Ашық сабақ қазақ тілі тақырыбы түбір сөз және туынды сөз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Түбір және туынды сөздер»

Сабақтың білімдік мақсаты: Бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, өнерге, спортқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қысқы ойындар суреттері, ребус, жаңылтпаштар, сызбалар, т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық

Кім кезекші?

Жылдың қандай айы?

Аптаның қай күні?

Бүгін нешесі?

Үйге не берілді?

Үй тапсырмасын тексеріп шығайық

Өткен сабақта біз сендермен не өттік? 5-мин

-Дұрыс балалар

-Өткен сабақты бекіту мақсатында Мына сұрақтарға жауап берейік

Жемістерді таңдау 5-мин

Алмұрт- түбір сөз дегеніміз не?

Жүзім- Туынды сөз дегеніміз не?

Банан- Жұрнақ деген не?

Шие- Жалғау деген не?

Жақсы балалар Бүгін біз сабақта «баспалдақ ойынын ойнаймыз»

Әр баспалдақта өткен тақырып бойынша тапсырмалар берілген.Сол тапсырмаларды орындаған сайы баспалдақтың ең жоғарғы сатысына жету керек.Әр тапсырманы бағалау экранына еңгіземіз.

-Дайынбыз ба?

-Жақсы кеттік онда .2-мин

1 тапсырма

1)Түбір сөздерге -шы,-ші,-ды,-ді,-лы,-лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жаса.

Жыр, тәрбие, еңбек, сын, тау, сән, көр, көңіл, су, құрылыс, төре, футбол.

2)Туынды сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлем құрап жаз.3 мин

2-тапсырма

Көп түктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз.

1.Еңбек...... нан.... тәтті, жалқау... жан... тәтті.

2.Ер.....ат..... еңбек шығарады.

3.Жер....бай.....-ел... бай.

Сөз құрамына талдау 3-мині

Сергіту сәт 1мин

3-тапсырма

Әр сызбаға сай сөз тауып жаз 5-мин

4-тапсырма

Ребус шешу 5-мин

5-тапсырма

Берілген тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрастыр. 5мин

6-тапсырма

Сөзжұмбақты шешу

сабақты қорытындылау 5мин

Кім мәреге жетті? Бағалау Рефлексия

Ашық сабақ қазақ тілі тақырыбы түбір сөз және туынды сөз

Cабақ өте қызықты өтті. Маған барлығы түсінікті болды.

Ашық сабақ қазақ тілі тақырыбы түбір сөз және туынды сөз

Сабақ ұнаған жоқ. Сабақтың аяқталуын тез күттім.

Ашық сабақ қазақ тілі тақырыбы түбір сөз және туынды сөз

Сабақта қиыншылықтар болды.

Түк түсінген жоқпын.

5мин


© 2010-2022