Ашық сабақ «Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді қайталау» 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: «Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді қайталау»

Сабақтың мақсаты: 1) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу амалының

әдіс- тәсілдерін қайталау .

2) Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз бетінше

ойлау қабілетін дамыту.

3) Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жылдамдыққа, еңбекқорлыққа

тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, еңбек құралдары, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу, музыка, тарих, өзін-өзі тану

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Психологиялық дайындық

III.Сәттілік сәті

Қане балалар қазір бізде математика сабағы.

Көріп отырсыңдар бүгін бізге қонақтар келіп отыр

Психологиялық дайындық:

"Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады",- демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Сәттілік сәті:

Математика керек әркімге,

Математика қажет өмірде - деп бір-бірімізге сәттілік тілейік

Ауызша есептеу:

9

м

а

м

ы

р 3х3 10х10х10 864:2 5х5х5 999:3 213х3

Қандай сөз шықты?

9 мамыр қандай мереке? Ендеше бүгінгі сабағымыз біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен, ағаларымыз бен апаларымыз алып келген 9 мамыр-Жеңіс күніне арналады. Қима қағазбен жұмыс: (964:4)+1700=1941 (333х3)+946=1945 27:3=9 33х2=66 999-900=99 10³-500=500 Жазбаша бөлу және көбейту: 1-деңгей 2-деңгей 3-деңгей 260:2 328:8 832:4 130х2 41х8 28х4 Есепті шығар: 1-деңгей Бір взводта 100 жауынгер бар. 4 взводта неше жауынгер бар? 2-деңгей Мерекелік салют кезінде бірнеше зеңбірік 2 реттен ату жасады. Егер барлығы 348 рет ату жасалса, неше зеңбірік салют берген? 3-деңгей Мәңгілік алау жанына 565 қалампыр гүлі және әрқайсысында 5 раушаннан 87 гүлшоқ қойылды. Мәңгілік алау жанына барлығы неше гүл қойылған? Сергіту сәті: Әскери маршты орындау Теңдеу құр және шығар: 1-деңгей А және 23 сандарының бөліндісі 4 және 2 сандарының бөліндісіне тең А:23=4:2 2-деңгей Екі дорбада саны бірдей бірнеше алма болды. Екінші дорбаға тағы 8 алма салғаннан кейін, екі дорбадағы алмалар саны 34-ке тең болды.Әуелде дорбада неше алма болды? Х+(х+8)=34 3-деңгей Құс фермасы 500 кг жем сатып алды. Оның 234 килограмы тары, жарма одан 2 есе кем, ал қалғаны арпа. Неше килограмм арпа сатып алынды? 234+(234:2)+х=500 4-тапсырма Геометриялық тапсырма 1-деңгей Қабырғасы 4см болатын шаршы сыз.Оның периметрі мен ауданын тап. 2-деңгей Ұзындығы 6 см, ал ені ұзындығының үштен бір бөлігіндей болатын тіктөртбұрыш сыз. Оның периметрі мен ауданын тап. 3-деңгей Текше қырлары ұзындықтарының қосындысы 36 см-ге тең. Текшенің көлемін тап. Кім мерген? 1.9-дың екі дәрежесі? 2.10-ның үш дәрежесі? 3.200 және 4-тің көбейтіндісі? 4.7 бірлік, 5 ондық, 3 жүздік? 5.3-тің үш дәрежесі? 6.864 және 2-нің бөліндісі? Сабақты қорытындылау: Барлық есептердің бәрін шығарып болдық. Жеңіске де жеттік. (Видеофильм көрсету) Сөздер сөйлейді! 1941 1945 9 66 500 99 Ер есімі ел есінде Мәңгілік алауға гүлшоқтарын қою. Бағалау: Үйге тапсырма: Ән айту: Сау болыңыздар!







© 2010-2022