Су. Судың күйі дүниетану

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:дүниетану

Уақыты:

Сынып: 2 «а»

Мұғалім:Касымханова

Сабақтың атауы

Су.Судың күйі

Мақсаты

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Су туралы жұмбақтар шешу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

2. Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)

3. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу )

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Су туралы түсіндіру, Жарты шарлар картасымен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар - судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу - мөлдір, түссіз газ. Бу - судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.

Тәжірибе жасау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су - мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.

Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сен не білесін және не істей аласын ойынын ойнайық.

1.Су туралы не білесің?

2.Судың адам өмірі мен табиғаттағымаңызы қандай?

3.Суды неге ерекше зат дейміз?

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Су. Судың күйі дүниетануСу. Судың күйі дүниетану

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022