Реттік сан есімдер. (Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Реттік сан есімдер. (Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 2 сыныпН.К.Крупская атындағы орта мектебі















Реттік сан есімдер.

(Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ)



























Дайындаған: Садвакасова Ж.Б.

2 «В» сыныбы

10.04.2015 жыл

Күні: 10.04

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Реттік сан есімдер.

Мақсаты: Реттік сан есім туралы білімдерін тереңдету.
Міндеттері:

1.Білімділік: сан есім, реті бойынша айтылатын сан есімдер туралы алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, түсініктерін қалыптастыру; жаттығу жұмыстарын орындату.

2.Дамытушылық: реттік сан есімдерді ажырата білу қабілеттерін дамыту; тіл байлықтарын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, әдемі жаза білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: саяхат сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзін-өзі тексеру, ойын элементін қолдану, өздік жұмысы, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, өзін-өзі тану.
Көрнекілігі:Интерактивті тақтада слайд-суреттер, қима қағазда жазылған тапсырмалар.
Сабақ барысы

(Слайд-1)

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық ( Слайд-2)
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

Сәлемдесіп, сыныпты реттеу.Балалар бүгін ерекше сабақ. Олай дейтініміз сыныбымызға қонақтар келіп отыр.Барлығымыз сабаққа қажетті оқу құралдарымызды, алып, тыныштық сақтап отырайық.

2.Қызығушылықты ояту.

-Балалар, қазір қандай ай?

-Осы сәуір айында қандай мерекені атап өтеміз?

-12 сәуір-Ғарышкерлер күні. (Слайд-3)

- Олай болса бүгінгі сабағымыз ғарышпен байланысты болады.

Біз бүгін ғарышқа саяхатқа барамыз. Ал саяхатқа қандай көлікпен баратынымызды мына жұмбақты шешкеннен кейін білетін боласыңдар.

Жұмбақ

Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)

-Дұрыс, ол зымыран. (Слайд-4)

Осы зымыранмен аспанға ұшып, ғарыштағы әр түрлі жұлдыздарды зерттеп, берілген тапсырмаларды орындап отырамыз. (Бөлек тақтада жұлдыздардың арасында зымыранның ұшу жолдары көрсетіліп тұрады).

3.Топқа бөлу

Сынып оқушылары берілген аттар бойынша топқа бөлінеді (Аспан,Жұлдыз, Күн, Ай).

- Бүгін сендер енді ғарышкерлер боласыңдар. Ғарышкерлерде оқушылардікіндей күнделіктері болады. Сондықтан сендер де сол күнделікке жақсы жауаптарға жинаған жұлдызшаларыңды жапсырып отырасыңдар. Сабақтың соңында кім көп жұлдызша жинаса, сол жақсы баға алады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Слайд-5)

(Зымырынның 1-ші аялдамасы- Үй тапсырмасын тексеру)

160 бет 456- жаттығу (Тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру).

-Сонымен, балалар, ең алғаш рет ғарышқа ұшқан кім? (Ю. А.Гагарин)

(Слайд-6)

-Дұрыс, ол 1961 жылы 12 сәуірде Жер шарын 1 сағат 48 минутта айналып өтіп, тұңғыш рет ғарышқа жол салды. Ол қазақ жері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.

ІІІ.Ой қозғау. (Зымырынның 2-ші аялдамасы) (Слайд-7)

Ойын «Кім көп біледі?»
-Сан есім дегеніміз не?
-Сан есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
-Сан есімнің қандай түрін білесіңдер?

-Сан есімге қандай жұрнақтар жалғанады?

Мысалдар келтіру.


Ой толғаныс.(Қосымша берілген шығармашылық тапсырманы тексеру)

Бірінші топ- сан есімі бар мақал-мәтелдерді оқиды.

Екінші топ- сан есімі бар жұмбақ жасырады.

Үшінші топ- сан есімі бар жаңылтпаш айтады.

Төртінші топ- сан есімі бар өтірік өлең құрастырады.

ІҮ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

(Слайд-8)

-Бүгінгі сабағымыз сан есімдерге, оның ішінді ретін білдіретін сөздерге арналады.

Сабағымыздың мақсаты: Реттік сан есім туралы білімдерімізді тереңдету.

(Дәптерге күнді жазғызып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.).

Ү.Жаңа сабақ

(Слайд-9)

Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен бастап ғарышқа ұшқандардың арасында қазақ ғарышкерлері де болған. Олар кім? (Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев).

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал Талғат Мұсабаев ағаларың ғарышта 341 тәулік болып,оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес,ғарышқа үш рет ұшып барып,аман-есен туған жерге оралды.

(Зымырынның 3-ші аялдамасы) .

Бұл аялдама да мынандай тапсырма бар екен. Соны орындайық.

(Слайд-10)

1.Оқулықпен жұмыс - 161 бет 457-жаттығу. (Ауызша)

Өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді тап.

Елу метр есіктен

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен

Бір қозыға бақтырдым.

(Қадыр Мырза Әли)

2. Сергіту сәті Слайд-
Бір, екі, үш
Бойға жина күш.
Төрт, бес, алты
Отыр, тұр, шалқы.
Жеті, сегіз, уһ деңіз.
Тоғыз, он
Енді орныңа қон.

(Зымырынның 4-ші аялдамасы) .

(Слайд-11)

3.Топпен жұмыс (әр топқа тапсырмалар беріледі)

Бірінші топ - сан есімдерге -ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жаз.

Бес күн, екі жүлде , он алты вагон.

Үлгі: Бес күн-бесінші күн

....................................

Екінші топ- Мәтіннен реттік сан есімдерді тауып, теріп жазу.

Біз екінші сыныпта оқимыз. Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Әр партада екі оқушы отырады. Мен үшінші қатардың, төртінші партасында отырамын.

Үшінші топ- Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

,, ,, , ,,

Реттік сан есімдер. (Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 2 сыныпРеттік сан есімдер. (Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 2 сыныпРеттік сан есімдер. (Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 2 сынып(Алпыс) Төртінші топ- Қима қағаздарда жазылған сөздерді орнына қойып сөйлем құрау.

алтыда

биыл

екен

Ерлан


күн

дәптер

алдым

он бес

мен

қалды

екі


(Зымырынның 5-ші аялдамасы) .

(Слайд-12)

4.Ойын «Сандар сөйлейді».

Құрамында сан есімі бар сөздерді оқу.

1қазан, қ10ақ, к3, 3ік, 4тік, дер5, 6бақан, 8көз, 9құмалақ.

(Зымырынның 6-шы аялдамасы) .

(Слайд-13) 5.Тақтамен жұмыс: 458- жаттығу көшіріп жазу.

(Зымырынның 7-ші аялдамасы) .

(Слайд-14)

6. «Сен білесің бе?» ойыны (Қосымша мәлімет)
*Морж су астында ауасыз 10 минутқа дейін бола алады.
*Император пингвинінің салмағы 45 кг болады.
*Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек.
*Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.

*Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.

Көк киттің жалғыз бір жүрегінің салмағы - 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.

*Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.

*Жыландар 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады.

ҮІ.Сабақты қорытындылау: (Слайд-15)

-Балалар бүгін біз саяхатқа шығып, көптеген тапсырмалар орындадық. Сендерге рахмет.

-Сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? Не білдіңдер? 1.Сөздерге сұрақ қой, неліктен сол сұрақты қойғаныңды дәлелде.

Бірінші, алтыншы, бес,сексен, тоқсан.

(Слайд-16)

2. «Сәйкестендір» сызбасы: бес ыншы тоғыз інші төрт

ҮІІ.Бағалау: (Слайд-17) Саяхат барысында тапсырмаларды шапшаң әрі дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау.

Оқушылар бағаланады.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: (Слайд-18)

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.

Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

161 бет 461- жаттығу. Санмен байланысты қызықты мәліметтер тауып әкелу.





© 2010-2022