3класс. Математика. Санды 5-ке көбейту және бөлу кестесі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Санды 5-ке көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың көбейту және бөлу кестесі туралы түсінігін қалыптастыру. 5-ке

көбейту мен бөлуді меңгерте отырып ауызша көбейтуге және бөле білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту,

қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу.

Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге,

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,геометриялық фигура, көбейту кестесі

Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

« Ғылымдар патшасы»- деп дараланып,

Математика - қызыққа тоймайтұғын.

Оқушыларды түгендеу.

Назарын сабаққа аудару.

Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа ат қоямын. Бірінші топ «Алғырлар.», екінші топ «Тапқырлар». Екі топ өзара жарысып, орындалған әр бір тапсырма үшін, топ қоржынына өз ұпайлары салынып отырады яғни, асықтар салынады.

Үй тапсырмасын тексеру

7

Қызығушылығын ояту:"Ой толғау" әдіс"
1.Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2.Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3.Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
4.Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
5.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін кім айтады?

6. 1минутта қанша секунт бар?

7. 1 тәулікте қанша сағат бар?

8. 1 ғасырда қанша жыл бар?

Жаңа сабақ.
-Мынау қандай геометриялық фигура?

-Көпбұрыш

-Неше бұрышы бар?

-5

-Неше қабырғасы бар?

-5

Жұмбақ шешу

Балғасы жоқ орақпын

Бедел бағым зор-ақ тым

Жақсы оқитын баламен

Күнделікте жолықтым. /5/

-Сонымен, біз бүгін қай санның көбейту кестесімен танысамыз деп ойлайсыңдар?

-5-тің көбейту кестесімен танысамыз

- Балалар, тақтаға қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейту кестесі жазылған.

- Неге бестен басталып тұр? (2·5, 3·5, 4·5өткенбіз)

2) Математикалық диктант (жауабын ғана жазу).

2·5=10 5·4=20 10:2=5

3·5=15 5·3=15 15:3=5

4·5=20 5·2=10 20:4=5

- Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?

(қосу амалы арқылы табылған)

Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз 5-ті өз-өзіне 5 рет қосу.

-Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай айырмашылық бар?

(теңдіктің сол жағында 5-ке көбейту кестесі, ал оң жағында сол көбейтулердің қосу амалдары арқылы берілген)

3) - Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?

(5-ті 5-ке көбейту үшін 5-ті 5 рет қосамыз, ал 5-ті 6-ға көбейту үшін 5-ті 5-ке 6 рет қосамыз)

5·5=5+5+5+5+5 5·5=25

5·6=5+5+5+5+5+5 5·6=30

5·7=5+5+5+5+5+5+5 5·7=35

5·8=5+5+5+5+5+5+5+5 5·8=40

5·9=5+5+5+5+5+5+5+5+5 5·9=45

- Қайсысы тиімді екен? (көбейту амалын қолдану)

Тақтаға назар аударайық.

Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.

6·5=5·6

7·5=5·7

8·5=5·8

9·5=5·9

- Не байқадыңдар? (көбейткіштердің орындары ауысқан)

- Қандай ережені білеміз, еске түсірейік. (көбейткіштердің орындары ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді)

Ауызша. Бөлуге кері амал- көбейту.(көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.

25:5=5, себебі 5·5=25
30:5=6, себебі 6·5=30
35:5=7, себебі 7·5=35
40:5=8, себебі 8·5=40
45:5=9, себебі 9·5=45

Оқулықпен жұмыс

2 Тапсырманы оқыту.

-Бұл тапсырма қалай аталады?

-Есеп

-Есеп болу үшін оның қандай бөліктері болады?

-Шарты, сұрағы,шешуі,жауабы

Мандарин-8 кг*5

Апельсин-16 кг

Барлығы-?

Шешуі: (8*5)+16=56

Жауабы: барлығы 56 кг жеміс

3 Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар.

Бір жәшіктің массасы

Жәшіктер саны

Барлық жәшіктің массасы

9кг

5

?

?

5

45кг

9кг

?

45кг

Бұлар өзара кері есептер болып табыла ма? Неліктен?

«Тездет,бірақ қателеспе!» ойыны

4 Өрнектер құр

9*5=45 45:5=9 45:9=5 5*9=45

5*8=40 40:5=8 40:8=5 5*8=40

5.Өрнектер құр және олардың мәндерін тап:

6*5 7*5 8*5 9*5

30:5 35:5 40:5 45:5

30:6 35:7 40:8 45:9

5*6 5*7 5*8 5*9

7 Салыстыр:

7*3>5*4 320/4<9*10 32/4>35/5

60*3=90*2 250/5>8*5 100/5<5*5
Сабақты қорыту: «Кім мерген» ойыны Бағалау: мадақтау Үйге: №6. 88-бет






























© 2010-2022