Әдебиеттік оқу. Көкшенің кеудесінде

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Мерзімі

Сабақтың атауы

Көкшенің кеудесінде

Жалпы мақсаты

Сәбит Мұқанов туралы мағлұмат беру. Қазақ елінің табиғаты, Көкшенің кереметі туралы толық мағлұмат беру. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқыту. Көкшенің табиғаты туралы түсінік беру. Сауатты оқуға дағдыландыру. Табиғаттың әсемділігін түсінуге баулу.

Оқыту нәтижесі

Мәтінді сауатты оқиды. Мазмұнын түсінеді. Өз түсінгенін айтып береді. Топпен жұмыс жасайды.

Негізгі идеялары

Сауатты оқи алуға, табиғатты суреттеп айта алуға, қазіргі уақытпен байланыстыра алуға үйрету.

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру. Топтарға бөлу

Ұрандарын айтады.

Үй тапсырмасы

«Дала» өлеңін мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беру.

Өз ойларымен бөліседі

Бағалау критерийі

1. Үй тапсырмасына толық дайын болу.

2. Қойылған сұрақтарға толық жауап беру.

3. Жаңа сабаққа белсенді қатысып отыру.

І. Қызығушылығын ояту.

1-тапсырма: «Жұмбақтас», «Оқжетпес» туралы аңыздарды айтып беру.

Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, талдау жүргізеді

ІІ. Мағынаны тану.

2-тапсырма: Мәтінмен танысады. ЖИГСО әдісі.

3-тапсырма: Көкше табиғатын асқақтатып тұрған көркемдеуші теңеу сөздерді жаз.

4-тапсырма: Сұрақтар:

-Көкше табиғаты авторға не дегендей болды?

-Автор табиғатты қалай суреттеген? т.с.с.

Оқушылар берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.

Топ ішінде ақылдасып ой бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін өткізу

ІІІ. Ой-толғаныс.

Келесі тапсырма:

«Кербез Көкше» деген тақырыпқа 1 шумақ өлең жазу.

Жеке және топпен жұмыс атқарады.

Кері байланыс жасау

Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.

Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларды бағалау

Бағалау критерийі бойынша оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

Мәтінді түсініп оқу. Тапсырмаларды орындау.

Шығу парағын толтыру

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.



© 2010-2022