Батылдық пен өжеттік 4 өзін-өзі тану

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттік

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет .

Қасиеттер: Батылдық, өжеттік , татулық.

Мұғалiм_Буркитбаева Молдир Агилбековна_Сынып 4_Сабақ 21

Мақсаты: Батылдық, өжеттік, адамгершілік құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: батыл және өжет туралы түсінік беру; ататегін

қастерлеуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта,

оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

5 «Т» ережесін еске түсіру:

Тәртіп

Тыныштық

Татулық

Талап

Тазалық

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін тыңдау.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі.

Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:

* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс - әрекетінен байқадыңдар?

* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

* Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

* Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңда

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.

- Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата - анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.

Топтық тапсырма беру

І топ Батырлар туралы мақал-мәтелдер айту

ІІ топ Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер?

ІІІ топ Бес жолды өлең

Топтық жұмыс .

1-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер

1.Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты.

2.Ақжолтай батыр.

3.Махамбеттің серігі.

4.Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры.

5.Желтоқсан оқиғасының батыры.

Қорытындылау

- Батылдық - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.

Жүректен жүрекке

Балалар бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді:

- Бір - бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.

- Деніміз сау болсын.

- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т. б.

Өлең оқыту

Батыр ата

Ө. Тұрманжанов

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды -

«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.

Үй тапсырмасы:

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.



© 2010-2022