Дүниетану пәні Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану пәні Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабыДүниетану пәні Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабыДүниетану пәні Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабыДүниетану пәні Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабы

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі:

Оқушыларға «Қызыл кітап» жайлы түсінік беру.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер жануарлар, құстар

туралы түсінік беру, меңгерту.

ә) Дамытушылығы:

Ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлығын арттыру,

дүниетанымын кеңейту.

б) Тәрбиелігі:

Экологиялық тәрбие беру, жануарларды,

өсімдіктерді, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға

баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, сызба, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Өсімдікпен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.

  • Адам, өсімдік, жануар бір-бірімен тығыз байланысты. Өсімдікпен көп жануарлар қоректенеді.

  • Өсімдік жануарларды суықтан жаудан қорғайтын баспана.

  • Жануар топырақ арасына жол салып, оған ауаның, ылғалдың кіруін жақсартады. Мысалы: жауын құрты.

ә) Адам өміріндегі өсімдіктің маңызы?

  • Өсімдік адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды.

б) Өсімдік шаруашылығының қандай түрлерін білесіңдер?

  • Егін, бау-бақша шаруашылығы.

в) Қандай үй жануарларын білесіңдер?

  • Қой, ешкі, түйе, сиыр.

  • Жануар адамға не сыйлайды?

  • Тағам, жылы әсем киім, төсеніш.

  • Үй жануарларын ата

  • Олар адамға не береді?

  • Сүт, май, ет, жұмыртқа, жүн.

  • Жабайы жануарларды білесіңдер ме? Ата

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Адам

Жануар

Өсімдік


  • Адам табиғатқа қандай зиян келтіреді?

  • Теледидардан көрдіндерме?

  • Броконьир дегенді білесіңдер ме?

  • Ақбөкен

Аяусыз аңдарды құстарды өсімдіктерді қырып жояды. Олар азая бастады ақбөкенді мүйізі үшін аулайды. Олар сиреп бара жатыр.

ІV. Жаңа сабақ

  • «Қызыл кітап» дегенді естігендерін бар ма?

Сирек кездесетін, әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тіркелген кітап. Оның мұқабасының түсі қызыл. Қазақстан Республикасының қызыл кітабы.

  • 1996 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты.

  • Қандай қорықтарды білесіңдер?

  • 1926 жылдың 14 июльінде «Ақсу-Жабағылы» қорығы ұйымдастырылды.

  • Қорық не үшін қажет?

«Ақсу-Жабағылы» қорығының жер көлемі 74 416га «Ақсу-Жабағылы» қорығында құстың қырықтай түрі бар. Оның 22 түрі ұя салады.

  • Қаншасы ұя салмайды? (18)

  • Шырша ағашын білемізбе?

  • Шырша қызыл кітапқа енген. Біздің жерімізде өсетін шыршалар барма?

  • Дермене Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Әртүрлі дәрілер жасалады. Өте сирек кездеседі, қорғауға алынған.

  • Таусағыз- каучук алынады дәрі жасалады, жинауға тыйым салынған.

  • Грейг қызғалдағы-Кауфман қызғалдағы сияқты гүлдері әсем, көп жұлынып алынған.

  • Жергілікті жерде өсетін өсімдікті ата. (Дермене, арша, ақбас жусан, рауғаш)

  • Құлан есекке , жылқыға ұқсайды. 1953-1964 жылдары «Барсакелмес» аралына 18 құланды Түркімен елінен әкелінген.

  • Қара құйрық- денесі өте сымбатты, аяқтары жіңішке мықты, өте жүйрік, секіріп жүреді.

  • Дуадақ- жаулары өте көп. Бүркіт сияқты жыртқыш құстар аулайды.

  • Ақбас тырна, бүркіт, аққу қызыл кітапқа енген.

  • Жергілікті жердің жануарларын ата.

  • марал, таутеке, қоңыр аю, барыс

V. Сергіту сәті:

VІ. Оқулықпен жұмыс: оқушылар өз беттерінше оқиды. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді, жануарларды тауып оқу.

VІІ. Дәптермен жұмыс:

а) күнтізбе

ә) жаңа сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктер жануарлар

Қызыл кітап


VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Қызыл кітап дегенді қалай түсінесіндер?

  2. Не үшін қажет?

  3. Өсімдіктерді ата.

туған жер табиғаты- халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап, қорғауға оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу біздің де азаматтық борышымыз.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Х. Үйге тапсырма: 107-112 беттерді оқу

© 2010-2022