Талшыбық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Талшыбық.

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Әңгімені түсініп,мәнерлеп оқуға,мазмұнын

әңгімелей алуға үйрету.

ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,өз кінасын

мойындап,қатесін түзете білуге ,жақсы мен жаманды

ажырата білуге тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту.

Пән аралық байланыс:дүниетану,салауаттану.

Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.

Түрі:аралас сабақ.

Көрнекілігі:Көктем көрнісі.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.

1.Үнемшіл адам қандай болады?

2.Сараң адам қандай болады?

3.Айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ дайындық.

Сұрақтар:

1.Ағаш отырғызу жылдың қай мезгілінде істеледі?

2Ағашты қалай отырғызады?

3.Шыбықты қалай күтіп -баптайды?

4.Ағаш неге дұрыс өспей қалады?

IV. Жаңа сабақ.

1.Мәтінді оқып беру.

2.Сұрақ қою арқылы мазмынын талдау.

а\Оқушылар не істеді?

ә\Олар кеткен соң Ермек не істеді?

б\Көрші атай Ермекті не істеуге шақырды?

в\Ермек неге төмен қарады?

г\Ермек қателігін түзеді ме?

3.Мәтінді бөлімге бөліп оқыту.

1)Ермектің шыбықты жұлып алуы туралы бөлім.

2)Атайдың Ермекті көмекке шақыруы туралы бөлім.

3.)Ермектің өз ағашын күтіп-баптауы туралы бөлім.

V.Сабақты бекіту.

1.Ермек қандайбала?

2.Оның орнында болсаң не істер едің?

3.Атай неге ұрыспады?

4.Ағаштың қандай пайдасы бар?

VI. Үйге тапсырма.

Мәнерлеп оқыту

Мазмұнын әңгімелеу.

VII. Бағалау.


© 2010-2022