Мүсіндеу өнері Тақырыбы: Кәмпиттер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Қуыршақтарға арналған кәмпит» Мақсаты: Балаларда ойын кейіпкерлеріне жағымды қарым-қатынасы мен көмектесу ниетін тәрбиелеу. Алақан арасында түзу қимылдармен сазбалшық немесе ермексаздан кесектер домалатуға үйрету. Сөздік жұмыс: қуыршақ, кәмпит.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Тәрбиеші топқа ойыншық қуыршақтарды әкеледі. Қонақасын беруді ұсынады, бірақ қонақасы жоқ. Балаларға қуыршақтарға арнап қонақасыға кәмпит мүсіндеуді ұсынады. Балалар қызығушылығы мен жағымды іс-әрекет жасау ниетін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру Балаларға ойыншық тәрелкелерді таратып береді. Алақан арасында түзу қимылдармен кесектерді дөңгелете отырып, кәмпиттерді мүсіндеу тәсілдерін көрсетеді. Еліктеу қимылдарын орындауды ұсынады. Балаларға кесектерді қолдарына алуды ұсынады. «Ермексазды ауызға салуға болмайтынын» ескертеді. Балаларға кәмпиттерді мүсіндеуді ұсынады. Егер балалардың бірі тапсырмасын орындай алмаса, қуыршақтың атынан кеңестер беріп, көмектеседі. Кәмпитті тәрелкеге салу ұсынылады. Балалар көреді. Балалар ермексазсыз алақан арасында түзу қимылдармен домалату тәсілдерін қайталайды. Кесектерді қолдарына алады. Кәмпиттерді мүсіндейді. Балалар кәмпиттерді тәрелкеге салады.

Рефлексивті - түзетушілік Тәрбиеші қуыршақтың атынан балалардың жұмысы мен қонақасыларына алғысын білдіреді. Балаларға қуыршақтармен билеуді ұсынады.

Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: - қуыршақтарды неге киіндіретінін. Нені игереді: - қонақжайлылық пен қамқорлығын білдірудің тәсілері туралы түсініктері. Нені біледі: - қамқорлығы мен ниетін білдіру; кәмпитті алақан арасында түзу қимылдармен домалатуды.




© 2010-2022