Дүниетану. тақырыбы: Табиғаттағы жыл мезгілдері (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ақтөбе қаласы, №59 орта мектебі, 1 ә класс мұғалімі: Жанпеисова Алмагул Албергеновна


Пәні: дүниетану

Уақыты: 28.11.15

Мұғалім: Жанпеисова А.А.

Сабақ тақырыбы

Табиғаттағы жыл мезгілдері

Сабақтың жалпы мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау. Табиғатқа қамқорлықпен қарау қатынастарын тәрбиелеу. Табиғат құбылыстары мен заттар арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып, қоршаған дененің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік

Көрнекіліктер

жыл мезгілі суреттері, слайдтар, үлестірме қағаздар .

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

- Айналада неше тұс бар?

-Олар қалай аталады?

- Ауа райын шартты белгілермен тақтаға жазып көрсет: аспан ашық, -4º, *

Көкжиек туралы түсініктерін сұрап, білімдерін тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты «Жазғы еңбек» тақырыбында сурет салған оқушыларды тексеру .

Қызығушылықты ояту

1. Суретпен жұмыс

2. Табиғат және бақылау күнделігімен жұмыс. , + º, - º

Жаңа материалмен жұмыс.

3. Мұғалім түсіндірмесі:

2. Жұмбақ шешейік.

1. Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

2. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

3. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

4. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Мағынаны тану.

  1. Жыл мезгілдерін ата: қыс, көктем, жаз, күз...

Жыл мезгілдері туралы білетіндерін сұрақтар арқылы анықтау.

  1. Оқушылар 4 топқа бөлініп, Жыл мезгілдері тақырыбында суреттер салып, өз ойларын ашып айтуға мүмкіндік жасау.

6. Жыл мезгілдері туралы өлеңдер оқу.

- Осы өлеңде қай мезгіл суреттелген?

(Оқушылардың әр жыл мезгілінің ауа райы туралы түсініктерін байқау. Күзгі, қысқы өлі табиғат өзгерісі: аспанның қалпы, күннің ұзақтығы, салқындауы.)

- әр жыл мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле?

- Адамдар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле?

- Жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

2.Оқулықпен жұмыс.

Мазмұнды суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

«Атамұра» Жыл мезгілдері - мәтінге талдау жасау.

Ой толғаныс

  1. Дүниетану дәптерімен жұмыс:

Жыл мезгілдерін ажыратып белгілеу, жазу

2. Тест сұрақтары.

1. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5

2. Термометр түтікшесінің ішінде не бар?

а) су ә) сынап б) сұйық зат в) дәрі

3. Табиғаттың тірі денелерін белгіле.

а) тас ә) жел б) кітап в) жануар

4. Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?

а) + ә) 0 б) - в) *

Үйге тапсырма

32-33 бетті оқу. Жыл мезгілдері

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.











© 2010-2022