» Ұшқан ұя. » Б. Момышұлы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Б. Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Қаһарман жазушы Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.Оқушыларды

Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Үлкендерді құрметтеуге,сәлемдесуге,ататегін тани білуге, өн баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер, бүктемелер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: А)Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр. «Сәлем- сөздің анасы» демекші қонақтарға амандасып,сабағымызды бастайық.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге ,құрметпенен біз.

-Қазір қай сабақ? (Ана тілі)

-Сыныбымыздың ұранын айтайық:

Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді,

Өз тілің үйретер, өнерді, ғылымды

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Ә) Топқа бөлу: I топ - « Ертегілер » тобы, II топ - «Аңыздар » тобы, III топ - « Жұмбақтар » тобы, IV топ « Мақал - мәтелдер » тобы.

-Ертегілер, аңыздар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер, бұлар не?(Атадан қалған асыл мұра,халық ауыз әдебиеті)

ІІ.Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Сөзжұмбақ шешу(« Ұшқан ұя »)

ІІІ.Жаңа сабақ.

- Бауыржан Момышұлы кім?

- Ол туралы не білесіңдер? Үй тапсырмасы:

Б.Момышұлы туралы оқушылар алып келген мәліметтермен танысу.

(Слайдпен жұмыс)

1.Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту.

Б.Момышұлы 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп-жетіледі.Әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы,адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі.Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен ааңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой ... » деп құрметпен еске алған.

Бауыржан Момышұлы - аты аңызға айналған ұлы тұлға, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер.

1970 - 75 жылдары оның « Ұшқан ұя » кітабы жарық көрді. Бұл кітапта ол өзінің балалық шағынан сыр шертеді.

- Бүгінгі сабағымызда - осы Бауыржан Момышұлының « Ұшқан ұя » әңгімесімен танысамыз

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.

- Әңгіме не туралы? Әдепті бала қандай болу керек? Ата тегін білу не үшін керек?

Оқулықпен жұмыс:

Тізбектей оқу

- Сөздік жұмыс

ата тегі - арғы аталары

баппен - асықпай

араз - тату емес

Топтық тапсырма:

1- топтың тапсырмасы:

Мәтіннің соңғы сөйлемін оқу.-Неліктен қазақ халқы «жеті атасын» сұрайды? Жеті аталарын жазу.

2 -топтың тапсырмасы:

Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөз құрастыру:

Ел тану деген- ..................

3 топтың тапсырмасы

Мақал -мәтел құрастыру(жеті ата,туған туыс туралы)

4-топтың тапсырмасы:

Амандасу түрлерін жазу.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

1,2,3

Бір шынығып алайық.

Орнымызды табайық.

ІҮ.Бекіту.

Нақыл сөздерді оқу.

-Жеті атасын білмеген- жетесіз.

-Жеті атасын білген ұл

Жеті жұртттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

Дәптермен жұмыс. Сызбаны дәптерге толтыру.

Жеті ата

Сенің ататегің

Ата

Әке

Бала

Немере

Шөбере

Шөпшек

Немене

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

- Шығарма кімнің атынан баяндалған?

- Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?

Ата текті білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу - ел тану екеніне мән бер.

Ү.Сабақты қорыту:

-Біз не білдік? Талқылау. Елін, жерін Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

© 2010-2022