайық.

слайд. (табиғат көрінісі)

II. Психологиялық дайындық.

Қоршаған орта табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю, қорғау - парасат,

Білейік оны - жамағат.

III. Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалім: - Үйге қандай тапсырма берілді?

О: - Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы. Шығармашылық жұмыс.

М: - Жануарлардың қандай тобы бар? (атау)

слайд. (тірек - сызба)

«Топтастыру ассоциациясы»

Қосмекенділер құстар балықтар

Жануарлар бунақденелілер

Сүтқоректілер жорғалаушылар

М: (үй тапсырмасын2 оқушыдан сұрау)

Шығармашылық жұмыстарын тексеру. Үй жануарларының суретімен бағалау.

Кеспе қағазбен жұмыс.

№1

Жануарлар қалай көбейеді?

Сүтқоректілер дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

№2

Жануарлар қай мезгілде

көбейеді?

Құстар, балықтар қалай

көбейеді?

М: - Оқушыларды суреттермен бағалау.

М: - Сендерге ата-аналарың қамқорлық жасайма?

«Сәйкестендір» тренингі.

IV. Үй тапсырмасын қорыту.

М: Жануарлар - табиғат перзенті, оларда артына ұрпақ қалдырады. Біздер қолымыздан келгенше оларға қамқорлық жасауымыз керек.

V. Қызығушылықты ояту.

М: Суретті жұмбақ. «Қайырымдылық»

Қайық ʼ ʼАраʼ Ы Мақта ʼʼʼʼ Допʼʼ Ы ʼʼБалық

М: - Қайырымдылық дегенді қалай түсінеміз? ( пікір алысу). Қайырымдылық - көмектесу, жәрдемдесу, қамқорлық деген мағынаны білдіреді.

VI. Мағынаны тану.

М: - Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақыры:

Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы.

слайд. (түлкі суреті).

М: - Түлкі немен қоректенеді? (тышқан, қоян)

Сонда түлкі қоянға дос па, әлде жау ма? (жау)

Бірақ түлкінің де қайырымды болатын кезі бар екен. Соны оқып көрейік.

1 оқушы оқиды.

Аңшының тұзағына не түсті?

Аңшы нені көрді?

Аңшы не істеді?

Қоянды не босатты?

Сонда түлкі қоянға не істеді? (қайырымдылық көрсетті)

слайд. (түлкінің қоянды босатуы).

слайд. (арқар, суыр, шақшақай).

М: Арқар - өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды биік алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі.

2 оқушы. ( суыр, арқар, шақшақай туралы оқиды).

Арқар қайда тіршілік етеді?

Арқар тынығу үшін қайда келеді?

Суырдың ініне, жақын жерге қандай құс ұя салады?

Неге?

3 оқшы. (арқар, суыр, шақшақайдың достығы туралы оқу)

Қауіпті жағдай сезілсе, шақшақай не істейді?

Суыр ше?

слайд. (тақырыптық сурет)

М: Бір-біріне сенетін үш дос, осылайша тіршілік етіп, жауларынан қорғанады.

VII. Сергіту сәті.

Бұғының үлкен ұясы бар,

Терезеден қарайды.

Қоян жүгіріп келеді,

Бұғының үйін көреді:

«Тук-тук, досым, есік аш,

Қашып келем аңшыдан».

Қоян, қоян келе ғой,

Қолыңды маған бере ғой.

Жануарлар арасындағы өзара қайырымдылық қатынасқа мысалдар келтіру.

слайд. (арыстан мен қозы) (әңгімелеу)

Адам мен жануар арасындағы әр түрлі қарым-қатынасқа мысалдар келтіру.

слайд.

ит

адам

жылқы

(оқушылардың ойын тыңдау).

IX. Ой толғаныс.

Тест.

Түлкі кімді көрді?

а) қоянды ә) аңшыны б) тұзақты

2. Арқар қайда демалуға келеді?
а) тауға ә) іннің маңына б) судың маңына

3. Үш дос жануарды тап:

а) түлкі ә) шақшақай б) арқар

арқар суыр суыр

суыр қоян шақшақай

Арқар жауының келе жатқанын не арқылы біледі?

а) дыбыс ә) жел б) ауа-райы

5. Шақшақай нені қорек етеді?

а) балық ә) бақа б) қоңыз

«5» - 7 дұрыс «5» - 5

«4» - 5-6 дұрыс «4» - 4

«3» - 3-4 дұрыс. «3» - 3.

«Сәйкестендір» тренингі

Көбелек лақ

Балық марғау

Елік құралай

Мысық жұмыртқа

Қасқыр уылдырық

Киік күшік

Түлкі бөлтірік

X. Бағалау.

а) Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

б) Мұғалімнің бағалауы.

XI. Үйге тапсырма.

Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы. Адам мысық (қарым-қатынас туралы дәптерге жазып келу).


© 2010-2022