Презентация к уроку Заттың атын білдіретін сөздер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін Мерзімі: 26.12.2014ж Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. Сабақтың мақсаты: 1. Жұмбақтар, жаңылтпаштар туралы түсінінік беру. 2. Еңбек ете білуге баулу. 3 Оқушылардың ақыл- ойын дамыту,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару. ІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Жаңылтпаш туралы мағлұмат беру. ә) Жаңылтпаш айтып үйрену. Жоян қоян оянды, Кірпі, кірпі! Қоян жоян боянды. Түрпі сырты. жоқ Шегіртке -акробат! Сақал, мұрты Секіреді, қатырады-ақ Төбеден қара Шегіртке Кірпі, кірпі, Батыр- акробат! Жердің құрты.
Ақ қоян, сұр қоян. Түлкі күлкі іздейді, Ақ, сұр қоян барлығы, «Айлакермізбіз!»дейді. бір қоян Таулы , шөлейт, түз мейлі, Түлкі, күлкі іздейді. ІҮ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?

Бекітемін Мерзімі: 26.12.2014ж Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ақыл - ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а). сабаққа дайындық.
ә). Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.

3. Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ - жауап арқылы).
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа жататындарды ата.
- Өлі табиғатқа жататындарды ата.
4.Жаңа сабақты меңгерту.
Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр - оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі - ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік "Жасыл ел " бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.

5. Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері

Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс
Тұқым
Тамыр
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

6. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

7. Дәптермен жұмыс.
Тамыр түрлері

Тік тамыр
Ұзын тамыр
Шашақ тамыр

8. Сергіту сәті:
Жел тұрды,
Жапырақтар тербелді.
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.

9. Сабақты қорытындылау.
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан - жануарларды қорғап, аялайық.
14. Бағалау.
15. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, табиғаттың суретін салу.






© 2010-2022