Тәрбие сағаты Бастауышпен қоштасу (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш пен қоштасу мерекесі

«Бастауышым-балбұлағым»
Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен ,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздар мен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлымен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздермен тақырып,шар.

Кіріспе сөз:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған
«Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн - ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 «а» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.

Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақжаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қошкеліпсіздер, құрметті қонақтар!
Мұғалім сөзі:
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.
(Экранға назар аударыңыздар-слайд)
Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Джунусбеков Қажет Джунісбекұлына беріледі.

1 номер: .4 «А» сынып қыздарынын орындауында Қазақ биі қарсы алыныздар.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Бақдаулет: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Ақмарал: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Бақдаулет: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Ақмарал: Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Бақдаулет: Ия, мектебімізге қандай жыр арнасан да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1.оқушы:(Еркежан)

Мектеп деген білім кені , жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2. оқушы:(Мади)

Мектеп - үйім , ұстазымменің - ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған

3. оқушы:(Аида)

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ержетіп сенде сөзім, арттысанам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтседағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай біржүрекбұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

4.оқушы:(Оразалы)

Алтын ұя мектебім аялаған

Бар балаға білім беріп сая болған

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін

Жаманға да жақсығада пана болған!

5. оқушы:(Ақбота)

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен - бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

6. оқушы:(Аяжан)

Мектеп - кеме , білім - теңіз,

Бараржергетезжетеміз.

Төртжылалғанбілімнәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

2 номер: Ән мектебім қабыл алыңыздар.
Ақмарал: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Бақдаулет?
Бақдаулет: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Ақмарал: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

1. оқушы:(Нұрлан)

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып ,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2. оқушы:( Әсем)

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

3. оқушы: Қанат

Ұстаздың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны - бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы

4.оқушы:Миржан

Ұстазым бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген

5. оқушы:Еркежан

Өз шығармалығынан Еркенова Еркежан ұстазға,мектепке арналған жырын кабыл алыныздар

Мектебім менің аяулым

5 - ші сыныпқа таядым

Ұстазым менің Ақбота

Білімін оның ақтаймын

Айтқанынан қайтпаймын

Мен ұстазымды тыңдаймын

Ұстазым

Ұстазым менің арайлым

Жанымда болдың әрдайым

Білім беріп өсірдің

Біліміңді ақтаймын

Мектепті мен бітіріп

Сіздің жолынызды қуйын

Серік болып білімге

Арманыма самғаймын.
6.оқушы:Бауржан

Қиынға төзуге

Жамандықтан безуге

Жақсылық жасауға

Үйреткен қашанда

Мұғалім ол біздің

Бақдаулет:

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
3 номер.4 «А» сыныбының орындауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар.
Ақмарал бүгін міне бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?
Карина:

Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Айжол: Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Әсем: Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Ақжол: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол былғаймын.
Бақдаулет:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
4 номер:Ортага «Шығыс биі» билейтін қыздарымызды шақырамыз.
Ақмарал:

Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Бақдаулет:
«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата - аналар аманбысыз ардақты.
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Ақмарал: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Бақдаулет: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Ақмарал:5 номер:Ән: «Әкелер» Орындайтын Мұрат Бақдаулет
Ақмарал:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөзбар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей алмайсын» деген.Алайда ардақты анамыздың ақсүтін ақтай білгенгене жетсін!
Бақдаулет:Иә, дұрыс айтасынАқмарал!Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емеспе?
Ақ сүт беріп аялаған,
Бізден бәрін аямаған.
Жанашырым саялаған, Ол кім?

Бәрі: аяулы анамыз.
Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына қандай әсем әндерін арнайды екен.
6 номер.Ән: «Аналар туралы жыр» 4 «А» сыныбының орындауында.
Мұғалім: Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Габдуллина Бақыткамал Жексенбаевнаға беріледі.
7 номер.Сіздің құрметіңізге бишіміз Еркенова Еркежан мың бұралып би билейді.
Мұғалім: Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананаң,
Жүргенін көрген - бір мұрат, - деп ата - ананың өзбаласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.
(Ата-аналарға сөз беру)

8 номер .Сіздердің құрметтерінізге балаларынан ата - аналарына жаңа заман биін қарсы алыңыздар
Ақмарал: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде!
Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең - бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез - келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін!
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақжүрекпен мен тілеймін,
Тек - сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

1 - жүргізуші: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.
2 - жүргізуші: Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.
9 номер .Ән «Ұстаз» Ардақты ұстазым
Осымен Бастауышым балбұлағым атты қоштасуымыз өз мәресіне жетті.Қош - сау болыңыздар!


© 2010-2022