Бастауыш сыныпқа әліппемен қоштасу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Михаил Ломоносов атындағы №5 орта мектебі

















Бастауыш сыныпқа әліппемен қоштасу



Сынып жетекшісі: Каипова А.






Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың сауат ашупәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау

ә) өз өнерлерін ортаға салу, эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін-өзі басқаруды жүйелеу

б) ананы сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

Түрі: ертеңгілік

Өтілетін күні:

Өтілетін орны: рәсімдеу залы

Өтілетін уақыты:

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Мұғалім: Армысыңдар аналар,

Бармысыздар балалар.

Сөзіме құлақ салыңыз

Әліппеге арналар

Бүгінгі ән-жырымыз.

- Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер, 1 сынып шәкірттерінің алғашқы оқулығы, әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келдіңіздер!

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын көңілмен қошеметтеп баршамыз

Балдырғанға қол соғайық шаттана.

Таусылмаса жүректегі асқақ әнім

Тек биікте самғатам жыр қыранын

Азатпыз, еркінбіз, Тәуелсізбіз

Шырқайық Ұлы Отанның Әнұранын

Әнұран

1-оқушы: Мен бір түрлі жүрексініп тұрғандаймын.

2-оқушы: Неге жүркесінесің?

1-оқушы: Қонақтар өте көп, сөзімді ұмытып қалатын сияқтымын.

2-оқушы: Келген қонақтар өзіміздің ата-аналар мен құрметті ұстаздар ғой.

1-оқушы:Құрметті аталар мен әжелер!

2-оқушы:Құрметті аналар мен әкелер!

1-оқушы: Бізге қызыға қарап отырған іні-сіңлілер!

2-оқушы: Баршамызға мереке құтты болсын!

Мұғалім: Бала ең алғаш дүниеге келгенде ең бірінші ата-ана құшағына енді және де ең бірінші тәрбиені ананың сүтінен, ананың жүрегінен алады. Ата-анадан асып алысқа бара алмаспыз.

-Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қраңыз

Өнер, өлең, тақпағын

Алғысым деп тыңдаңыз.

Оқушы: Жарық жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Оқушы: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Анамыздың жүрегі.

Оқушы: Ананы сыйламаған өмірден соққы көреді. Оларды сыйлап, құрметтей білейік.

Оқушы: Өлең тыңдап, сөзін жаттап

Айтамын әнімді сізге арнап

Әнім осы, сөзім осы

Анашым өлеңіме риза болшы.

Хор: «Айналайын ақ мамам»

Мұғалім: Ал одан соң ардақты ана құшағынан шығып, білім ордасы алтын ұя мектебіне аяқ басады.

Хор: Сәлем саған мектебім

1-оқушы: Ал құрбы-құрдастарым мына сұраққа жауап беріңдерші.

2- оқушы: Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол ашқан

Ол сүйікті әліппе!

2-оқушы: Олай болса бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар бірге: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана.

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажайыптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы халықтың

Жақсы білім-көрімдік

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп не білдік

Қане ортаға салайық!

  • Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. Өздеріңе даңғыл жол салатын «Анна тілін» шақыра келдім. Төрлетіңіз «Ана тілі».

Ана тілі: Құрметті оқушылар, көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім. Бұл балалар қандай білім, өнерлерін көрсетеді екен деп, ойланып та келдім. Ең алдымен осы біздер қандаймыз?

Оқушы: Талабы биік таудаймыз.

Оқушы: Мың бұралған бишіміз

Оқушы: Күмбірлеген күйшіміз

Оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз, сәл еркелеу, бұзықпыз

Оқушы: Біз шеберміз. Ақылдымыз. Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. Көп оқимыз.

Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз

1-оқушы: Ал құрметті «Ана тілі» мен «Әліппе», сіздер біздің қонақтарымызсыздар, жайғасыңыздар.

Би

Оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны әліппе!

Оқушы: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе

Оқушы: А әрпіне Т әрпін

Қосып едік Ат болды

Қосып едім Ат-қа А-ны

Атам оқып шаттанды

Оқушы: У дауысты, дауыссыз

Айыра білсең қауіпсіз

Уық, уыс сөздерін

Уақытымен тауыпсыз

Оқушы: Ғасыр, ғалым, ғаламшар

Ойлаған ғылым адамдар

Ғарышкерлер ұшқанда

Жасайды ғажап қадамдар

Оқушы: Тайға мініп шабамыз

Тау мен тасты табамыз

Тарақ, тауық, тайлақтан

Т дыбысын табамыз

Оқушы: Ана, әке атын сен

Бізге үйреттің, әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті

Оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам санатына енгенім

Оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма едің

Ұстазым оның кілтін ашып берді

Хор: Мұғалім ол біздің

Оқушы: Он саусағым ойнасын

Болп-болп қоймайсың

Орман, Отан сөздердің

О әрпімен ойлайсың

Оқушы: Бала отыр партада

Оқу үйрен шаршама

П дыбысы дауыссыз

Мәлім болды баршаңа

Оқушы: Осылай алға аттадым

Әр әріпті жаттадым

Жаттаған сайын әріпті

Сөз құрап жаза бастадым

Оқушы: Ризамын оқуға

Ретімен тоқуға

Р-ды айту қиын-ақ

Кейбіреуі қорқуда

Оқушы: А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген әпкелер ғой салмақты

Б деген балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Оқушы: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар

Көп алқапты жасыл жайлау далам бар

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген

Ақ ниетті әкем менен анам бар

Сондықтан да келешегі елімнің

Хормен: Біз бақытты, біз бақытты балалар

Хор: Отан

Би: Кокпар

Би: Кукарелла

Хор: Әліппе

Әліппе: Ал құрметті оқушылар, біз «Ана тілі» екеуіміз, сендердің бүгінгі білімдеріңе, өнерлеріңе риза болдық. Ал «Ана тілі» мынау алдыңда отырған 1 сынып шәкірттерін өзіңе тапсырдым. Ендеше, мен сіздерді «Сауат ашу» патшалығының бұйрығымен таныстырайын. Бұйрық №1. 1ә сынып оқушылары «Әліппе әлемінің» 42 әрпін меңгерушілеріне байланысты «Ана тілі» әлеміне өткізілсін

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі жазып оқитын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың

-Ал құрметті қонақтар, балалар, біздің ертеңгілігіміз осымен аяқталады. Уақыт бөліп келіп, көргендеріңізге шын көңілмен ризашылығымызды білдіреміз. Келесі кездескенімізше, сау болыңыздар!

© 2010-2022