Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні : Әдебиеттік оқу

Күні : 21.10.14

Сыныбы : 3 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері Ту туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылығы: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Тәрбиелілігі: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,музыка , сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз -еңбектену,

Еңбектену арқылы

Бестікке қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?

Әр топқа «Астана» мәтінін мазмұндату.
Қызығушылықты ояту
- Сонымен біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қай жылы Астананың мерей тойы аталды?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау,

ІҮ. Жаңа сабақ: «Есте сақта » ойыны.

Суреттен әр елдің туын, елтаңбасын, әнұранын көрсету.

  • Біздің қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

  • Біздің мемлекетімізбен достықта , татулықта өмір сүріп жатқан қандай елдерді білесіңдер?

  • Ендеше, назарымызды мына берілген суретке аударайық.

  • Оқушылар сендер суреттен нені байқадыңыздар ?

  • Бұл суреттерді бір ауызбен қалай атауға болады?

  • Өте жақсы. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту.»

Дәптерге күннің ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жазу.

  • Ендеше балалар жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын кімнің , қай топтың алғыр , жылдам, ұшқыр екенін білу үшін сіздерді 3 топқа бөлемін.Ол үшін жұмбақ жасырамын. Қай топ шешуін тапса сол топ менің жасырған жұмбағымның шешуіндегі сөзбен аталады?

1.Ұяны биікке салады

Көгімде қалықтап барады.

Атанған аңшының серігі

Жұмбақтың шешуін

Кім жылдам табады? (қыран құс)
1 - топ: Қыран.

2. Қызыл күлше тау асады,

Ыстық нұрын шашады. (Күн)

2 - топ: Алтын күн

3. Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған. (Аспан)

3 - топ: Көк аспан.

Сергіту.сәті . «Мен қазақпын»өлеңіне жаттығу жасау.
1. Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау. Автор туралы түсінік беру.

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков - суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.

Ш.Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда Тараз жерінде дүниеге келген.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген еңбектері үлкен байқаулардан орын алған дарынды суретші. 10 жасында жетім қалып көптеген қиындықты басынан кешкен. Аты елге мәлім болған Шәкен ағамыз 2014 жылы 16 тамызда 75 жасында дүниеден озған.
2. Оқулықпен жұмыс: мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру, Ту туралы қосымша түсініктер беру.
Ту (ағылш. flag) - арнайы түстері бар белгілі бір геометриялық пішінге ие мата. Әдетте тулар флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік ту мемлекеттік рәміз болып табылады. Мемлекеттіктен басқа көптеген елдерде әскери және коммерциялық тулар бар.
Туларды зерттеумен айналысатын ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum - «ту», «байрақ») деп аталады.

Ту найза немесе басқаша бейнелер түріндегі металл ұштығы бар ағашқа бекітілген белгілі бір өлшем мен матадан тұрады. Ту жауынгерлердің жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т. б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған.

Шайқаста Туынан айрылған жасақтар таратылды. Шайқас кезінде дұшпан Туларын қолға түсіргені үшін жауынгерлерге ерекше марапаттар жасалды. Көшпелі халықтарда да (сақ - скифтер, ғұндар, түркілер, т. б.) Туды жауынгерлік рухтың белгісі ретінде ерекше құрметтеген. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найзаның сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерге күш беріп қорғау үшін оған киелі белгілер (жыртқыш аңдар мен айдаһардың басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) салынды. Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Қазақ қоғамында ханның Туынан басқа, белгілі қолбасыларға да Ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды. Ол Тулар кейіннен сол батырдың ұрпақтарында қалып, кие тұтылды. Ауру - кеселден, жамандықтан қорғайды деп қастерленді. Соғыс кезінде Тудан айырылған жағдайда бөлім командирі мен тікелей кінәлілер әскери трибуналмен сотталып, әскери бөлім таратылады. Тудан айрылу өліммен бірдей болған.

Мемлекеттік Ту тігілетін немесе орнатылатын жерлер де заңда көрсетілген. Олардың қатарында Елбасы резиденциясы, Парламент пен Үкіметтің министрліктері мен өзге де орталық атқарушы органдардың Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттар мен жергілікті органдардың ғимараттары бар. Олардың бәрінде де Мемлекеттік Ту ұдайы желбіреп тұруға тиісті. Дүниеге келген нәрестелер және некені салтанатты түрде тіркейтін орын - жайларда да Мемлекеттік Ту ұдайы ел назарында тұруы керек.Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту

Туды сонымен қатар еліміздің спортшылары жеңіске жеткен кезде көтеріледі. Қазақстанның олимпиада чемпиондары, сонымен қатар жерлес әлем чемпионы атанған спорт шеберлерімен таныс болайық.

Мемлекетіміздің даңқын асқақтатып әлемге танытқан кезде кеудемізді қуанышқа мақтанышқа бөлейді. 4- маусым мемлекеттік рәміздер күні. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында 32 - шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың сабының тұсынан ұлттық өрнектегі вертикальды жолақ өтеді. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес болуы тиіс. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2 т.б., егер тудың ені 1,5 м болса, онда оның ұзындығы 3 м тең болады.

Әр топқа тапсырма беру.
1. Мәтінді жүгіртіп оқу.
2. Оқушылардан Ту туралы білетіндерін сұрау.
1. Туған жер ,Отан туралы мақалдар «Жалғасын тап » ойыны. Әр топ бір -біріне мақал айтып жалғасын келесі топ табу керек.
2. «Егер мен Президент болсам...»тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.

3. «Менің қиялымдағы мемлекеттік ту» суретін салу.
5. Сұрақ - жауап:
- Мемлекеттік Тудың авторы кім?
- Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?(1992ж.4 маусым)
- ҚР - ның рәміздері қашан қабылданды?
- ҚР - ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991ж16ж)
- Вексиллология деген не?
- Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен ені қандай?
- ҚР Конституциясы қашан қабылданды?(1995ж. 30 тамыз)
- Қазақстанда қанша облыс бар?(14 облыс)
ҮІ. Сабақты қорыту:
- Мемлекетіміздің рәміздерін ата.

«Ойлан тап !» ойыны. Жасырынған пішіндерден сөз құрау.

Құпия сөздің кілті: «Ел ертеңі, болашағы»

- Ел ертеңі , болашағы кімдер ?

-Әрине сіздер.Ендеше орнымыздан тұрып өлең жолдарын оқып жіберейік.

Ел үмітін ақтаймыз

Болашақты сақтаймыз.

Қолға ұстап көк туды

Биікке мәңгі сақтаймыз.

-Егеменді еліміздің болашақ туын көтеріп, мәртебесін арттырар ұланы болатындарыңызға үлкен сенім білдіре отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу 83 - 85 беттер, 1 шумақ өлең жазып келу, Тудың суретін салу.
Бағалау: Ұтқан топты марапаттау.



© 2010-2022