1 сыныпқа арналған Білім кілті - Әліппе! мерекесінің жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білім кілті - Әліппе !
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

1-ж.Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2 - ж. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! 1 сынып оқушыларының «Білім кілті- Әліппе!»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы-Әліппе! Бұл кітап-бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

Әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.

Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

1.Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Диас жігіт мен болам.

2.Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын.

Ұлан деген мен болам.

3.Қарақат қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай!

Мың бұралып билеймін,

Алдарыңда мен бүгін.

4.Ай мен күні анамның,

Ақылдысы апамның,

Ернұр деген мен болам.

5.Әли деген баламын,

Есепті мен шағамын.

1- оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

1-оқушы. Өтті оқу , сан сабақ,

Бүгін , міне, салтанат

Оқулықпен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ

Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Ән: Біз өмірдің гүліміз

Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
Әліппе: Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім - көрімдік

Болсын сізге , халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.

1.Әліппем, менің Әліппем!

«А» деген бастап әріптен.

Сөз құрап, жаза бастадым,

Тақылдап, таңба танып мен.

2.Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
3. Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
4.Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

5.Әліппем, менің Әліппем!

Өмірді келем танып мен.

Қайталап, айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!

Ән: «Әліппе»

1-ж. Сенің нұрын сөнбесін,

Ашық аспан, жарық күн.

Келешегі сөйлесін,

Қазақ деген халықтың.

Тілі балдай баланың,

Талабына жарық бер.

«Ертеңгілік» сабағын,

Жүргізетін әріптер.

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Хормен: Ал осының сыры неде түсінші.

«А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол балалар ғой әдемі.

Хормен: Біздің елде үшеуі де кәделі,

Сондықтан да алшақ кетпей расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

6. Үйретті бізді Әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдың дәріпке.

Әліппенің тапсырмалары.

Ана

Отан

Астана-жас қала.

Сөз құра: к, е, п, м,т,е; а,қ,р; а,л, а, б; л,а, қ, а.

5.«Қай әріпті жоғалттым»ойыны. Алм...рт, а...ма, өр..к, алхо...ы, ж..зім.

6.Мәтін оқыту

Әліппе: -Рахмет, балалар, сендер Әліппені жақсы түсініпсіңдер, енді ары қарай Ана тілімен танысасыңдар.

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын!

Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
1-ж. Балаларға ақ тілек,
2-ж.Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, сізге рахмет.
Ән «Балдырғандар»
7.Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты ,міне, балаңыз.

2-ж.Көзді ашып-жұмғанша,

Хош айтысты Әліппе.

Сыйлар білім өзіңе

« Ана тілің» төрлетсін.

Ана тілім кел төрлет,

Дүбірлі думан басталсын.

Жүректерді ән тербеп,

Шәкірттерің қуансын.

Ана тілі: Армысыздар ағайын,

Хош келіпсің баршаға.

Мен де келдім алдыңа

Алтын күздің сыйындай.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Құтты болсын қуаныш,

Құтты болсын мейрамың.

Ал шәкіртім сөйлей ғой,

Әліппеден не ұқтыңдар!

8.Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.



9.Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
1 - оқушы: А -ға й-қоссаңыз

Көкте тұрған ай болар.

Т-ны алдына тоссаңыз,

Бәсірелі тай болар.

2-оқушы.Ә әрпімен табамыз,

Әжемізді ақылгөй.

3-оқушы.Б дегенің-бабамыз,

Бауыржандай батыр ғой.

4-оқушы.М дегенің мал болар,

Қадір тұтқан бабалар.

5-оқушы.Д әрпінен бастасаң,

Дарқан дария далам бар.

6-оқушы. Қ әрпінен құралған

Бас - аяғы қазақтың.

7-оқушы. И дегенің-иманың,

Адамдықтың белгісі.

8-оқушы. Ш дегенің шапағат,

Тие берсін баршаға.

9-оқушы. П дегенің періште,

Желеп-жебер мың есе.

10-оқушы. О дегенің отбасы,

Отан деген ұғым бар.

1-ж.Терең ғылым сананың,

Тегі деп ой саламын.

Маңыз беріп оқитын

Математика сабағын,- деп ортаға математика пәнін шақырайық.

Математика: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың болар табылатын қасыңнан.

Өмірдегі заттарды

Есептеймін бәрін мен,

Төрт амалды қолданған,

Математика пәнімін!

-Балалар, маған арналған қандай сыйларың бар?

1. Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

2. Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын қарағым.

3.Екіден соң әрқашан,

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын ,

Екі айшық саламын.

4.Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы,

Төрт түліктің аяғы.

5. 4-тен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын,

Оңай табасың бесті.

6. Мен өзімді қатарға,

5-тен кейін қоямын.

Басым бірден басталып,

Нольден бітер аяғым.

7. Қара мына қызықты,

Көсеуді кім ұмытты.

7 болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты.

8. Менің атым сегіз,

Жетіден кейін деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек,

Мен боламын-сегіз.

9. Сегізден кейін тоғыз,

Алтыны төбесінен тұрғыз.

Сонда болам мен-тоғыз.

10. Әліппедегі О-ға ұқсаймын,

Сонда нөлге ұқсаймын.

Жеке тұрсам мәнім жоқ.

Бір орынды ұстаймын.

Матемаматика тапсырмалары.

1. 1-10-ға тура сана, кері сана.

2. Көршісін ата

3. Сан құрамын тап

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Би.

10. Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
11. Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән «Ақ мамам»

Әліппе: Құтты болсын ,балалар,

Алға аттаған қадамың!

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын. (бестік шашу)

Ана тілі: Жайнаса бұлбұл бүлдіршін,

Бір сыныпта оқыңдар.

Жайқалып тұрған көктемгі,

Өмірің сенің гүл болсын! (гүл шашу)

Математика: Өмір деген сан-саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол.

Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да,

Саған тілейтіні тек-ақ жол! (күріш шашу)

Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын қадамы балалардың.

1-ж. Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын!

2-ж. Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

Мұғалім: Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Ырым етіп, сондықтан ертеңгілік соңына,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонағымыз,- деп мектеп директоры Есболат Еслямбекұлына, ата-аналарға сөз береміз.
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңыздар.



© 2010-2022