Дүниетану 2-сынып. Тақырыбы: Жарық - жануарларға қажетті жағдай

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жарық - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.
Мақсаты:
а) Білімділік: Жарық - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай екенін түсіндіру.
ә) Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатты, жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар жайлы айта отырып, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі. Жануарлар туралы түрлі түсті суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Жылу - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Тақырыпты оқыту.
Мазмұнын айту.
ІІІ. Өткенді пысықтау. Жануарлар тіршілігіне не қажет екен?
ІV. Мақсат қою кезеңі: Жарық - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.

V. Жаңа сабақ.
а/ жарық - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай екенін түсіндіру
Көп аңдар жемін күндіз де, түнде де аулайды. Мысалы жапалақ жемін түнде ғана аулайды. Жапалақтың бақырайып тұратын үлкен көзі қараңғы түндегі әлсіз жарықтың өзін де жақсы көреді....
ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу

VІ. Білімдерін тексеру:

- Жарық жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай екенін дәлелде.

- Жануарлар не үшін ұйқыға жатады?

Сергіту сәті.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Тест
1. Жапалақ жемін қашан аулайды?
а) күндіз ә) түнде б) түсте
2. Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?
а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен
ә) көзімен б) аяғымен
3. Жануарлар тіршілігіне не қажет?
А) ауа, су, жарық, жылу, қорек ә) үй б) темір
4. Топырақта ауа бола ма?
А) болады ә) болмайды б) мүлдем болмайды
5. Жануарларға жарық керек пе?
А) ия ә) жоқ б) керек емес

VІІІ. Үйге тапсырма: Жарық - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.
ІХ. Бағалау.

© 2010-2022