Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді қайталаймыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 46 орта жалпы Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді қайталаймыз

білім беретін мектебінің сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі

Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы

3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді қайталаймыз Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем мүшелері жөнінде алған білімдеріне сүйене отырып, тұрлаулы мүшелер, олардың сөйлемдегі орны туралы білімдерін жинақтап,түсініктерін жалпылау. ә) Өз бетімен іздене жұмыс істей білуге баулу. Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар мен ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану арқылы сабаққа қызығушылығын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша тілін дамыту. б) Әдептілікке , адамгершілікке, сауаттылыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: шығармашылық тапсырмалар, күннің шуағы бейнеленген парақша Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, дүниетану Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі - Балалар, бәріміз де назарымызды тақтаға аударайық. Таңертең де, түсте де Көкке бетін бұрады. Жылылығын баршаға Төгеді де тұрады. Бұл не?

  • Күн
- Ендеше, бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, көңіл күйімізді шуақта бейнеленген сөздерді пайдаланып, алдымыздағы парақшаға жазамыз да шетке қоямыз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  • Біз суретте ненің шуағын көрдік?
  • Күннің нұры жылдың қай мезгілінде шуағын мол төгеді?
  • Ендеше, үйге берілген «Көктем шуағы» тақырыбында жазған әңгімемізді тексерейік.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс

Бастауышпын Бәрінің иесімін Маған қарап құрайсың Ой жүйесін. Баяндауыш Не болғанын баяндайды Жазған бала нүкте қойып, Сөйлемін аяқтайды.

  • Бастауыш пен баяндауыштан болған сөйлемді жай сөйлемнің қай түріне жатқызамыз?
  • Жайылма сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
ІV. Дәптермен жұмыс (музыка ойналады) Көркем жазу сәті (Үү)
  • Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын? Жауабы: сөйлем
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем айтылу мақсатына қарай, құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
1 - жаттығу
  • Берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырамыз.
2 - жаттығу
  • Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады? Жауабы: сұраулы сөйлем Бастауыш та зат есім Баяндауыш зат есім Ортасында келетін Тыныс белгі мен деген Жауабы: сызықша V. Сергіту сәті І. «Жауапты сұрақтан ізде» ойыны 1. Қолына раушан гүл ұстаған қыздың атын білесің бе? (раушангүл) 2. Қоянбаев Әсет орманда қандай аңды көрді? (қоян) 3. Ертеде талды қорған болған қала қазір қалай аталады? (Талдықорған) ІІ. «Сөз құра» ойыны
  1. Тауық, үтік, бор, ілгіш, ракета
(түбір)
  • Түбір дегеніміз не?
  1. Жапырақ, арыстан, зырылдауық
(жаз)
  • Жаз сөзінің омонимін тап.
  1. Әліппе, сағат, етік, мысық
(әсем)
  • Әсем сөзінің синонимін тап.
  • Сөйлем құрап беремін
Жаңа ойды теремін. Санап алсақ болғаны Қанша тірек керегін? Жауабы: сызба 5 - жаттығу
  • Берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрастырайық.
«Адасқан әріптер» ойыны
  • мәіде йбади ежует
ажун тқама шінүіш ілкшөк ұқабт езгсі VI. Сабақты қорытындылау
  • Сөзден не құраймыз?
  • Сөйлем құрау үшін қандай мүшелер қажет?
  • Бастауыш пен баяндауыш болған мүшені сөйлемнің қандай мүшелері дейміз?
VII. Үйге тапсырма беру
  • 93-беттегі 4 - жаттығу және ережені қайталау.
VII. Бағалау
  • Жақсы - бір қалыпты адам, өте жақсы - барлық істі жақсылыққа жоритын адам, тамаша - әсерлі адам, керемет - жан дүниесі мол, орташа - қанағатшыл, көңілді - көпшіл.
  • Леп белгісі - Айналайын! - «5»
Нүкте - Ақылдым! - «4» Сұрақ - Балапаным! - «3»
© 2010-2022