Әліппе сабақ жоспары 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпӘліппе сабақ жоспары 1-сыныпСабақтың тақырыбы: «И» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Өтілген тақырыптар, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру. И дыбыс таңбасымен таныстырып, И дыбысына сөздер, сөйлемдер ойлау « Әжесі мен немересі» мәтінің меңгерту барысында үлкендерге құрмет көрсетуге үйрету, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сөздер, сурет.

Техникалық құрал: интер тақта, компьютер, диск.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен: Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, сабақ барысын хабарлау.

  • Бүгінігі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталай отырып жаңа дыбыс және әріппен танысамыз.

Жаңа сабақ. - Бүгін и дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Бәріміз тақтаға назарымызды аударайық. Дискімен жұмыс.

  • и дыбысынан келетін бір, екі, үш буынды сөздер айтқызу, сөйлем құрау.

І. Жұмбақ шешейік: Кигізіп ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіне (ине)

Ине, и әрпін көрссетемін. Хормен қайталайды:

И, ине, ки, жи, тиын, ине, Әжесі мен немересі. Инештің әжесі бар.

Дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі:

Дина, Дариға, Имаш

Көркем жазу. И әрпін жазып көрсету.

Ии Нариман Сағила

Сергіту сәті:

Әжесі мен немересі сюжетті суретпен жұмыс істеу

Мәнерлеп оқу «Әжесі мен немересі»

Оқушыларды үлкендерді құрметтеуге тірбиелеу.

Сурет бойынша төмендегі сөздерді пайдаланып, әңгіме құру.

Сызбасын салу. Мысалы: Бауыржан бөрік киді.

Сөзден не құралады?

Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Адамдардың аты қалай жазылады? И әрпі бар қандай адамдардың атын білесіңдер?

Дидактикалық ойын: Артық сөзді тап:

Арман, Иса, Имаш

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VI. Жаңа сабақты бекіту.

Балалар бүгінгі біздің танысқан әріпіміз қандай?

  • и

Дәптермен жұмыс.

VII. Қорытынды.

VIII. Сабақты бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

IX. Үйге тапсырма

И дыбысынан келетін сөздер, сөздерге сөйлем құрау.

Сабақтың тақырыбы: «И» дыбысы мен әрпін бекіту

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен тақырыпты жалғастыру, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталау. И дыбысына сөздер, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сөздер, сурет.

Техникалық құрал: интер тақта, компьютер, диск.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен: Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, сабақ барысын хабарлау.

  • Бүгінігі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталау

Инелік, шыбын, маса

Дыбыстық талдау жасап, бөліп, осы сөздердің айырмашылығы мен ұқсастығын айтқызу.

Көркем жазу.

И, инелік, маса, шыбын

Мәтінмен жұмыс «Инелік» оқу, үтірдің қойылу себебін түсіндіру.

Сергіту сәті: Көз жаттығу

Тақтадағы сызба бойынша жұмыс

Инеліктер масалар

Жәндіктер соналар

Көбелектер аралар

Сөздердіңқосымша буындармен өзгеруіне көңіл бөлу.

Сөздік диктант: Бөлме, бор,жеміс, бөрік

Суреттер бойынша әңгіме құру.

Тиін ағашта отыр. Киік далада болады. Сиыр шөп жейді. Ит үреді.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VII. Қорытынды. Әрпіңді тап. Ойыны.

VIII. Сабақты бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

IX. Үйге тапсырма

80-бет оқу


Сабақтың тақырыбы: «Й» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Өтілген тақырыптар, дыбыс түрлерін, буын, сөз, сөйлемдерді қайталай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру. Й дыбыс таңбасымен таныстырып, Й дыбысына сөздер, сөйлемдер ойлау « Айдар мен Айдос» мәтінің меңгерту барысында адал дос болуға үйрету, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске баулу.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сөздер, сурет.

Техникалық құрал: интер тақта, компьютер, диск.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен: Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, сабақ барысын хабарлау.

  • Бүгінігі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталай отырып жаңа дыбыс және әріппен танысамыз.

Жаңа сабақ. - Бүгін и дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Бәріміз тақтаға назарымызды аударайық. Дискімен жұмыс.

  • й дыбысынан келетін бір, екі, үш буынды сөздер айтқызу, сөйлем құрау.

І. Жұмбақ шешейік: Айда бар,

Көлде жоқ.

Сайда бар,

Шөлде жоқ. Й

Хормен қайталайды:

Й Ай, тай, шай, бай, лай, той. Қой

Дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі:

Айдар, Айдос

Көркем жазу. й әрпін жазып көрсету.

Й Айдар Айдос

Сергіту сәті:

Балықшылар сюжетті суретпен жұмыс істеу

Мәнерлеп оқу «Айдар мен Айдос»

Оқушыларды адал дос болуға тәрбиелеу.

Сурет бойынша төмендегі сөздерді пайдаланып, әңгіме құру.

Сызбасын салу. Мысалы: Алтынай шай ішті.

Сөзден не құралады?

Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Адамдардың аты қалай жазылады? й әрпі бар қандай адамдардың атын білесіңдер?

Дидактикалық ойын: Кім тез? Айша, Айбек, Айдос, Айман т,с.с.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұндау.

VI. Жаңа сабақты бекіту.

Балалар бүгінгі біздің танысқан әріпіміз қандай?

  • й

Дәптермен жұмыс.

VII. Қорытынды.

VIII. Сабақты бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйркту, сөздік қорын, тілін дамыту, Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, көгершін, гүл, әртүрлі суреттер, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткенде қай дыбыспен таныстық?

- Й й дыбысы мен әрпі.

-қандай дыбыс?

-Жіңішке дауысты дыбыс.

Ережені еске түсіру.

Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).

«Шебер қолды әжей» мәтінің тізбектеп оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу.

1. Жетіден кейін сан.

2. Түнде ұшатын құс.

3. Ешкінің төлі.с е г і з

ү к і

л а қ

-Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс стіліп тұр?

-г г дыбысы.

-Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту)

-Г-г-г

-Айтылуына қарай қандай дыбыс?

Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.

Баспа ,жазба түрімен таныстыру.

Баспа түрімен қайда жазылады?

Жазба түрімен қайда жазылады?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.

2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.

Гүл - 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.

-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?

-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.

Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.

1. «Ай мен әтеш» мәтінің мәнерлеп оқу.

2. Тізбектей оқу.

3. Шығарманың қай түріне жататынын айту.

Ү. Сергіту сәті.

Жел улейді:у-у

Құйын келіп билейді:зу-зу

Қатты-қатты жел соқты:гу-гу

Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету.

2. тақтада жазу.

3. Ауада жазу.

4. Көзді жұмып жазу.

5. Дәптерге түсіру.

Сергіту сәті. «Гүл өсірем үйде».

Гүл өсірем үйде

Су құямын күнде.

Гүл күткенді біледі

Бойын сылап күледі.

Күнде гүлін ашады,

Жұпарын маған шашады.

«Ер қанаты-ат»тақырыбындағытірек суреттерді пайдаланып, оқушыларды әңгімеге, сөйлем құрауға тарту.

ҮІІ. Тірек- сызба бойынша сөз ойлап айту.

1-топ 2-топ 3-топ

Бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын табып, сөздерді айту.

Қорытындылау.

Аналарды сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

Г қандай дыбыс?

Үйге тапсырма. Г дыбысы мен әрпін оқу. Жазу. «Ай мен әтеш» мәтінін түсініп оқу.

Бағалау. Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын түсіндіріп, бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы: З з дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды З з дыбысы мен әрпімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәнерін, оқу жылдамдықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Жан-жануарларды қамқорлыққа алып, үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: жұлдызшалар, кеспе әріптер, аңдар, карточкалар, масаның суреті, сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы: I-Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Бір-біріне тілек айтады. Мына өлеңді барлығы бірге жатқа айтады.

Мектеп -кеме,

Білім-теңіз. Барар жерге ,

Тез жетерміз.

II-Өткен сабақ:

Әріптерді аударып партаға тастаймын. Өздері алып сол әріпке байланысты сөздер айтады. А-ата, Г-гүл. т.с.с.Г әрпіне байланысты тақпақ айтады. Гүл сөзіне буындық талдау жасайды.. Гүл суретіне сөйлем құрайды. «Бидай» мәтінін оқытамын .Буындарды бағанға бөліп оқытамын.

Сергіту сәті: Көжегім тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы,

Тамағыңды ішші

Сабағыңа баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды жазшы.

III-Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бастау мақсатында .Әңгіме оқып беремін. « Маса»

Асылбек сурет салып отыр еді. Желдеткіштен маса ұшып кірді. Маса бөлме ішінде ызыңдап ұшып жүрді. Ол Асылбектің қолына қонып, шағып алды. Асылбек қолын шапалақпен шарт еткізіп еді, бірақ маса ұшып кетті. Балалар маса қандай дыбыс шығарады? Ыз деп жауап береді. Сол кезде Зз дыбысын көрсетемін. Ол дауыссыз дыбыс .Дыбысты мынадай үлгімен жаттығып қайталаймыз.

Зу-зу-зу- жазу

Зы-зы -зы-қозы

Зе-зе-зе-Зере

За-за-за-ауа қандай таза

Аз-аз-аз-келді міне қаз

Ыз-ыз-ыз-Аяжан жақсы қыз .

Оқулықпен жұмыс:

90-беттегі буындарды өзім оқып,соңынан оқушыларға хормен айтқыздым. «Ауыл маңында» өлеңін оқып бердім.

Ауыл маңы саз, саз саз.

Жайылады қаз, қаз, қаз.

Жем шашшаң, мәз, мәз, мәз.

Тоймай қалса қаз,қаз,қаз.

Шашқан дәнің аз, аз, аз.

М. Әлімбаев.

Оқушылармен бірнеше рет қайталадық

Сұрақ-жауап алдым.

- Қаз қандай жерде жайылады?

-Қай кезде олар мәз болады?

Ойын: « Зообаққа саяхат» Аңдардың әр-қайсысында сұрақтар болады. Сол сұрақтарға жауап берулері қажет. Мысалы:

Г-қандай дыбыс?

Дауысты дыбыстарды ата.

Дауыссыз дыбыстарды ата,біреуін тақтаға жаз.

Шеге сөзінде неше буын бар?

Қазан сөзін тақтаға жаз

Зз дыбысы қандай дыбыс?

Көзілдірік сөзін буынға бөл.

Дәптер мен жұмыс: Зз әрпін тақтаға жаздым. Барлығымыз ауаға жаздық.. Дәптерге таза, сауатты жазуларын қадағалап отырдым.

Тақтамен жұмыс:

Қазан, қаз, саз, аз, жаз, арзан, сазан, көз сөздерін бір-бірден тақтаға шығып жазды.

Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыттым.

- Бүгін қандай дыбыс өттік?

-Қандай сөздерде кездеседі?

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға жұлдызша таратылып , мадақтадақталды.

Тақырыбы: «Ү» дыбысы және әрпі

Мақсаты: 1. Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа

байланысты сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту.

2. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, схема.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы

Ұйымдастыру Армысың асыл күн!

кезеңі: Армысың асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Мінекей менің қолым!

Кіріспе Балалар, бүгін біздің сабағымызға көптеген апайлар мен ата -

әңгіме: аналар жиналып қалыпты, біз қалай сабақ оқитынымызды

көрсетейік, олай болса балалар жыл мезгілдеріне саяхат жасайық.

1. Жыл мезгілдеріне - Неше жыл мезгілі бар? (4)

байланысты - Жыл мезгілдерін ата? (күз, қыс, көктем, жаз)

сұрақтар: - Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)

- Қыста неше ай бар? (3 ай)

- Қыс айларын ата? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

- Қыстың айырмашылығы неде?

- Жақсы балалар олай болса бізге бүгін үкі қонаққа келіпті.

2. Жаңа Балалар, бізге бүгін үкі қонаққа келіпті. Ол бізге көптеген

сабақ: тапсырмалар ала келіпті. (үкінің суретін көрсету)

  1. Үкі туралы не білеміз?

  2. Балалар, үкі деген сөздеің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар «Ү» деп жауап береді)

  3. Ендеше, бүгін «Ү» деген әріппен танысамыз. (баспа және жазба түрін көрсету)

  4. Балалар, үкі сендерге арнап сөзжұмбақ әзірлеп алып келіпті, соны шешіп көрелік.

  5. Балалар, сөзжұмбақты шешу үшін сендерге жұмбақтар жасырылады.

3. Жұмбақтар: 1. Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды.

(күн)

2. Түнде күлімдейді,

Суда дірілдейді.

(ай)

3. Гүлге қонады,

Гүлдің қонағы.

Үйіне кірсең,

Бөшкелері балға толады.

(ара)

4. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(түйе)

5. Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

(кірпі)

4. Сергіту Көжектерім тұршы,

сәті: Қолыңды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бойыңды жазшы,

Айналаңа қарашы.

Аяғыңды басшы,

Орыныңды тапшы.

2 - 3 рет қайталату.

- Жақсы, балалар, енді үкінің алып келген хатын ашып

көрелік, ол бізге не алып келді екен.

5. Сөздерді оқу, Үй

буынға бөлу: Ү - кі

Үй - рек

Кү - рек

Түл - кі

Кү - шік

6. Жазбаша - Енді, балалар, орынымызға дұрыстап жайғасып, «Ү»

жұмыс: дыбысының әріптік таңбасын жазып үйренейік. «Ү» дыбысын

әріптік таңбасын дәптерімізге жазбас бұрын, ауада жазып

үйренейік.

Қорытынды: Балалар, сендер үкінің алып келген тапсырмаларын өте

жақсы орындадыңдар, сол үшін үкінің де сендерге алып келген

сыйлықтары бар екен, соны қабыл алыңдар.

  1. Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

  2. Сау болыңыздар!


Сабақтың тақырыбы: Пп дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: П дыбысы және П әрпінің баспа түрімен таныстыру. П дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, әрі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. П дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді үйрету мақсатында сөйлем құрастыра білуді үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. П әрпінің баспа түрін жазуды үйрете отырып, қол жаттықтыру жұмысын жүргізу. Сабаққа қызығушылығын арттыру көзделді. Ой ұшқырлығын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік ойын.
Пайдаланылатын көрнекі-құралдар: кеспе әріптер, текшелер, сөздік ойын, ойыншықтар, суреттер, «Бәйтерек» суреті, санағыш таяқшалары.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (амандасу).

  • Балалар, қазір бізде «Сауат ашу» сабағы.
  • Сендер маған мынандай сұрақтарға жауап бересіңдер ме?
  1. Біз қай Республикада тұрамыз?
  2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  3. Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?
  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын білеміз бе? (хормен айтқызу).
  • Балалар, жақсы. Міне, осы Республикамыздың тәуелсіздігіне 15 жыл толып отыр. Сабағымыз «Тәуелсіздік күніне» арналады. (суретті ашу).
(Балалар білетін тақырыптарын айтады).
  • «Рәміз».
Рәміздерім - елдігімнің бергісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім - Әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
«Елтаңбасы елімнің» Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат, әдемі. Тұнығындай көңілді,- Ортада аспан әлемі.
Құт, береке - шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген. Тәуелсіздік жолында, Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда,- Еркіндігім Елтаңбам.
Қазақстан байрағы. Зеңгір аспан көңілді, Алтын күні төрінде. Тамылжытып төгіп тұр, Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір, Қазақстан байрағы. Тұрса күндей төгіп тұр, Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде, Қыран бүркіт қанаты. Сол қырандай еркіндеп, Бала өседі талапты.
  • Жақсы.
  • Қазақстан - Менің Отаным. (Едіге).

  • Енді суретте нелерді көріп тұрмыз.
  • Қане, айтып жіберейік.
  • Енді бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «П дыбысы мен әрпі».
  • Балалар, мына тақтадағы суретке қарайықшы.
  • Мынау не? Піл.
  • Мынау не? Доп.
  • Мынау не? Қолғап.
  • Жақсы. Осы «Піл» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр. «П» дыбысы.
  • «П» - деп бірнеше рет айту. (Мұнда тісіміз бен ерініміз бір-біріне тиіп тұр және айтқанда созылып айтылмайды. Сондықтан дауыссыз дыбыс болады.
  • Көк текшемен белгілейміз. Келесі «Доп», «Қолғап» деген сөздердің қай жерінде «П» кездеседі. (сөз аяғында). «Доп», «Қолғап», «Піл» сөздеріне дыбыстық талдау жасату және сөйлем құрайық. - деп балалармен жұмыс жүргіземін.
Кітаппен жұмыс. Д/н жұмыс. Келесі «Кім тапқыр» ойынында екі қатарға бөлек тапсырма беру.
«Сандықсөз» табу.
1 - ҚАТАР.

1

2

1

2

2

1

4

3

2

1

А

Н

А

Н

Н

А

П

Т

Н

А


1

4

1

1

3

1

А

П

А

Т

А

А


2 - ҚАТАР. Санағыш таяқшаларынан сөз жазады.
АНА АТА АПА НАН

  • Жақсы. Енді «Кім жылдам» ойыны. Балаларға сөз таратып беремін. Кезекпен оқиды. Буынға бөлгізу. Ұ-лу, Е-мен, Бо-та, Ал-ма, Мы-сық, Ай-ран, Қас-қыр, Ы-дыс. (қол шапалақтау арқылы сөздерді буынға бөлдіру).
Сергіту сәті. «Он саусақ» (қимылдар келтіру).
Ән: «Астана».
  • Жақсы. Енді сөзжұмбақты шешейік. Осы Астана сөзіне дыбыстық тардау жасатамын.

А - дауысты. С - дауыссыз. Т - дауыссыз. А - дауысты. Н - дауыссыз. А - дауыссыз.

  • Жұмбақ жасырып көрейін, сендер шешіп көріңдер.

Аузы бар, тілі жоқ, Терісі бар, жүні жоқ. Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды. (балық).
Үй ішін аралап, Түнде көп жортады. Қаптарды жарып, Мысықтан қорқады. (тышқан).
Жасырылған суретті ашу. «Бәйтерек» Па, пе, па-на, а-па. (бірге оқу).
  • Балалар, бүгін қандай «әріппен» таныстық.
«П» әрпімен. П - қандай дыбыс екен. Дауыссыз дыбыс. Әнұранмен аяқтау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау. Қызыл, жасыл жұлдызшалар тарату.

Сабақтың тақырыбы: һ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға һ дыбысы мен әрпін таныстыру,айтылу ерекшелігін түсіндіру.

-Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

-Баланы ұйымшылдыққа ,адамгершілікке ,ер жүрек,батыр болуға тәрбиелеу,

көркем жазуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: һ дыбысы бар сөздердің суреттері,слайд,Б.Момышұлы (суреті)

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудартамын.

II. Өткен сабақты қайталау:

П дыбысына сөз ойлау.

Буын сөз, сөйлем құрау, «Кірпі» мәтінін оқыту.

III. Жаңа сабақ

Қатарда жоқ ,

Қаһарда бар.

Қалада жоқ

Шаһарда бар. (Һ)

Әліппе сабақ жоспары 1-сынып Әліппе сабақ жоспары 1-сынып

Суреттер бойынша әңгімелеп таныстырамын.

Әліппе сабақ жоспары 1-сынып Айдаһар -сөзіне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.

- Неше дауысты дыбыс бар?

-Неше буын бар?

Һ- дыбысының артикуляциясымен таныстырамын.

Қазақ тілінде бірден -бір көмей дыбысын таңбалайтын әріп.Һ дыбысын айтқанда дауыс шымылдығында діріл болмайды,ауа бөгетсіз,қарқынды шығады.Ол тілімізде бірлі- жарым одағайлар.( аһ уһ,еһ,аһа) және кейбір шығыс тілдерінен енген сөздерде гауһар ,қаһарман кездеседі.

Бағандағы сөздерді оқытамын.

қаһар қаһарлы қаһарман

Оқулықпен жұмыс

Бауыржан Момышұлы жайлы тоқталып , өмір жолымен таныстырып өтемін.

Бауыржан Момышұлы (Е. Ерботин) өлеңді мәңерлеп оқып беремін.

«Халық қаһарманы» мәтінімен жұмыс жүргізіледі.

Оқушылардың бойында елжандылық, ерлік, сезімдерін оянуына ықпал ететіндей бағытта ұйымдастырамын.

Сөздікпен жұмыс

Қаһарман,шаһар,Қаһар.Гауһар сөздеріне түсінік беріп,дыбыстық талдау жасау арқылы һ дыбысына тоқталамын..Оның ерекшелігін (дауыссыз дыбыс екенін)айта отырып,әрпімен таныстырамын.

Сергіту жүмысы

Біз жазамыз, жазамыз,

Саусағымыз талғанша.

Дем аламыз, дем аламыз

Қолға қалам алғанша.

Дәптермен жұмыс

Ондағы айдаһар сөзінің жазылуына мән беріледі.

Ой қозғау

Айдаһар туралы ертегіні оқушыларға оқытып,өз сөздерімен әңгімелетемін. Буындарын толықтыр ойыны

(-һаз-һан-һар).Жауабы : жиһаз, жаһан, шаһар.

УІ.Сабақты қорытындылау

Суреттерге байланысты әңгіме құрату, оған ат қойғызып,қалаған сөздеріне

талдау жасатамын

Әліппе сабақ жоспары 1-сынып Әліппе сабақ жоспары 1-сынып

Кітап құмар Қаһарман

Таппаған соң шаһардан

Аттай қалап «Қаһарды»

Сұрап алды Гауһардан.

Үйге:

"Үй жиһаздары"тақырыбындағы суреттердің атауын тауып, дәптердің 15-бетіндегі жолдарға жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Яя дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға Яя дыбысы мен әрпін таныстыру, осы дыбыс арқылы жасалатын жаңа сөздерді оқуға,сөздердегі кездескен Я дыбысын дұрыс айтуға, сөздер мен мәтінді дұрыс оқуға үйрету;

-Баланың сөздік қорын, тіл байлығьн дамыта отырып сөйлемді мағыналы түрде кұра алуға дағдыландыру,білім-білік дағдысын аттыру.

-Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: слайд,Яя дыбысы бар сөздердің суреттері;

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Өткен сабақты қайталау:

«Сиқырлы буындар»оқытып,сөздерге сөйлем құрау.

Сұрақтар бойынша жауап алу.

  1. «Буын ұйқас»хормен айту. Һ дыбысы қандай дыбыс?

  2. Қаһарман сөзін буынға бөл.

  3. Қазақ қаһармандарын ата

  4. «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?

  5. Һ дыбысын қатыстырып сөз ойла

III. Жаңа сабақ

Суреттер бойынша жұмыс жүргіземін.

Я дыбысымен тереңірек таныстыру үшін мына жұмбақты жасыруға болады:

Тау басында тамаша үй.

Ол не?

Жауабы: ұя.

Сөзді талдаған соң,я дыбысын оқушыларға бірнеше рет қайталатып,оның өзіндік ерекшелігімен таныстырған жөн.Оның қосарланған дыбыс екеніне көздерін жеткізу.

Жая,мая,сая,

Аяз,пияз,сия.

Аяқ,таяқ,ұя,

Бәрінде бар «Я

Я - й мен а дыбыстарының тіркесіп белгілейтін әріп.Я - дауысты дыбыс ,Я дыбысы өз алдына буын жасай алады.

Ұ - Я , О - ЯН

Оқулықпен жұмыс

Сабақты «Қоңыр қоян»ертегісі бойынша жүргіземін .

Орманда бір топ қоян қуаласып ойнап жүрді. Оның біреуі қоңыр еді. Ол қуаласпақ ойынына қатыспады. Енді қояндар жидек теруге шықты. Қиқар қоянның жүрісі баяу. Ол басқа қояндардан кейін қалды. Әуелі орман ағаштары сиректеу еді.Кейін жиіледі.Ақыры қиқар қоян адасып қалды.

-Балалар не адасып қалды?

1.ҚОЯН сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2. Қоңыр қоянның алдынан сөздер шықты балалар.Енді сол сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы қоянға достарын табуға көмектесейік. Әйтпесе қоянды қасқыр жеп қоюы мүмкін.

Бағандағы буындар мен сөздерді салыстыра оқыту арқылы оқушыларды я дыбысын айтуға жаттықтырамын.

"Саябақ іші"тақырыбындағы әңгімені оқып талдау.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы ,қырлы жерлермен,

Ытқын-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Дәптермен жұмыс

Я дыбысының әрпін жазу.

Біз жазамыз, жазамыз,

Саусағымыз талғанша.

Дем аламыз, дем аламыз

Қолға қалам алғанша.

Ұйқасын тап"ойын

Сызбаның көмегімен сөздер құрап,оларды көркем етіп жазу.

Шығармашылық жұмысы

Тірек сөздерді пайдаланып, өз бетімен өлең құрауларына бағыт беру керек.

ҮІ."Мені тап" ойыны.Я әрпі бар сөздерді тауып,топтап,олармен дыбыстық,буындық талдаулар жүргізу.

V. Сабақты қорытындылау

Міне балалар сендер берілген тапсырмаларды дұрыс орындағасын қоңыр қоян өз достарына аман есен жетіп, сендерге рақметін айтып ,риза болды..

V. Бағалау.

Оқушыларды мақтап ,мадақтау.

VI. Үйге: «Саябақ іші» оқу,сурет бойынша әңгіме құрау.

Ю - әрпінің жазылуы


Мақсаты: Оқушыларға сөзде йу дыбысы естілгенімен , оның орнына ю әрпі

жазылатындығын түсіндіру

Есте сақтауын , зейінін , логикалық ойлауын және шығармашылық

қабілетін дамыту

Сауаттылыққа , ұқыптылыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, плакатқа жазылған өлең-сөздер, әріптер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күзде неше ай бар?

Күз келеді , амандасып , қонаққа келгенін хабарлайды.

  • Үй жұмысы , 107 - жаттығу, оқыту; сөздерден сөйлемнің дұрыс құрылғанын тексеру; я дыбысы бар сөзді атап, я әрпінің алдынан келген дауыстыны атау; ережені қайталау.

  • Ойын «Я әрпі бар сөз айт-тез айт»

  • Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Жұмбақ : Орманнан , жалпақ даладан

Бал іздеп бірақ жортады

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады.

- Аю деген сөзде көп кездеспейтін қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Қанша дыбыс естіледі?

- Ю әрпі де я әрпі сияқты орыс тілінен енген дыбыс. Ю әрпін қосарлы дыбыс дейміз. Ол дауысты дыбыс , бірде жуан, бірде жіңішке идыбысталады. Аю-айу (жуан) , есею (жіңішке).

Оқулықпен жұмыс

110-жаттығу, суретті атау: аю, ою, -екеуіне ортақ әріп? - ю

Музыка сабағынан жан-жануарларға әндер тақырыбында аю туралы ән жаттадық

Кәне айтайық.

ІV. Сергіту сәті «Аю» әні

Балпаң, балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Аю деген ағаңмын,

Аңшы көрсем қашамын.

- Ал ою бейнелеу өнерінің қай жанрында қолданылады?

111-жаттығу. Өтірік өлеңді оқытып ю әрпінің қандай дыбыстан құралғанын сұрау; осыдан қандай ереже шығаруға болады?

- Ержені қайталау. 3-4 оқушы.

Табиғаттың түрі пәс

Бау-бақшалар жалаңаш

Орманның да жоқ шуы,

Естілмейді құс үні

Ұйқыға кетті аю да,

Болады бұл қай айда? (қазан айы)

- Осы айда аю балға тойып ұйықтау керек. Сол туралы 112-жаттығу өлеңді оқиық. Оқушы өлеңді оқиды, бәрі қайталап оқып жаттап дәптерге жазады.

Бір оқушы тақтаға жазады.


  1. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу. 112-жаттығу жазады

113-жаттығу. Тапсырмасын оқытып , тақтаға сөздерді өзгертіп жаздыру (күшей+у-күшею)

Күшею, азаю, молаю, тою, көркею, тыңаю.

Қалған оқушылардан күзде не күшейетіні, не азайатыны, не молаятыны туралы сұрақтар қоямын.

114-жаттығу тапсырмасын оқытып тиісті іріпті қойып өз бетімен жазуды тапсыру.

Үлкею, шалқаю, есею, сарғаю, қою.


  1. Ойын «Әріптерді тіркестіріп сөз құра»

б е к ө ю көбею

ғ с п а ю а сарғаю

ү к е л ю үлкею

Шығармашылық жұмыс. Плакат ілу

Өлеңдегі жоқ сөздерді тауып өлең құрастыру

Қойды........керек

Етін сорғытып........керек

Терісін тұздап.........керек

Қуырдағына ............керек

Сонан соң қалаға.........керек

VII. Сабақты қорытындылау

  • Бүгін қай әріпті өттік?

  • Ол қандай дыбыс?

  • Ю әрпін сөзде қалай жазамыз?

Бағалау .

VIII. Үйге тапсырма - 115-жаттығу. Ребусты шешіп, сол туралы әңгіме жазу.

Тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Білімділік.

Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар

сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету.

Кітап туралы ойларын, хат тасушы мамандығы

бойынша түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық.

Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық,

ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік.

Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы

мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: дамытпалы

Сабақ әдісі: ізденушілік, танымдық сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жеке,

жұптық, ұжымдық жұмыс формалары.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, күнделікті өмірмен

байланыс.

Көрнекілігі: теледидар, таспа, компьютер, суреттер, кеспе әріптер,

үлестірме қағаздар.

Барысы:

І Ұымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір қандай сабақ болғалы тұр?

- Әліппе сабағында біз не істейміз?

- Олай болса мына тақтадағы сөздерді оқиықшы: «Қайталау - оқу анасы»

- Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

- Сабақты қайталаудан бастайық. Ол үшін мына үйдің тұрғындарын атап шығайық. (киіз үйдің ішінен шыққан әріптерді жарыса атау я, ю).

- Бұл дыбыстар туралы не білеміз? (қосарлы дауысты дыбыстар, жеке тұрғанда буын құрайды)

- «Жарыс» сөзіне қатысты қандай тапсырма беріліп еді? («Жарыс» мәтінін оқыту). Сұрақтармен қорыту. (тірек сөздер арқылы ойларын сұрау)

- Мәтін не туралы?

- Жарысқа қатысқан аю қандай бұрыс әрекет жасады?

- Аю неге мәреге бірінші болып келді?

- Жеңіске жету үшін осылай арадан қашып, жеңімпаз атану қажет пе?

Сергіту сәті. Теледидардан жаңалық есту. №51 орта мектептің ашылуы.

ІІІ Жаңа сабақ.

  • Теледидардан не көрдіңіздер?

  1. Балалардың сөзінен хабар, тарих сөздеріне түсінік беру.

4 желтоқсанда еліміздің Президентін сайлау күні.

2. Хх дыбысына тоқталу - дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген әріп.

3. Жазылуы - Хх, баспа түрі - Хх.

Жұмбақ: Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)

(Дәл осы сәтте мектеп хатшысы келіп хат әкелу керек.)

  • Бізге кім келді? Хатшы бізге не әкелді?

  • Хат әкелді. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?

  • Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жазуға болады.

Компьютердегі х әрпі бар сөздерді оқыту. Ол туралы білетіндерін сұрау.

  • Хат тасушы адамды кім дейді? (Пошташы)

  • Пошташылар күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000 адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. (Дәл осы сәтте сыныпқа мектеп хатшысы кіріп келеді). Ал, енді, осы хатпен танысайық:

  • х әріптері бар сөздермен жұмыстар жүргіземіз, жарыса отырып орындайық;

Жекелей жұмыс.

1-қатар - тақтадағы берілген сөздерді оқиды, пойызға буын санына сәйкес салады;

(1терезелі - 1 буынды, 2 терезелі - 2 буынды, 3 терезелі -3 буынды)

2-қатар - сызба (торкөздер) бойынша осы сөздерді орналастыу қажет;

(сөзде неше әріп болса, сонша торкөзге орналастыру қажет)

3-қатар - саяхат сөзіне дыбыстық таладау жүргізеді

(дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын, оның түрлері)

Ұжымдық жұмыс: топтастыру, сөздердің мағынасын сұрау.

Ем дәрі шебер

Ас дәм ұста кітап

Тексеру, бағалау.

  • Біздің мектебімізде кітапхана бар. Кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлерді кім дейді? (кітапханашы)

  • Бізде қонақта кітапханашы Сабира апай мен Роза апайларымыз келіп отыр. Сол кісілерге сөз берейік (кітапханашылар кітапхананадан келіп кітап жаздыртып алуларын, кітапты сақтаудың ережесін айтып береді).

  • Кітапханадан кітап алу үшін жақсы оқи білу керек. Ол үшін мына мәтінмен танысып, өзіміздің қалай оқитынымызды көрсетейік.

Мәтінмен жұмыс.

  1. Мұғалімнің мәнерлі оқуы. Оқушылардың тізбектей оқуы.

  2. Сөздік жұмысы: кітапханашы - кітапхана қызметкері

  3. Тірек сөздермен жұмыс: кітапхана, кітап.

  • Кітап туралы не білесіңдер? Ол үшін не керек? Кітап туралы мақалдар білесіздер ме?

Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс.

  • Балалар, біз қалай оқығанымызды көрсетсек, енді қалай жаза алатынымызды көрсетейік. (Ауада жазу арқылы Х әрпінің жазылуын көрсету, оқулықтағы сөйлемді жаздырту, өзара тексерту: Х, х, Мен кітапханаға бардым.

IV. Қорыту.

Ойын « Кім тапқыр?». Шарты: біздің сыныптағы балалардың атынан қонақтардың ішінен х дыбысы аттарын табу.

  • Жарайсыңдар! Бүгін қай дыбыспен таныстық?

  • Х әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

  • Кітапты көп оқып, болашақта сіздерден ақылды, білімді ел азаматы шығып, осындай президенттік сайлауға түсетін үміткерлер қатарында болуларыңызға тілектеспін!

V Үйге тапсырма. «Кітапхана» мәтінін оқу. Аталарыңа, әжелеріңе хат жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға жаттықтыру.Ф дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.

2. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Формасы: топпен жұмыс

Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа әзірлеу

б) Сәлемдесу

Үлкенге де сіз, ( Оң қолын алға созады )

Кішіге де сіз, ( Сол қолын алға созады )

Сәлем бердік сіздерге ( Екі қолын кеудеге қояды )

Құрметпенен біз. ( Бас иеді )

ә) Психологиялық дайындық жасау.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.

« Келгенше қонақ ұялады,

Келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

2. Бір, екі, үш

Сынып іші тып - тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты бастаймыз.

Балалар бүгін біз сабақта мынадай ұранмен жұмыс істейміз:

Білім ал да, еңбек ет,

Дем ал, досқа бер көмек.

Отанды сүй, адал бол,

Өнегелі адам бол!

  • Балалар алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?

Тәуелсіздік күні. Биыл еліміздің егемендік алғанына 19 жыл толғалы отыр. Біздің Қазақстан Республикасы егемендік алғанына аз уақыт болса да, бүкіл әлемге танылды.

Сондықтан бүгінгі сабағымызды осы мерекеге, Отанымызға арнаймыз.

  • Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың жауабы)

Отан деген қысқа ғана сөздің ішінде көп мағына жатыр. Соны бүгінгі сабақ барысында тапсырмалар орындау арқылы білетін боламыз.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс

Қысқа аңдар қалай дайындалады?

(Оқушылардың жауабы)

Жұмбақ: Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. ( аю )

  • Ендеше, осы аюдың уайымсыз тәтті, тыныш өмірін бізге, Отанымызға берсін ! деген тілекпен бүгінгі сабағымызда біз 2 топ боп жұмыс істейміз.

  • Әр топ өз аюсының себетін құлпынайға толтыруға тырысады.

3. Өткен сабақты пысықтау.

- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

- В дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

- В дыбысы қай тілден енген дыбыс ? Мысалы келтір.

- тақпақты жатқа сұрау.

- дыбыс дегеніміз не ?

- әріп дегеніміз не ?

Шардағы буындарды оқу ( ва, во, ве, вок, ви, шах, хош )

(Әр топтың дұрыс жауабына себетіне құлпынай салып отыру).

«Отан» ағашына бір жапырақ өседі.

4. Жаңа сабақ:

Сабақты «Үш торай» ертегісімен бастау.

Ағайынды үш торай болыпты. Олар - Наф - Наф, Ниф - Ниф және

Нуф - Нуф. Наф - Наф кірпіштен, Ниф - Ниф қамыстан, Нуф - Нуф бұтақтан үй салып алады.

Бір күні қасқыр Ниф - Ниф пен Нуф - Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф - Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.

  • Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:

  • Ф - Ф - Фу! - деп барлығы үрлей бастайды.

Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызу.

- Қандай дыбыс естіледі ?

- «Ф» дыбысын хормен қайталату.

- «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.

Телефонның суретін көрсету. Сөзге дыбыстық буындық талдау жасау.

  • Балалар, телефонның қандай түрлерін білесіңдер ?

5. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінді оқыту;

  • Сұрақтарға жауап алу;

  • Мазмұнын сұрау;

  • Мәтіннің тақырыбын ата

  • Неше сөйлемнен құралған ?

  • Тізбектеп оқыту, хормен оқыту, жеке оқыту.

Сергіту сәті: Балалар «Ф» дыбысы да орыс тілінен енген дыбыс.

Сондықтан орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. «Ф» дыбысы бар қазақ сөз жоқ болса да Қазақ ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. Мысалы: «Ф» әрпі неге ұқсайды ?

Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды ?

Ендеше қазір бәріміз «Қара жорға» биін орындаймыз.

6. Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ жасыру: Арқасын тіреп жабысып,

Екі Р қабысып,

Бұл қай әріп ?

  1. Фф әрпінің жазба түрімен таныстыру.

  2. Фф әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.

  3. Ауада жазу, бастырма әдісімен жазу, үлгіге қарап жазу.

Жұмбақ жасыру: Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (Фонтан)

Өңкей сығай екі тпота,

Таласып жүр бір допқа. (Футболшы)

Фонтан, футболшы сөздерін жаздырып дыбыстық, буындық талдау жасау.

7. Сурет бойынша жұмыс. Оқулықтағы «Аяқкиім» туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру.(тірек сөздерді пайдалана отырып)

  • Балалар, аяқкиімдердің қандай түрлерін білесіңдер ?

  • Аяқкиім фабрикасында жасалған аяқкиімдердің сыңарлары жоғалып кетіпті. Соларды табуға тырысайық!

  • Аяқкиімдегі буындардан сөз құрап, сыңарын табу.

8. Сабақты бекіту. 1. Тапқышбектің тапсырмасын орындау.Сызба бойынша буындардан сөз құрау.

Фут ма

Фон тан

фер бол

2. «Үндемес» ойыны. Оқушыларға суреттер көрсетіледі, суреттегі заттың атын жазады. Жазған сөздерін артындағы жазлуымен тексереді.

3. «Сөз ойла, көп ойла!» ойыны. Допты лақтыра отырып «Ф» дыбысы қатысты сөздер айтқызу.

4. «Әріптер қалашығы» әріптерді өз үйлеріне орналастыру.

Қосылса 1 мен 3 - тің арасы ,

Қандай әріп қарашы. (В)

Майда бар, сайда жоқ (М)

Қойда бар, ойда жоқ (Қ)

Аң сөзінде бар, оң сөзінде жоқ (А)

9. Сабақты қорытындылау.

Қандай дыбыспен таныстық ?

  • Ф дыбысы қандай дыбыс ?

  • Сөздің қай жерінде кездеседі ?

Әр топтың жұмысын қорытындылап, қай топ өз аюына көп құлпынай жинағанын анықтау.

«Отан» дегеніміз ......(сызбаны талдау)

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға жаттықтыру.Ф дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.

2. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Формасы: топпен жұмыс

Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа әзірлеу

б) Сәлемдесу

Үлкенге де сіз, ( Оң қолын алға созады )

Кішіге де сіз, ( Сол қолын алға созады )

Сәлем бердік сіздерге ( Екі қолын кеудеге қояды )

Құрметпенен біз. ( Бас иеді )

ә) Психологиялық дайындық жасау.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.

« Келгенше қонақ ұялады,

Келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

2. Бір, екі, үш

Сынып іші тып - тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты бастаймыз.

Балалар бүгін біз сабақта мынадай ұранмен жұмыс істейміз:

Білім ал да, еңбек ет,

Дем ал, досқа бер көмек.

Отанды сүй, адал бол,

Өнегелі адам бол!

  • Балалар алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?

Тәуелсіздік күні. Биыл еліміздің егемендік алғанына 19 жыл толғалы отыр. Біздің Қазақстан Республикасы егемендік алғанына аз уақыт болса да, бүкіл әлемге танылды.

Сондықтан бүгінгі сабағымызды осы мерекеге, Отанымызға арнаймыз.

  • Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың жауабы)

Отан деген қысқа ғана сөздің ішінде көп мағына жатыр. Соны бүгінгі сабақ барысында тапсырмалар орындау арқылы білетін боламыз.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс

Қысқа аңдар қалай дайындалады?

(Оқушылардың жауабы)

Жұмбақ: Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. ( аю )

  • Ендеше, осы аюдың уайымсыз тәтті, тыныш өмірін бізге, Отанымызға берсін ! деген тілекпен бүгінгі сабағымызда біз 2 топ боп жұмыс істейміз.

  • Әр топ өз аюсының себетін құлпынайға толтыруға тырысады.

3. Өткен сабақты пысықтау.

- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

- В дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

- В дыбысы қай тілден енген дыбыс ? Мысалы келтір.

- тақпақты жатқа сұрау.

- дыбыс дегеніміз не ?

- әріп дегеніміз не ?

Шардағы буындарды оқу ( ва, во, ве, вок, ви, шах, хош )

(Әр топтың дұрыс жауабына себетіне құлпынай салып отыру).

«Отан» ағашына бір жапырақ өседі.

4. Жаңа сабақ:

Сабақты «Үш торай» ертегісімен бастау.

Ағайынды үш торай болыпты. Олар - Наф - Наф, Ниф - Ниф және

Нуф - Нуф. Наф - Наф кірпіштен, Ниф - Ниф қамыстан, Нуф - Нуф бұтақтан үй салып алады.

Бір күні қасқыр Ниф - Ниф пен Нуф - Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф - Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.

  • Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:

  • Ф - Ф - Фу! - деп барлығы үрлей бастайды.

Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызу.

- Қандай дыбыс естіледі ?

- «Ф» дыбысын хормен қайталату.

- «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.

Телефонның суретін көрсету. Сөзге дыбыстық буындық талдау жасау.

  • Балалар, телефонның қандай түрлерін білесіңдер ?

5. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінді оқыту;

  • Сұрақтарға жауап алу;

  • Мазмұнын сұрау;

  • Мәтіннің тақырыбын ата

  • Неше сөйлемнен құралған ?

  • Тізбектеп оқыту, хормен оқыту, жеке оқыту.

Сергіту сәті: Балалар «Ф» дыбысы да орыс тілінен енген дыбыс.

Сондықтан орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. «Ф» дыбысы бар қазақ сөз жоқ болса да Қазақ ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. Мысалы: «Ф» әрпі неге ұқсайды ?

Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды ?

Ендеше қазір бәріміз «Қара жорға» биін орындаймыз.

6. Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ жасыру: Арқасын тіреп жабысып,

Екі Р қабысып,

Бұл қай әріп ?

  1. Фф әрпінің жазба түрімен таныстыру.

  2. Фф әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.

  3. Ауада жазу, бастырма әдісімен жазу, үлгіге қарап жазу.

Жұмбақ жасыру: Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (Фонтан)

Өңкей сығай екі тпота,

Таласып жүр бір допқа. (Футболшы)

Фонтан, футболшы сөздерін жаздырып дыбыстық, буындық талдау жасау.

7. Сурет бойынша жұмыс. Оқулықтағы «Аяқкиім» туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру.(тірек сөздерді пайдалана отырып)

  • Балалар, аяқкиімдердің қандай түрлерін білесіңдер ?

  • Аяқкиім фабрикасында жасалған аяқкиімдердің сыңарлары жоғалып кетіпті. Соларды табуға тырысайық!

  • Аяқкиімдегі буындардан сөз құрап, сыңарын табу.

8. Сабақты бекіту. 1. Тапқышбектің тапсырмасын орындау.Сызба бойынша буындардан сөз құрау.

Фут ма

Фон тан

фер бол

2. «Үндемес» ойыны. Оқушыларға суреттер көрсетіледі, суреттегі заттың атын жазады. Жазған сөздерін артындағы жазлуымен тексереді.

3. «Сөз ойла, көп ойла!» ойыны. Допты лақтыра отырып «Ф» дыбысы қатысты сөздер айтқызу.

4. «Әріптер қалашығы» әріптерді өз үйлеріне орналастыру.

Қосылса 1 мен 3 - тің арасы ,

Қандай әріп қарашы. (В)

Майда бар, сайда жоқ (М)

Қойда бар, ойда жоқ (Қ)

Аң сөзінде бар, оң сөзінде жоқ (А)

9. Сабақты қорытындылау.

Қандай дыбыспен таныстық ?

  • Ф дыбысы қандай дыбыс ?

  • Сөздің қай жерінде кездеседі ?

Әр топтың жұмысын қорытындылап, қай топ өз аюына көп құлпынай жинағанын анықтау.

«Отан» дегеніміз ......(сызбаны талдау)

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Щ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы жаңа сөздерді оқуға жазуға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

1) Щ дыбысын ести білу, оны сөз ішінде басқа дыбыстан ажырату, оны дұрыс дыбыстату.

2) Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

3) Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын қалыптастыра отырып қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: интерактивтік тақта, көрнекілік.

Сабақтың құрал-жабдығы: кеспе әріптер, суреттер, жұмбақ, салт-дәстүрге байланысты суреттер,сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық.

Сабаққа сегізде келеміз,

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз,

Әліппені 4-5-ке оқып,

Білімді оқушы боламыз дегенбіз.

-Балалар, бүгін сендерге төрт түліктің бірі түйе қонаққа келіпті. Ол сендерді жаңа бір дыбыспен және қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырмақшы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

А) - Кеше қандай дыбыс және әріппен таныстық?

- Э дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Неліктен дауысты дыбыс?

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

Ә) Бағандағы сөздерді оқыту.

Б) «Электр» өлеңін сұрау.

-Балалар, енді түйенің бізге әкелген салт-дәстүрімен танысайық (түйенің үстіндегі қоржыннан салт-дәстүрдің атын алып оқу)

«Бесікке салу» дәстүрі. Жаңа туған баланы бесікке салу халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу өнегелі әжелерге тапсырылады. Әжелеріміз бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесіктегі сәбидің қол-аяғы түзу, ширақ болып өседі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Жұмбақ.

«Ащы» дейсің қазақта

Келу үшін осы әріп.

Құрық жалғап азапқа

Түсті «Ш»-ға дос әріп.

-Бұрын өткен қай дыбысқа ұқсайды? (Ш)

-Щ дыбысы дауыссыз дыбыс, қатаң, сөздің барлық буынында келеді (Щ әрпінің баспа және жазба түрін көрсету)

«Тұсау кесу» дәстүрі бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын ала жіппен немесе қойдың піскен шегімен тұсап, тез жүрсін деген мақсатпен бала-шағалы, ақкөңіл адамға кескізеді.Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі.

2) Оқулықпен жұмыс.

а) Жұмбақ.

Тазартады киімді.

Тазартады үйіңді.

Не дейді бұл бұйымды?

( Щётка)

«Щётка» сөзін кеспе әріптермен құратып жаздыру, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлдіру.

ә) Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

б) Бағандағы сөздерді хормен, жеке оқыту, мағынасын түсіндіру.

Қазақстандағы ерекше көл Балқаш көлі туралы, оның суының екі түрлілігі туралы, ондағы балықтар туралы айту.

«Балқаш» мәтінін тізбектей оқыту.

в) -Щётканың қандай түрлері болады,оның пайдасы қандай?

«Щёткалар» өлеңін хормен, жеке оқыту.

Қонағымыздың бізге әкелген тағы бір салт-дәстүрімен танысайық.

«Тоқым қағар» дәстүрі. Қазақтың ескі дәстүрі бойынша жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде.Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келіп, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілекпен, ата-анасы арнайы мал сойып, ауыл адамдарына «Тоқым қағар» тойын жасайды.

ІV. Сергіту сәті.

V. Дәптермен жұмыс.

а) Щщ әрпінің элементтері арқылы бас әрпі және кіші әріп таңбасын көрсету.

ә) Үлгі бойынша Щщ әрпін жазу.

б) «Кім тапқыр» ойыны.

«Балқаш» сөзінен бірнеше сөздер құрастыру.

«Көкпар» дәстүрі. Бұл той кезіндегі жарыс. Атқа мінген көкпаршылар бір-бірінен серкенің денесін тартып әкетеді. Серкені алдына өңгеріп,мәреге бірінші жеткен адам жеңеді.

VІ. Қорытынды.

-Қандай дыбыс және әріппен таныстық?

-Щ дыбысы қандай дыбыс?

-Қазақтың қандай салт-дәстүрлерімен таныстыңдар?

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Берілген буындардан жаңа сөз жасап,айту.

VІІ.Үйге тапсырма.

105-бет оқу. №3 дәптер жазу.





© 2010-2022