«Күзгі Ханшайым мен Ханзада»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»

Аделя Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар!

Томирис Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді.

Аделя Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді

Томирис. Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Аделя Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Томирис Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

(музыка әуенімен ортаға шығады)
Томирис 4 сынып: Кабиев Таир Нурабаева Асем

Аделя 2 сынып:

Томирис 2 сынып:

Аделя 1 сынып:
Томирис:
Күз келіп хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
Аделя:
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен

таныстырып өтейік:

Томирис:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)

2 - бөлім: «Өнерлі бала - елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
5 - бөлім: «Күзгі тағам»

Аделя
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
Томирис
2 - бөлім: «Өнерлі бала - елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.

Аделя
Алдымызда төртінші сынып оқушылары, «4 двора» орыс биімен. Қарсы алыныздар

Томирис

3 - бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

сайыскерлердың аттары

Аделя

4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар»
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
Томирис:

1. Қазір қай мезгілі?
3. Біздің елбасшымыз кім?
4. Күз айларын ата?
5. апайыңның атын білесің бе?
6. Қандай ертегі білесіндер?
7. Біздің мектеп неше қабатты?

8. Адамдар күзде нені жинайды?

9. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (қызанақ)
10. Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)
11. Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді. (қарбыз)
12. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз)
Аделя:

5 - бөлім«қолөнер бұйымдары»
Ата - анасымен біріге отырып, жасаған қолөнер бұйымдарына кезек береміз.
Томирис

1 сынып оқушысы Қонақ Нұрай «Қошақан» әнімен

Томирис

Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!

Би «Шляпа» 2 сыныптың оқушыларын ортаға шақырамыз
Аделя
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.




1. Қазір қай мезгілі?
3. Біздің елбасшымыз кім?
4. Күз айларын ата?
5. апайыңның атын білесің бе?
6. Қандай ертегі білесіндер?
7. Біздің мектеп неше қабатты?

8. Адамдар күзде нені жинайды?

9. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр.

10. Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген.

11. Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді.

12. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.

© 2010-2022