«Тіл - елімнің тірегі» (сыныптан тыс сабақ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып. «Тіл-елімніңтірегі»

Мақсаты: Оқушыларға өз тілін,дінін,жерін қорғауға үйрету.

Тілім барда қазағым бар , халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ,ашық мінезім бар аңқыыылдақ

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тіпде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Ел басы Н. Назарбаевтың 1998 жылдың 20- қаңтардағы Жарлығына сәйкес 22- қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр үлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы ,ғүлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде терең астар ,үлкен мәнжатыр .

Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік дәуірдегі шетқақпай болған тілімізге ілесе, халқымыздың ұлттық рухы,дәстүр салтырыңда , өңі қашып , өзегі талып, өлімсірегені ақиқат. Ең жаманы еліміздің ертеңі - төл ұрпағымыз орыс тілінде сөйлеп , ана тілін жатырқауды шығарып, әлемдегі ең бай да оралымды, сұлу да сиқырлы, өуезді де салтанатты тіліміздің қасиетін менсінбейтін мәңгүрттік кеселге шалдықты

Осы күнге де ана тілімізді білмейтін оқымысиыларымызда аз емес.Бұл біз

үшін жетістік пе? Жоқ , олай деп айта алмаймыз.Себебі ана тілін сыйламағандардан қанжай мейірім,шапағат күтуге болады?

Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек.

Өзімізді-өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметтеп басқаны біз жөн десек.

Бір қазағым срысшалап бастайды,

Екіншісі шатып-бұтып қоштайды.

Қайран қазақ «дәрежеге жеттік» деп,

Өз тілінде жағын мүдем ашпайды.

Тілімізге келеміз тұрақталмай,

Ана сүтін жүрміз-ау,түк ақтамай

Жиындарды бастасак баска тілдер

Бабалардан туады сұрақ талай.

2 - бөлім

«Шешендік әлемінде» (оқушылардың орындауында көрініс)

Төрде- қазақ тарихындағы ел үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кеменгерлерді, ойшылдарды, қайраткерлерді аз болмаған. Солардың ең бастылары- от ауызды , орақ тілді, ақылы асып туған билер Төле, Қазыбек,

Әйтеке би. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келген сонау сұңғыла жандардың атқарған қызметі үшан-теңіз.

Тө ле Би. Ей ,әлеумет»

Құс арыса, қанаты талады , ат арыса, түяғы тозады» деген ,алыс қианнан келіп отырсыңдар ,осы аттың күші қай жерінде болады?

Біреу -аттың күші алдыңғы екі аяғында шығар.

Екінші біреу - алдыңғы екі аяғын да емес , артқы аяғында да емес, ортасында болады,- дейді ,

Төле би - оны қайдан білдің, себебі не ? Қазыбек- -астында тіреуі жоқ күш қайдан болсын, күш тіреуі ортасында .

Алдымда ағам бар, артымда інім бар, екі жағынан да тірегім зор.Әділ билік

маған лайық емес пе?!

Төле би- (сонда Қазыбекке бата береді)

Айтқан сөзің аталы болсын,

Жүрген жерің бәтуалы болсын,

Дуалы ауыз,әділ жан атан,

Осы саған берер батам.

Жүргізуші: Қазыбек би есімі қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші болған батыл елші, парасатты мәмлегер ретінде мәлім, Он бес жасында Тайкелтір бастаған елшілерге еріп барып, қалмақ ханы Қоңтажы тұтқынында жатқан қазақтарды батылдығымен,шешендігімен босатып алды. Осы жолы «Қаз дауысты Қазыбек» деген атаққа ие болды.

Оқушы:

Асан қайғы,Жиренше

Сөйлеп өткен қызыл тіл.

Жәнібек, Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл

Ата-анамыз әлдилеп

Оятқан бізді баба тіл

Сол туған тіл атауы-

Ежелгі біздің қазақ тіл

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр

Бағаласаң шынымен

Баба тілің асыл-дүр.

Оқушы:

Тілім менің!

Осы тілде шежірем,жырым менің

Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі-

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің

Тілім менің!

Жауға айбарым, ұраным туым менің!

Найзасымен тең үстап ана тілді

Намысыды қорғады Сырым менің

Тілім менің!

Тіршілігім тынысым құным менің

Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің

Тілім менің!

Тұтастығым елдігім,үйім менің!

Ел қорғаған ерлерге рух берген

Осы тілде толығады биім менің!

Тілім менің!

Ұлы Абайдай,Мұхтардай пірім менің

Тұнығым,рухани жан азығым

Ол бүлінсе меніңде бүлінгенім

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп тірілді елім

Аралыммен арыммен қатар қойып

Тілді қорғау- парызым бүгін менің.

Жүргізуші:Қазақ елінің қайта жаңғырып,маңдайы жарқырап бағы жануы-рухани таза,адамгершілік мұралардан нәр алуында,ата-бабалар тәлімін қастерлеп, ұлттық иірімдерінің небір шұрайлысын халықтық мұралардан

іздеп табуында.

Ана тілім,жүрегісің анамның

Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім,егер сені ұмытсам.

Сенің әрбір тынысыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім,егер сені білмесем.

«Ата-баба ұлағаты» көрініс.

10-жасар. Табалдырықта тұрып алады.

-Балам табалдырықты баспа,жаман болады,-дейді әкесі.

Ол былай кеткен соң 12-жасар қыз бала босағаны керіп тұра қалады.

Қызым босағаны керме, жаман болады,-деді әжесі.

Осы жерде жаңағы 10-жасар бала үйде ысқырып қалады. -балам, үйде ысқырмас болар , - дейді атасы .

10-жасар ұл таяққа сүйеніп тұрады.

-Таяққа сүйенген жаман болады , -дейді әкесі.

-Жағыңды да таянба, ол жаман болады, дейтін атамыз.

Мұғалім: балалар,ақын Мұхтар ағаларыңның өлеңін еске түсірейік.

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалақала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-тұп қазығы,айбыны

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр,салт-санасы-тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Жүргізуші: Біз Мұхтар ағамыздың өлеңін ұран ретінде ұстасақта болады.Өйткені ата-бабаларымыздан өалған ел тірегі туған жерді, туған тілді, туған тарихты,салт-дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, сақтап қалу-борышымыз.

© 2010-2022