Сынып сағаты Темір жол-қауіпті аймақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Теміржол - қауіпті аймақ»

Мақсаты: 1.Жолда жүру ережелерімен,жол белгілерімен таныстыру.

Теміржол -қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру.

2.Жол ережесі,жол белгілері туралы білік-дағдыларын дамыту.

3.Жолда жүру ережесін есте сақтау, жолда жүру

мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері,бағдаршам, теміржол суреттері

Жүрісі: І Ұйымдастыру

ІІ Теміржол - қауіпті аймақ.

Теміржол аймақтары қауіпті аймақ болып саналады. Ондай жерлермен жүргенде жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керек. Жаяу жүргіншілер,көлік жүргізушілері де теміржол жолдарын поезға жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өте алады. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргінші жол белгілерінің,бағдаршамның, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алуға жақындап қалған поездың жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті.

Мынадай жағдайларда өтпелерден өтуге тыйым салынады:

  • Шлагбаум жабық тұрғанда және жабыла бастағанда,

  • Бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде

  • Өтпе бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде

  • Теміржол жолдарын теміржол өтпелерінен тыс жерлерден өтуге

  • Шлагбаумды өздігінен ашуға

ІІІ «Бағдаршам құрайық» ойыны

Ойынның шарты : үш түсті белгіні алғаннан кейін ойыншылар

ретімен тұру керек.

ІV Жұмбақтар шешейік.

  • Бір көзім кідір дейді

Бір көзім жүгір дейді

Бір көзім абайла дейді

Қарап ал маңайға дейді.

( бағдаршам)

-Көліктің қаншасын жанынан өткізген

Іргеден басталып , алысқа жеткізген.

(жол)

V Қорытынды

-Теміржол аймақтарынан өткенде қандай ережелерді есте сақтау керек?



© 2010-2022