Жеті лақ ертегісі тех карта

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеті лақ ертегісі тех картаЖеті лақ ертегісі

Қуанова Лиза Муратжанқызы Орал қаласы №2 «Шағала» МдҰ І-санатты тәрбиешісі

Жеті лақ ертегісі

Білім беру саласы:Таным,қатынас,шығармашылық

Бөлімі: Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Мақсаты:Балалардың ертегі туралы білімдерін одан әрі дамыту,ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдап,рөлдерді бөліп ұйымшылдықпен ойнауға,ойын барысында жаман-жақсыныәрекеттерді ажыратып ,үлкенді құрметтеп ,кішіні қамқорлауға үйрету.Ертегі кейіпкерлері арқылы мейірімділікке және шын достыққа тәрбиелеу.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Ертегі әлеміне саяхат жасау

Әдіс- тәсілдері: сөздік,ойын,түсіндіру

Көрнекіліктер:жеті лақ ертегісінің кейіпкерлері, экран,гипс балшығы,мақта

Билингвалдық компонент: ешкі-коза,лақ-козленок,қасқыр-волк,орман-лес

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту: Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік:

Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Бәрекелді, балалар! Енді орысша амандасайықшы.

Жарайсыңдар, енді ағылшынша амандасайықшы

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын атаңдаршы?

Балалар ертегіні жақсы көресіңдерме?

Балалар олай болса экранға назар аударайық бірнеше ертегілерден үзінді көреміз,мұқият қараңыздар.

-Қандай ертегі?

-Бұл қандай ертегі?

Тәрбиешімен бірге қуана қайталап тақпақты айтады.(қимылын жасайды)

Добрый утро , всем нам,

Добрый утро всем гостям.

Good moorninq, Good morning,

Good morning to you.

Good moorninq, Good morning,

I am glad to see you.

-Иә жақсы көреміз

-Үйшік

-Шалқан

-Түлкі мен тырна

-Бауырсақ

-Құйыршық,алдаркөсе т.б.

Іздену- ұйымдастырушы

-Ендеше біз ертегі әлеміне саяхатқа барайық. Ертегі еліне бару үшін сиқырлы сөздермен сендерді сиқырлаймын,көздеріңді жұмып айналайық

1 2 3 ертегі еліне түс.

Тәрбиеші ешкіге ,балалар лаққа айналады

.

-Лақтарым шырақтарым

Айналайын шұнақтарым

Жәрмеңкеге мен барайын

Сүт пен жеміс алайын

Ал сендер үйде қалдыңдар

Есікті кілтеп алыңдар

Бір -біріңе қамқор боп

Кішіге көз салыңдар

Тентек боп үйді шашпаңдар

Ешкімге есік ашпаңдар

Жарайма

.

Қасқыр

-Лақтарым шырақтарым есікті ашшы

-Ойын ойнағың келеме

Келіңдер ойнаймыз

Қасқыр келеді лақтармен ойын ойнап жүреді.Ұрлап кету айласын ойлайды.

Ешкі келеді

-Ааа қасеке менің лақтарымды алдап ойнатып ұрлап кетейін деп жүрсіңбе? Менің лақтарым әдепті,ақылды, тәртіпті, білімді,

Қасқыр ;

-ее ендеше менің қоржынымдағы тапсырмаларымды орындап көріңдер егер орындай аламасаңдар мен лақтарды жеймін,келістік пе

Иа келістік

- Лақтарым орындауға дайынсыңдарма?

1 тапсырма «Сурет бойынша сөйлем құра»

-Балалар өте жақсы енді.Біздің сөйлеміміз көмектесу қамқорлау құрметтеу туралы яғни біз адамгершілік туралы жақсы білеміз,кім енді тақпақ біледі

Тақпақтар

«Татту доспыз бәріміз»

Балдырғанбыз арай жүз Беназир

Бал бұл жанып қараймыз

Ойыншықтар біздерде

Көп болғанын қалаймыз

Қыздырынып күнге біз

Ән саламыз күнде бәз

Балдай тәтті достармыз

Біз қашанда біргеміз

Айша

Ынтымаққа қосылда да,

Ықылас қой досыңа,

Ар-мақсатың нық болсын

Ақылыңнан тосылма

Ақылың бар баласың

Айтқан тілді аласың

Намысты боп өссең сен

Нағыз адам боласың.

Кішілерді аяла

Кісілерден аянба

Адамдығың көрінсін

Анаңдай жан саяңда

2.тапсырма «Суретті толықтыр»

-Қанша лақ сонша орамжапырақтың суретін сал

-қанша салдың санашы 1,2,3,4,5

Орысша санайық,ағылшынша санайық

-Өте жақсы .Бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті «Аққала»

орысша әуенмен

3 тапсырма Гипс балшығынан мүсіндеген жұмыстарын жалғастырып әсемдеп бояуды сұрапты.

Жеті лақ ертегісі тех карта

4-ші тапсырма «аққала құрастыру».

Мақта дискаларымен.

Жеті лақ ертегісі тех карта

Қасқыр

-Алақай мен енді ешкімге тимеймін маған аққала жасады мен қыс бойы аққаламен ойнаймын. Мен сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіріп тосын сый дайындадым.

Ән «Көңілді күн »

-Барамыз



  • Жарайды

  • Тентек болмаймыз

  • Үйді шашпаймыз

  • Ешкімге есік ашпаймыз

-Жоқ сен біздің анамыз емессің

-Алақай ойнаймыз

-Орындаймыз

Балалар қоржындағы бірінші тапсырманы орындайды

-Арман атаға орын берді.

-Балалар құстарға ұя жасады.

-Әкесі ұя жасауға көмектесті.

-Әлия әжесінен тоқуды үйренді.

Адина

Анам маған -үлкенді сыйла деген

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем

Қайсар

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын

Шаң тозаңды қуамын

Айнара

Сенде де бар жанұя

Менде де бар жанұя

Үлкенде де кішіде

Жанұя бар әрбір кісіде

Жанұя бар шуақ қой

Қуаныш пен қуат қой.

Балалар қоржындағы екінші тапсырманы орындайды

Балалар қоржындағы үшінші тапсырманы орындайды

Балалар қоржындағы төртінші тапсырманы орындайды

Зұлым қасқыр мейірімді болып өзгеріп кетті.

Рефлексивті - коррекциялаушы

Сиқырлап топқа оралу. Тапсырмаларды сұрақтар арқылы қорытындылау.«Адамгершілік» туралы мақал - мәтел айту.

Жақсыдан үйрен

Жаманнан жирен

Бізге ертегі әлеміне саяхат жасаған өте ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Үш тілде сөздерді айтып ,түсінеді.Берілген тапсырмаларды дұрыс,әдемі орындайды.

Түсінеді: Балалар адамгершілік қасиеттерді ажырата біледі.Ертегі мазмұнын әңгімелеп және рөлдерге бөліп ойнай біледі.

Қолданады:Қамқорлау,құрметтеу және мейірімді , кішіпейіл болуды түсінді.

© 2010-2022