Ф дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру,басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату. Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер, әріптің жазу үлгісі. Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру , сұрақ-жауап, жеке жұмыс Күтілетін нәтиже: ф дыбысы мен әрпін біледі. Дыбыстық талдау жасай алады. Сабақтың барысы:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

1. Ұйымдастыру 1.Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару. Психологиялық дайындық. «5»болсын алар бағамыз. Біліммен бақыт табамыз Өнерменен өрістеп Өсе берсін санамыз Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбек ету. -Жарайсыңдар,балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз. Хормен айтады. Жауап айту.

1 минут

2

Өткен сабақтан алған білімін тексеру -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбысты таңбалап жазсақ не болады? -Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? Жеке-жеке тұрып жауап бергізу. Сөйлем құрату.

1 минут

Негізгі кезең

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

3



Жаңа сабақ материалы

(оқулықпен жұмыс)


-Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме? Қыста дем алып,жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан) Өңкей сығай екі топта, Таласып жүр бір допқа. (футболшы)

Ф дыбысы мен әрпіФ дыбысы мен әрпі

-Фонтан,футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған? -Ф дыбысынан -Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ф Бұл-дауыссыз дыбыс.Себебі созылып айтылмайды. Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс. Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады.Тіл ауыз қуысында еркін жатып,дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады. -Ф дыбысын хормен айту. -Қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс -Қандай текшемен белгігейміз? -Көк дөңгелекшемен Тақтамен жұмыс.(Суретпен жұмыс жүргізу) -Оқушылар тақтаға назар аударамыз. Мынау Ф әрпінің баспа түрі.Оны оқулықтардан,газет журналдардан көреміз. Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.

Ф дыбысы мен әрпіФ дыбысы мен әрпі

-Мынау не? -Фонарь (дыбыстық талдау жасау) -Буынға бөлеміз,неше буын бар?фо-нарь -Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен? -Екі дауысты дыбыс бар. -Суретке назар аударайық.Кімдерді көріп тұрсыңдар? -Балаларды .Олар қандай ойын ойнап жүр? -Футбол -Футбол сөзін буынға бөлу. Фут-бол -Неше буын бар? -Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады? -Футбол ойыны туралы не білесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тыңдау) Бағандағы сөздерді оқып,мағынасын ашып түсіндіру. Ферма- шаруашылық орталығы Фирма-мекеме,жұмыс орындары Фото-сурет Факс- телефон арқылы жіберілетін хат Телефон-сөйлесу құралы Телеграф-телефон соғу орталығы. Футбол-доппен ойнайтын ойын түрі Әлфараби-адамның аты Ф дыбысы мен әрпіФ дыбысы мен әрпіФ дыбысы мен әрпі Ф дыбысы мен әрпі Ф дыбысы мен әрпіФ дыбысы мен әрпіФ дыбысы мен әрпі Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді? Басында, ортасында,аяғында келеді,демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп,сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды. Футбол өлеңін оқып беру. Футбол деген ойынға Барлық бала құмар-ақ. Бірақ жолдың бойында Доп теппеңдер қуалап. Сіздерге футбол ойыны ұнай ма? -Оны қалай ойнаймыз? -Екі топқа бөлініп Футболды қай жерде ойнау керек? -Арнайы футбол ойнайтын алаңда -Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма? -әл-Фараби өлеңін оқып бері,түсіндіру. -әл-Фараби -ғұлама,данышпан,ғалым. Бала болсаң талапты, Біліп өскін Фарабты. Әбу Насыр қаланың Әлемге атын таратты. Тізбектей оқыту 1. Жеке-жеке оқыту.

13 минут

4

Сергіту сәті Көбелек тұрды ертемен, Күлімсіреп керілді, 1-шықпен бетін жуды, 2-шыр айналып бұрылды, 3-еңкейіп жерге жетті, 4-дегенде ұшып кетті.

2 минут

5

Дәптермен жұмыс


1. Ф әрпінің баспа, жазба түрін салыстыру -Ф әрпін ауада жазып, дәптерге жазу. 2. Қолдарын сергіту. 1.Фф әрпін жазып үйрену.



2. «Саусағым» хормен қолдарын сергіту.

13 минут

6

Жаңа сабақты бекіту «Кім жылдам?» ойыны арқылы бекіту. Екі бала тақтаға шығады.


Қорытынды

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

7

Сабақты қорытындылау

Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді. -Не үйрендік? Не білдік? -Қандай дыбыспен,әріппен таныстыңдар? -Ф дыбысы қандай дыбыс? -Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар. -Оқушылар тақтада сандар қатары берілген ,сандарды тура санасаңдар құпия сөзді табасыңдар.

Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі.

4 минут

8

Мадақтау -Оқушылар бүгінгі сабаққа барлығыңызда өте жақсы қатыстыңдар.Сондықтан да жарайсыңдар дегім келеді.




© 2010-2022