Дүниетану пәні сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналарымыздың мамандығы»

Мақсаты: Еліміз үшін мамандықтың бәрі де маңызды екендігін түсінеді

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)

Қызығушылықты ояту: Топқа бөлу, мамандықтар бойынша,топтық ережені құру (спикер,хатшы,басшы)

Ойтолғаныс: «Автор орындығы» оқушылар өз жұмыстарын оқып,таныстырады.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы берілген мәтінді түсініп оқу.

-Сендердің ата-аналарың не үшін жұмыс істейді?

-Сенің отбасыңда белгілі бір мамандық әулеті бар ма?

-Сен ата-анаңның мамандығын жалғастырғың келе ме?

-Өзіңнің мектептегі және үйдегі еңбегің туралы не айта аласың?

Дәптермен жұмыс: «Қандай мамандық?» ойыны, әр қатардағы сурет бойынша мамандықты анықтау, түсіндіріп жазу.

Шығармашылық жұмыс: Топтық жұмыс

«Біз мамандық таңдадық» тақырыбында жұмыс жасау,әр топ өз шығармашылық жұмыстарын орындайды, талдап,қорғайды.

1 топ- дәрігерлер

2 топ- құрылысшылар

3 топ- шаруашылықтағы адамдар

Үйге тапсырма: Оқулықтың 12, 13 беттерін түсініп оқу.

Ата-аналарынан олардың мамандықтары жайлы сұхбат алып,жазып алу.

Қорытынды: Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)

-Мен сабақты жақсы түсіндім -жасыл түс

-Мен сабақты түсінген сияқтымын- сары түс

-Маған сабақ түсініксіз болды- қызыл түс



© 2010-2022