Тақырыбы: Дауыссыз б мен п Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:

2 «Б»

Пәні

Қазақ тілі

Уақыты:09.10.2015

Мұғалімі: Б.И.Куспанова

Сабақтың тақырыбы

Дауыссыз б мен п әріптерінің емлесі

Мақсаты

Үнді,қатаң, ұяң дыбыстарды еске түсіріп,б мен п әріптерінің емілесін меңгету.


Күтілетін нәтиже

А. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу.
В. Оқушының фонетика бойынша білімін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін нығайту;
С.Күз мезгілінің ерекшелігін көре білуге, әдемілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі,типі

қайталау

Әдіс-тәсілдер:

«Қораптағы сұрақ», «Қар үйіндісі» бағалау

Көрнекіліктер:

көкөністер мен жемістер суреттері, сызба, дауыссыз дыбыс түрлері жазылған парақтар, оқулық

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Психология

лық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушы

лықты ояту

«Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
- Қазақ әліпбиінде 42 бар. (Иә)
- Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)
- Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ)
- Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)
- я дыбысы (й+а) дыбыстарынан құралған. /иә/
- сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс

«Дауыссыз дыбыстар»

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң…

Ұяң...

Үнді...

Көркем жазу

Оқулықпен жұмыс.

92-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аударту.

Кітап,доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгергенін сұрау.

Ережемен жұмыс

Өзіндік жұмыс.93-жаттығу.

Берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жаздырту,

п-ның өзгеру себебін түсіндіру.

Топпен жұмыс

3-топқа Тәртіп, топ, қорап сөздерін беру арқылы сөйлемдер құрату,оларға дыбыстық талдау жасату.


Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады.

Қатаң:к,қ,п,с,т,,ф,х, һ,ц,ч,ш,щ

Ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з

Үнді: л,м,н,ң,р,й (у)

Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.

Оқушылыар әдемі ,көркем етіп дәптерлеріне жазады.

Кітап - кітабы, жіп - жібі. Балдырған бірінші партада отырады

Оқушылар 92-жаттығудағы сөйлемдерді оқиды. Кітап,доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгергенін өз түсініктері бойынша айтып береді.

Оқулықтағы ережені оқушылар хормен оқиды.Мағынасына назар аударады.

Оқушылар 93-жаттығудағы

берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жазады,

п-ның қалай өзгергенін түсіндіріп айтып береді

Әр топ өздеріне берілген сөздермен сөйлемдер құрайды және сол сөзерге дыбыстық талдау жасайды.Топ ішінде өзара талқылап,әр топтан бір оқушы оқиды.

Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар бірге хормен айтады.

Ой толғаныс

Тақтада жұмыс.

95-жаттығудағы екі бағандағы сөзерді жұптастырып жазғызу.

Сөз соңындағы п дыбысының б- ға өзгеру себебін түсіндіру


Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру. Сөздердегі керек әріптерді қойып, айту.

Жаттығудағы екі бағандағы сөзерді жұптастырып жазады.

Шап - шабу

Жап - жабу

Теп - тебу

Сеп - себу

Тап - табу

Кеп - кебу

Сөз соңындағы п дыбысының б- ға өзгеру себебін түсіндіріп айтып береді.

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 96-жаттығуда берілген берілген сурет бойынша әңгіме құрау /33 бет/

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Тақырыбы: Дауыссыз б мен п Қазақ тілі

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022