Разработка по уроку ана тілі на тему С. Сейфуллин. Туған ел

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,

Абай атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Асыл.

Сабақ тақырыбы:С.Сейфуллин.Туған ел.

Сабақ мақсаты:Білімділік: С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын

оқушыларға таныстыру. Өлеңнің негізгі идеясын ашу.Мәнерлеп

оқу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау,шығармашылық қабілеттерін,

сөйлеу тілдерін,жазба тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:Туған елін, жерін сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:Автор портреті,тірек сызбалар,бейнебаян, слайд.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,кубизм,ассоцация,кластер,жуан және жіңішке

сұрақтар әдісі.

Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

-Туған жерім, мекенім,

Сенде өсіп жетермін,

Топырағыңнан нәр алам,

Керегіңе жаралам.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.М.Мақатаевтың «Үш бақытым», Д.Әбілевтің «Туған тілім» өлеңдерін жатқа айту.

2.Отан,тіл туралы шығарма жазу.

ІІІ.Өткен сабақты қорытындылау.

1.М.Мақатаев кім?

2.Д.Әбілев туралы не білесің?

3. «Үш бақытым» деп ақын нелерді айтады?

4.Д.Әбілевтің өлеңі не жайында?

5.Сен үшін бақыт деген не?

6.Туған тілім дегенді қалай түсінесің?

ІҮ.Жаңа сабақ.

-Алтын бесіктей,шексіз кең,бақытымның бірі,туып өстім,кіндігім кесілді мен осы сөздерді айту арқылы не туралы айтып тұрмын, балалар?

Жаңа тақырып хабарланып,мақсаты түсіндіріледі.Автор туралы мағлұматтар беру.

Өлеңді мәнерлеп айтып беру.

Оқушыларға өлеңді оқыту.

Өлеңді талдау,мазмұнын ашу.

Ү. Шығармашылық тапсырма.

1-қатар.Ақын туған даласын кімге теңейді?

2-қатар.Берілген суретті пайдаланып ақын ойын түсіндір.

3-қатар.Берілген өлең жолдарының ұйқасын тауып, өлең құрастыру.

ҮІ. Сергіту сәті.

Танымдық ойын «Сөз мерген».Бейнебаяндағы сұрақтарға жауап беру.

1.Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін қашан алды?

2.Тұңғыш президентіміз кім ?Ол сайланған күнді ата?

3.ҚР ата заңы қашан қабылданды?

4.Еліміздің ұлттық валютасы теңге қашан айналымға енгізілді?

5.Тіл туралы заң қашан қабылданды?

ҮІІ. Қорытынды.

«Жаңарған,жайнаған менің ауылым» слайды көрсетіліп, ауылымыздың жеткен жетістіктері жайлыоқушыларға айттыру.

1-нұсқа.Бейнеу туралы 1 сөйлемнен айту.

2-құсқа.Қазақстан туралы 1 сөйлемнен айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттау. Тақырыпқа байланысты сурет салу.

ІХ.Бағалау. Мадақтау.

© 2010-2022