Әдебиеттік оқу Әке 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әке мен бала" Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың тақырыбы: "Әке мен бала" Ы. Алтынсарин

Мақсаты:
• Білімділігі. Тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру.

• Дамытушылығы. Балалардың тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктері мен дағдыларын, сөздік қорын, тілін дамыту.
• Тәрбиелілігі. Үлкендерді тыңдауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер.

Жылулық шеңбері

Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Өткен тақырыпқа шолу

Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Өткен тақырып бойынша білімдерін еске түсіру, арқылы «Дыбыс» тақырыбына байланысты сызбаны құру.
- Дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз)
- Дауысты дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер? (жуан, жіңішке)
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- Жұп дауысты дыбыстарды ата.
Дыбыс
дауысты дауыссыз а, о, ұ, ы
жуан жіңішке ә, і, ө, е, ү

Ойын
«Табиғат құбылысы»

Ыбырай Алтынсарин (портреті)

Қостанай облысында дүниеге келген
Әліппе жазған
Балалар әдебиетінің атасы
Алғаш мектеп ашқан
ағартушы
ұстаз
жазушы

Ой қозғау
Мәтінмен жұмыс
Әке мен бала

«Әке мен бала» мәтінімен таныстыру.
1. Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет беру: 1841жылы 20қазан - қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. 1850жылы - Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне қабылданады. 1857 жылы - мектепті «үздік бағамен» бітіріп шығады. 1889 жылы 9шілде - дүниеден өтеді.
2. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді бөлімдерге бөлу. Әр бөлімді топта жеке - жеке оқып талдау. Бөлімдердің тірек сөздерін анықтау. (таға, тиын, шие)
3. Сөздік жұмысы: «таға, ұста» сөздерінің мағынасын талдау, осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.
ІІІ. Ой толау: Мәтін мазмұнын талдауға байланысты сұрақтар қою.
- Әкесі баласына тағаны неліктен алдырғысы келді?
- Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсың?
- Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
- Әкесі баласына қандай ақыл айтты? Мақалды мәтіннен тауып оқыңдар.
«Қарама - қарсы»элементтер арқылы мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру.
Әке Бала
Үлкен кісі, еңбектенді, ақылды адам, тағаны алады,
шие сатып алды. Жас бала, еңбектенген жоқ, тағаны алмады, ақылсыз бала,
сатып алмады.
Сергіту сәті
Қарлығаш боп ұшайық,

Қанат қағып алайық.

Ұшып ұшып алайық, Орынмызға қонайық.


© 2010-2022