Сын есім және оның түрлері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚСын есім және оның түрлеріызылорда облысы, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы №148 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Бибігүл Фазылханқызы

Сабақтың тақырыбы: Сын есім және оның түрлері Сабақтың мақсаты: А) Сын есім заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін, сын есімнің түрлерін оқушылардың естеріне түсіру, белгілі бір заттың түрлі қасиеттерін көрсетіп сипаттауға, талдауға үйрету. Ә) оқушылардың ой -өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту. Б) Зейін қойып тыңдауға, тілді құрметтуге, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс, ойын сабақ. Типі: Өткен тақырыптарды пысықтау. Әдісі: Сұрақ -жауап, топпен жұмыс, көрнекілік арқылы ойды түйіндеу. Көрнекілігі: Жетондар, түрлі түсті парақшалар, сандықшалар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару. Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Сабақ 5 айналымнан тұрады. Оқушылар жетондармен бағаланады. Қызыл-5, көк-4, сары-5. Сабақтың соңында топ басшылары жетондарды санап, топтың жалпы бағасын шығарады. Екі топқа тапсырма беріледі.

«Ой қозғау» 1-топқа. «Тапты» сөзінің түбіріндегі сөз, «қасқыр» сөзінің жұрнағы, «балалар» сөзінің жалғауы. (Тапқырлар) 2-топқа. «Ойын» сөзінің түбірі, «сыншыл» сөзінің жұрнағы, «қаздар» сөзінің жалғауы. (Ойшылдар). Осы табылған сөздер топтардың аттары болып саналады. Үй жұмысын пысықтау. 1-айналым. «Бәйге» Сын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлері

  1. (Сын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлеріСын есім және оның түрлері10) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
  2. (20) Осы шақ дегеніміз не?
  3. (30) Етістік дегеніміз не?
  4. (30) Етістіктің қандай түрлері бар?
  5. (40) Өткен шақ дегеніміз не?
  6. (50) Келер шақ деген не?
Жаңа сабақ. 2- айналым. «Тіл өнері» 1-жаттығу. Ауызша орындалады. Мақал -мәтелдерден сын есімдерді табу. Қандай сын есім екенін айту. 1-топ. Тілі тәтті, Діні қатты. 2-топ. Сабыр түбі - сары алтын. 2-жаттығу. Көшіріп жазу. Дара, күрделі сын есімдерді табу. Өлеңге ат қою. Адал екен десем мен Қара ала мысық ұры екен. Піскен сүтті кеседен Жалап ішіп тұр екен. 3-айналым. «Сиқырлы сандық» Сандықшаның ішіндегі түрлі -түсті қағазға жазылған тапсырмалар орындалады. Көк парақшадағы бірінші деңгейдің , сары парақшадағы екінші деңгейдің тапсырмалары. 1-топ.
  1. Көк парақша:
Берілген сын есімдерді кестеге орналастыр. Ақылды, тәртіпті, өнерлі, таза, күшті.

Негізгі сын есім

Туынды сын есім







  1. Сары парақша.
Сөйлемнен сын есімді тап, сөз құрамына талда. Көш көлікті болсын, Дос серікті болсын. 2-топ.
  1. Көк парақша.
Берілген сын есімдерді кестеге орналастыр. Ақшыл сары, жуан терең, қара сұр, жасыл.

Дара сын есім

Күрделі сын есім







  1. Сары парақша.
Сөйлемнен сын есімді тауып, сөз құрамына талда. Ер беделді, болсын Зер бедерлі болсын.
4-айналым. «Дода» Ойын. «Адасқан буындар» БСын есім және оның түрлеріерілген сөздердің екінші сыңарына тиісті жұрнақтарды қосып, туынды сын есім жасау. Талдау. Ақ дидар ... , ақ шаш ... , ұзын бой ... , -ты, -лы, -ты, жылы жүз ... , жасыл жапырақ ... , - ді, -лы, -ді. суық жел ... .
5-айналым. «Жорға» Әр топтан екі адам шығады. Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып саналады.
  1. Денсаулық қандай байлық? (зор)
  2. Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
  3. Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
  4. Қандай бала арлы бала? (әдепті)
  5. Жақсы -жаман қандай сын есім? ( қарсы мәндес)
  6. Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
  7. Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы. (сын есім)
  8. Қатты жаңғақ тіркесіндегі қатты сөзі заттың несін білдіріп тұр? (сапасын)
  9. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
  10. Сын есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? (екіге)
Қорытынды. Жетондарды санай отырып, әр топ өз ұпайларын анықтайды. Төрт оқушы шығып «Сын есім» топтамасын толтырады. Оқып, қорыту. Үйге тапсырма. Сын есімді жаттау. Арасына сын есімдерді қатыстырып «Көктем» тақырыбына мәтін жазып келу.
© 2010-2022