ҚМЖ математика пәнінен Ауданның өлшем бірліктері тақырыбы бойынша

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Сыныбы: 3

Күні пәні-математика

Сабақтың тақырыбы

Ауданның өлшем бірліктері дм2, м2

Тіктөртбұрыштың ауданын табу

Мақсаты

Ауданды өлшеу туралы білімдерін кеңейту

Күтілетін нәтижелер

Ірі аудандарды өлшеу туралы білімдері кеңейеді.

Квадрат дециметр, квадрат метр ұғымдарын қолданады. Фигуралардың ауданын табуды біледі.

Керекті жабдықтар

Оқулық, қажетті құралдар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Оқушыларды жұдырықтасу арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру

№ 6 есепті дұрыс үлгі бойынша топта жұптасып бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

S=a*a=a2

Р=3*4=12 P=12 cм

Sшаршы =3*3=92

P=4*4=16 P=16cм

Sшаршы=4*4=162

Оқушылар амандасады. Нұсқау бойынша топтарға бөлінеді.

Топта бірінің жұмыстарын тексереді,ішінен дұрыс орындағандарын анықтайды.

Тұсаукесер

17-22 мин

Жаңа сабаққа кіріспе.

Балалар біздер алдынғы сабақта қандай тақырып өттік?

Геометриялық фигуралардың ауданын қалай белгілейміз? /S/

Үлкен аудандарды қандай өлшем бірліктермен өлшеген тиімді деп ойлайсыздар?

Сонымен, бүгінгі сабағымызда үлкен аудандар ірі өлшем бірліктерімен өлшенеді. дм2 м2

Бүгінгі тақырыбымызды жазып алыңыздар.

«Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы»

/S/

Оқушылар өз ойларын айтады, пікірлері әртүрлі болуы мүмкін.

Негізгі бөлім

23-40 мин

Квадрат дециметр- дм2

Квадрат метр- м2

1дм2=100см2

2 =100дм2

Оқулықпен жұмыс.

Балалар қолдарыңа қарындашты аламыз да дәптердің шетінен тор көздің қиылысқан жерінен нүкте белгілейміз, белгіленген нүктеден екі торкөз аттай отырып,он нүкте белгілейміз, шеткі нүктеден төмен қарай екі торкөз аттай отырып он нұкте белгілейміз, солға және жоғары қарай он нүкте белгілейміз. Енді белгіленген нүктелерді тұйықталған сызықтармен қосайық. Сонда біз графикалық жұмыс жүргіздік.

Қандай фигура шықты? / шаршы/

Осы фигураның ұзындығын, енін өлшейміз. Шаршының қандай қасиеті бар?

Ауданын табамыз. S=10*10 S=100cм2

3 топқа а,ә,б нұсқалары беріледі. Топта талқылап, шешуін табады. Шешуін түсіндіреді.

Топқа топшама ретінде беріледі.

№4 тапсырма


Сергіту сәті.

№5 көбейтіндіні көбейткіштердің квадратымен алмастыр. Өрнектің мәнін тап.Тапсырма тақтаға орындайды.

№7 тапсырма ауызша топтарда талқыланып, қағазға жазылып көрсетіледі.

Оқушылар берілген нұсқау бойынша жұмыстанады. Қойылған сұрақтарға жауап беріледі.

№1 тапсырмаларды орындайды.


ә/ S= a*a =a2 S=1м*1м=1м2

б/ партаның ауданын квадрат дециметрмен өлше.

в/ өз сыныбыңның еденінің ауданын квадрат метрмен өлше.

№2 есеп ауызша орындалады

а/ қатар -3

баған-4. Шаршылар саны- ?

Ш:3*4=12

ә/ баған-5

қатар- 4

шаршылар саны-?

Ш: 5*4=20

S=a*b=b*a

S=a*b= 2*4=8

S= b*a= 4*2=8

S=a*b= 6*2=12

S=b*a= 2*6=12

Қорытынды: енін ұзындығына көбейткенде де, ұзындығын еніне көбейткенде де ауданнын мәні өзгермейді.

a/4*4=42= 16 б/ 42=4*4=16

5*5=52=25 22=2*2=4

2*2=22=4 52=5*5=25

1*1=12=1 62=6*6=36

6*6=62=36 12=1*1=1

3*3=32=9 32=3*3=9

Қорытынды

Сұрақ-жауап әдісімен кері байланыс орнатылады. Оқушылар ауданның өлшем бірліктерін біледі. Фигуралардың ауданын таба алады.

Үй тапсырмасын беру

№6 тапсырма және өз дәптерлері мен кітаптарының ауданын табу.

Оқушыларды бағалау: оқушылардың өзара бағалауы өтті. Формативті бағалау болды.



© 2010-2022