Қайталау сабағы 1сынып математика

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 1 сынып 2015

Күні: 4 мамыр

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтарды қосу және азайту дағдыларын, есептерді және теңдеулерді шешу,сөз есепке кері есеп құрастыру, санды және әріпті өрнектерді ажырата білуін қалыптастыру.

  1. Математикалық тілін дамыта отырып оқушылардың шапшаң ойлау, есте сақтау қаблеттерін тиянақтау

  2. Ұқыптылыққа, сыйластыққа, ізденуіне, ақыл- ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: СТО, ойын,шығармашылық

Көрнекілік: үлестірмелер таблицасы, карточкалар, плакат -табло

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) психологиялық дайындық

Кел, балалар, келіңдер Математиканы көріңдер. Қане, қарап шығындар, Білім барда оқу бар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру № 4 (187бет)

ІІІ. Кіріспе сөз. Балалар бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Барлығымыз үш топқа бөлініп отырамыз. Әр оқушының жетістіктерін үлкен плакат- таблоға түседі. Топ мүшелері бір- біріне ақылдасуға, көмектесуге болады.

Тапсырмалар әр түрлі деңгейде.

1 Тапсырма. «Математикалық банкир» стратегиясы (шартымен таныстыру)

№1.(189 бет) - 50 пайыз - есепті шығарған үшін, 70 пайыз - осы есепке бір кері есеп шығарса, 100 пайыз - екі кері есеп құрастыру, шығару. Бұл сендердің салған инвестицияларың

Ата, бала туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

Сергіту сәті «Аю»

2 тапсырма «Қай топ жылдам»

№ 2 Ұзындықтарды сызу. Әдемі, таза жұмыс бағаланады. 1орындаған топқа - 50 б, 2 - 30 б, 3 - 10 б - Кесінділер сызу.

3 тапсырма. №3

1 - деңгей - әріпті өрнекті қөшіру - 30 бал,

2 - деңгей - санды өрнекті көшіріп,мәнін табу - 70 бал

3 деңгей - топқа бөлу - 100 бал

1 бағанға - теңдік, 2 б- теңсіздік, 3 б - әріпті өрнек, 4 б -санды өрнек.

Сергіту сәті «Маша»

4 тапсырма

«Қатені жіберме» стратегиясының шарты. Алдарыңда үлестірме таблицасы жатыр. Мұнда бухгалтер қате жіберген, сол қатені тауып , дұрыстап көшіріндер.

№ 4 тапсырма карточка арқылы беріледі.Теңдеудің жауабын әдейі шатыстырып қою.

10 - а = 8 4 + f = 7 a - 3 = 5 a + 2 = 8

a = 3 f = 6 a = 3 a = 2

Рефлексия

«Карусель» стратегиясы Берілген уақыт- 30 сек

Балалар екі шеңбер құрайды.Бір-біріне қарама-қарсы турады. Ішкі шеңбердегі турған балалар сыртқы турған балаларға сұрақ кояды. Сұрақтары өткен сабаққа байланысты: бір, екі таңбалы толық сандарды қосу, азайту; компоненттерін атау. Содан соң орындарын ауыстырады.


© 2010-2022