Внеклассное мероприятие по казахскому языку

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді:

Күні: 18.04.2014 ж

Бала тілі -бал

Мақсаты: Оқушылардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап
Көрнекілігі: графопроектор, бейнесюжет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу
Қымбатты әріптестер, қонақтар және біздің сайыскерлеріміз!

«Бала тілі - бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

Сайысымызға үш топ қатысқалы отыр.

«Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға үш сайыскер тобымызды шақырайық.
1 - ші «Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Ұраны: 2030-дың біз барысымыз

Жетістікке бастайды әр ісіміз

Егеменді елімізді көрсетеміз,

Жақсы оқу -біздің парызымыз.
2 - ші «Құлагер»тобы;

Ұраны: "Құлагерлер" алға,

Қарсыластан қалма.

Батылдыққа баста,

Жарыстардан қашпа!
3 - ші «Сұңқар»тобын қошеметтеп ортаға шақырайық.

Ұраны: Біз "Сұңқарлар" тобымыз

Ойланамыз, табамыз

Қарсыластан жеңілмеуге,

Жеңіске біз талпынамыз.


Сайысты бастамас бұрын сендерге баға беретін әділқазылармен таныс болайық.

1. Иманкулова М.Е. - оқу ісінің меңгерушісі

2.Муздакова А.Ж.- тәрбие ісінің орынбасары

3.Суюнгарина М.Ж.-бастауыш класс мұғалімі

Балалар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Ширату,
2. Ойлан, тап!
3. Сұрақ-жауап.
4. Ертегілер елінде,

5. Бұл кім?

Ендеше 1 - ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»
Ойынның шарты: Мен сендерге сұрақтар жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс - әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты болмақ. Сұраққа бірінші жауап беру үшін, алдарыңызда тұрған жалауды көтересіңдер. Дұрыс жауапқа бір ұпай, жауап бермеген жағдайда ұпай берілмейді.

  • Ұлттық аспап (домбыра)

  • Мектептегі 45 минут (сабақ)

  • Көздің көру қасиетін жақсартатын зат (көзәйнек)

  • Дөңгелектің бұрыштарын ата (бұрыш жоқ)

  • Адам денесінің тірегі (қаңқа)

  • Жемістің тәтті суы қалай айтылады (шырын)

  • Бағдаршамның көздері(үш)

  • Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны (8)

  • Сол қолындағы саусақ саны (5)

  • Өрмекшінің аяғы нешеу (6)

  • Орманның айлакері (т үлкі)

  • Жерден жеңіл көтеріп аласың, бірақ алысқа лақтыра алмайсың. (жапырақ)

  • Сөзге шебер, тілге жүйрік адам. (шешен)

  • Қай кезде мысық үйден төрт аяғымен шығып,сегіз аяқпен кіреді. (тышқан ұстап қайтып келгенде)

  • Ханның бас киімі. (тәж)

  • Біреуі сөйлейді, екеуі көреді және екеуі тыңдайды. (тіл, көз, құлақ)

  • Темір жана ма? (жанбайды)

  • Балық жүзе ме? (жоқ)

  • Қоян ұша ма? (жоқ)

  • Торғай жүгіре ме? (иә)

  • Ұл бала нан жей ме? (иә)

  • Қарағайда алма өсе ме? (жоқ)

  • Тоңазытқыш сорпаны жылыты ма? (жоқ)


Бірінші бөлімнің ұпай сандарына кезек берсек....


Кезекті «Ойлан тап»бөліміне берсек. Балалар мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді сендер соның қандай зат екенін табуларын керек. Ойынның шарты түсініктіме?
1 - ші бейне сұрақ: Ернар (Қарбыз)
2 - ші сұрақ: Ернар (Балмұздақ)

3 - ші сұрақ: Санжар (Ғаламшар)

4-ші сұрақ:Нұрия (теледидар)

5-ші сұрақ:Санжар (машина)

6-ші сұрақ:Сымбат (лимон)

7-ші сұрақ: Нұрия (доп)

8-ші сұрақ: Ернар (құлып)
Ұпай сандарын қорытындыласақ.


Балалар көзді ашып жұмғанша

3 - ші бөлімге де келіп жеттік.

Үшінші бөлім: "Сұрақ-жауап."
Ойынның шарты мынадай:

Мен сендерге өткен оқу-іс әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты сұрақтар қоямын. Дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

Қазақ тілі

  • Мәтін нешеге бөлінеді.(3)

  • Дауыссыз дыбыс түрлерін ата.(Қатаң, ұяң, үнді)

  • Сөйлем түрлерін ата.(Хабарлы, сұраулы, лепті)

  • "Екібастұз" сөзінде неше буын бар.(4)

  • "Шәкірт" сөзінің синонимі.(Оқушы)

  • Болымсыз етістік қалай жасалады( -ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтары арқылы жасалады)

  • Тұрлаулы мүшелерді ата.(бастауыш пен баяндауыш)


Ана тілі

  • Әліппенің атасы кім?( А. Байтұрсынов)

  • Абылайханның шын аты кім?( Әбілмансұр)

  • "Менің атым Қожа"повесінің

авторы кім?(Б.Соқпақбаев)

  • Дарабоз атанған батыр.( Қабанбай батыр)

  • Қазақтың атақты суретшісі.(Ә.Қастеев)

Дүниетану

  • Кірпіге ұқсас өсімдік.(Кактус)

  • Ұя салмайтын құс.(көкек)

  • Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау.(жұмыртқа)

  • Топырақ дегеніміз не?(Жердің құнарлы қабаты)

  • Ең терең көл.(Байкал)

  • Адамның денесі неше бөліктен тұрады?(4- бас, мойын, кеуде мен қол аяқ)

  • Адамда неше жұп қабырға болады?(12 жұп қабырға бар)


Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық.

Және ұпайы аз топпен қош айтысамыз. Қай топтың ұпайы аз екен? Оны білу үшін сөз қазылар алқасына беріледі.





Ал, балалар төртінше бөлімді қалған екі топ жалғастырады.

Олай болса 4 - ші айналым «Ертегілер елінде»
Ойынның шартын түсіндірейін: Ертегіден үзінді тыңдатамын сендер оның қай ертегі екенін табасыңдар. Ойынның шартын түсіндіңдер ме?
1ші ертегі: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
2ші ертегі: «Түлкі, тасбақа және кене»
3ші ертегі: «Қаңбақ шал»

4-ші ертегі: "Ақымақ қасқыр"
Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер!



Төрт бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар!

Енді міне ақтық мәреге де жеттік.Соңғы айдар "Бұл кім?" деп аталады.

Бір кішкентай бүлдіршін сіздерге бізге келген қонақты сипаттап айтады?Ал сіздер болсандар ол кім екенін табуларың керек.

(кітапханашы Кунжарикова А.Ж)

Ол өзінің дайындап келген тапсырмасы бар екен.


Кітапханашы:"Ескірмейтін есті сөз"

Күнделікті өмірде ата-әжелерінің айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткіземіз. Кәне, кім көп біледі екен. Мен бір сөз айтамын, ал сіздер сол сөзге байланысты ырымдарды айтасыздар.


(пышақ, нан, бас киім, жақ, күл, үй, мысық, су, бет, мал, от, таңдай )


Тыйымдар:Пышақтың жүзін жалама.

Нанды баспа.; Бас киімді жерге тастама,біреуге сыйлама.;



Осымен «Бала тілі - бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Балаларды мадақтау, марапаттау.
Соңы.

















































Аққұдық орта мектебі

Өткізген:

Сагиндыкова А.С.

Бастауыш класс мұғалімі



2013-2014 оқу жылы



Аққұдық орта мектебі

«Бала тілі -бал»

(кластан тыс шара

1-3 класс)



© 2010-2022