Сынып сағаты Ризашылық пен Алғыс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты Ризашылық пен АлғысСынып сағаты Ризашылық пен АлғысСынып сағаты Ризашылық пен АлғысСынып сағаты Ризашылық пен АлғысСынып сағаты Ризашылық пен АлғысСынып сағаты Ризашылық пен Алғыс

Келісілді: Тәрбие ісінің орынбасары М.Т.Мулдашева.

Күні: 29.02.2016 жылы

Сынып сағатының тақырыбы: Ризашылық пен Алғыс

Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Ризашылық пен алғыс түсінік беру;

- Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым-қатынасын дамыту;

-Әдептілікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік қалыптасады.

Сынып сағатының түрі: ой бөліс

Қолданған көрнекі-құралдар: Күн бейнесі, жайқалған гүлдер аппликациясы, ағаш суреті, смайликтер, шарлар (көк, қызыл, сары),оқушылардың ашық хаттары.

Сынып сағатының жүру барысы:

І.Ұйымдастыру сәті.

Сынып сағатының ерекшелігі ата-аналардың қатысы.

ІІ.Психологиялық ахуал орнату. («Ризашылық» Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей . Музыкасы ойналып тұрады).

«Ыстық алақан» әдісі.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІІ.Ой қозғау.

«Өмірге риза болып, алғыс айт» Халық даналығы.

- Осы нақыл сөзді қарасөзбен айтып көріңдер?

(Әр топтан бір оқушы шығып ойларын ортаға салады).

Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын өздері айқындап шығады.

1 наурыз - Алғыс күні.

ІҮ.Топтық жұмыс.

«Конверт-сұрақ» әдісі.

3 топ

(сары конверт)

2 топ

(қызыл конверт)

1 топ

(көк конверт)

Адам өзінің

алғысын,ризашы-лығын қандай сөздермен білдіреді?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендерге кім, қандай жағдайда алғыс айтты?

Ү.Сергіту сәті.

Оқушылардың танымын байқау. Оларға жасырын сергіту беріледі,топ ойланып, сөздермен толықтырып сергіту сәтін ұйымдастырады.

****** баламыз,

****** барамыз.

****** есейіп,

****** боламыз.

Жеңімпаз топты «Үш шапалақ» әдісі бойынша басқа топтар мадақтайды.

ҮІ.Түрткі сұрақ.

Жеңімпаз топқа сұрақ.

-Сендер қазір қандай сезімде тұрсыздар?

(Оқушылар өз ойларын айтады. Қуанып тұрмын, өте ризамын, бақыттымын, биікте ұшып жүргендеймін, өте көңілдімін).

ҮІІ.Тосын сый.

Шеңберге тұрады да,үш топқа бөлінеді.

1 топ: Бала мен ата-ана

2 топ: Оқушы мен сынып жетекшісі

3 топ: Оқушылардың өздері.

Оқушылар ата-аналарына ашық хаттарын оқып, тарту етеді.

Оқушылар сынып жетекшісіне.

Оқушылар бір-біріне.

Сынып жетекшісі оқушыларының оң қолдарына смайлик жапсырады.

Талаптарын оң болсын. Сәттілік орнасын -деп тілегін білдірді.

ҮІІІ. Рефлексия.

- Жылы сөз,қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс естіген сайын, жақсылықты жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар.

Бізге ашық күн керек, Аспан керек мөп-мөлдір.

Қуанышқа тұр бөлеп, Бақытты өмір төккен нұр.

Тыныш болып жер, Түршікпесін денеміз.

Азамат болып ер жетіп, Ағаларға ереміз.



© 2010-2022