Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі

Сыныбы : 4 «ә»

Сабақтың мақсаты : Жіктік жалғау туралы түсінік беру, жіктік жалғауының үш жағы барын айту, әрқайсысының өздеріне тән арнайы қосымшалары барын таныту. Ауызша , жазбаша тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері : 1. Тапсырмалар орындау арқылы жіктелген зат есімдерді табады. 2. Оқушылардың ой - өрісі атады. Өзара пікір алмасады.

3. Оқушыларға өз ойларын қорғай білуге үйрету.

Көрнекіліктер : тірек схема, слайдтар , суреттер.

Пайдаланылатын құрал : интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі : «Ой қозғау» , «Топтастыру» , « Еркін жазу » , «Бір айналым сөйлесу».

Сабақтың түрі : жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы.

Сабақтың барысы: I . Қызығушылықты ояту.

1. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

2. Поэзия минуты ( Тақтада жазулы өлеңді хормен оқиды ) .

Қазақ тілім - өз тілім , ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені

Болашағым , бақытым , дара тілім.

3. Ой қозғау . Өткен сабақты пысықтау. «Екеуара жұмыс»

Оқушыларға септіктер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.

Оқушылар септік жалғаулары бойынша 5 сөзден жазады. Мысалы :

Кітаптың Үйдің

Баланың Таудың

Мектептің Қаланың

Айдың Күннің

Гүлдің Үстелдің

II .Мағынаны ашу. Жаңа тақырыппен таныстыру . Ол үшін оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі.Көбейту кестесін дұрыс орындағанда жаңа тақырыптың аты шығады.

2

3

4

5

6

7

8

9

2

З

Ң

3

А

Ж

4

Т

І

І

5

Е

І

6

С

Н

К

У

7

І

М

Т

8

Е

Л

9

4

9

16

20

18

14

35

30

24

12

27

32

36

49

64

72

54

45

З

А

Т

Е

С

І

М

Н

І

Ң

Ж

І

К

Т

Е

Л

У

І

« Зат есімнің жіктелуі » туралы ережені түсіндіру.

Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда , оған I,II жақта жіктік жалғау жалғанады.

Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше , көпше түрде жалғанады :

Жекеше Көпше

I жақ - бын , - бін - быз, - біз

- мын , - мін, - мыз , - міз

- пын, - пін - пыз, - піз

II - сың , - сің - сыңдар, - сіңдер

III -

2. Оқулықпен жұмыс.

104- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.Қарамен жазылған сөздердің қай сөз табында тұрғанын айт.Түбірі мен жалғауын ажырат.

Шалғымын , көжексің .

Дәптермен жұмыс. Дәптерге күнді жазу. Көркем жазу.

Қ қ

Желтоқсан, қаңтар, ақпан - қыс айлары .

105- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.Бір- біріне түсіндіре отырып , сөйлем мүшесіне талдау.

Мен оқушымын. Сен оқушысың. Ол - оқушы.

Сергіту сәті.

Гүл өсірсек терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксек зерлеп

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

106 - жаттығу . Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сөйлем мүшесіне талда.Баяндауыштар қай сөз табынан болып тұр.

Мен суретшімін. Сен бишілер тобының мүшесісің . Олар - құрылысшылар. Сіздер атақты кәсіпкерсіздер.

107- жаттығу. Зат есімдерді тиісті жалғауларымен сәйкестендір.

ақын - сіңдер

студент - міз

аспаз - быз

әнші - сыңдар

күйші - піз

ұста - бын

бала - сың

( Оқушылар интерактивті тақтада жұмыс жүргізеді )

108 - жаттығу .Берілген сөздерді жекше , көпше түрде жіктеп жаз.

I топ : Жұмысшы II топ : іні III топ : суретші.

III. Ой толғаныс. « Бір айналым сөйлесу стратегиясы»


  • Балалар , бүгін не үйрендік ?

  • Қай тәсіл ұнады?

IV. Үйге тапсырма : 109- жаттығу . Ребусты шешу.Сөйлем құрау.

V. Бағалау. Әр оқушы «Білім пердесі » атты бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.


Білім пердесі

Кезеңдер

Оқушының өзінің бағасы

Көршісінің бағасы

1

Екеуара жұмыс


2

Шығармашылық тапсырма


3

Деңгейлік тапсырмаларды орындауы


4

Жаттығуларды орындауы




I топ

1 - тапсырма . Зат есімдерді тиісті жалғаулармен сәйкестендір.

оқушы - мыз

әнші - сыңдар

бала - мін

дәрігер - міз

2- тапсырма . Жұмбақтың шешуін тап.

Бірде орақпын,

Бірде доппын.

Бірде бармын ,

Бірде жоқпын.

Жіктеулі зат есімдерді тап.

3 - тапсырма . Жіктік жалғауға сәйкес келетін келетін зат есімдерді тап.

... - мын

... - пын

... - сың

... - сің

II топ тапсырмалары

1 - тапсырма . Зат есімдерді тиісті жалғаулармен сәйкестендір.

оқушы - мыз

әнші - сіңдер

биші - мін

етікші - міз

2- тапсырма . Жіктеулі зат есімнің астын сыз.

Мен балғамын , балғамын ,

Бар- ау біраз салмағым.

Жұмыс берсең болғаны ,

Өзім білем қалғанын.

3 - тапсырма . Жіктік жалғауға сәйкес келетін келетін зат есімдерді тап.

... - мын

... - пын

... - сың

... - сің

3- топ тапсырмалары

1- тапсырма . Қобызшы сөзін үш жақта жікте.

Жекеше Көпше

I

II

III

2- тапсырма . Жіктік жалғау жалғанған сөздердің астын сыз.

Мен - озат оқушымын.

Олар - суретшілер.

Сіздер - әншісіздер.

3- тапсырма . Тәуелдеулі зат есімді тап.

Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті

Кеште тікті.


© 2010-2022