Планирование урока по литературной чтение Баланың айласы (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Баланың айласы.

Сабақтың мақсаты: Ертегімен танысу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ертегінің негізгі идеясын ашу.

Дамытушылық: Жақсылық пен жамандық туралы ұғымдарын дамыту.

Тәрбиелік: Үнемі жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Түрі. Ауызша сабақ - 1. Технология «БжС»
1 кезең
Ұйымдастыру кезеңі.
• Мақсатты айту
• Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. ӨТБҚҚС (Өтілген тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ)
2. ТСЕС (Тірек сөздерді есте сақтау)
3. ҚҚС (Қарама-қарсы сұрақ)
4. СТС (Сын тұрғысынан сұрақ)
5. ТСҚ Тақырыптық сөздік қор)
Көшбасшыға сөз
І. Үй тапсырмасын тексеру

1. Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
2. Қоян қайда бет алды?
3. Қоян жолда кімдерді көреді және нелермен кездеседі?
4. Қоян түннің жартысын қалай өткізеді?

ІІ. Жаңа сабақ

2. Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 14 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 1 мин 15 секунд уақыт береді)

Тірек сөздермен жұмыс

  1. ғалым

  2. тас

  3. сандық

  4. жылан

  5. жақсылық

  6. жамандық

  7. түйе

  8. жүк

  9. қызмет

  10. адам

  11. жеміс ағашы

  12. ит

  13. бала

  14. айла

3. Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу (ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)
4. Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)
5. Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
(Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке - 4 минут, 2 бетке - 8 минут
6. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу ( ООМ енгізу )
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)

Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Ғалым қайда келе жатты?

  2. Неге сүрініп жығылды?

  3. Тастың астынан не шықты?

  4. Сандықтың ішінен не шықты?

  5. Жылан ғалымға не деді?

  6. Ғалым не деді, қандай сұрақ қойды?

  7. Жылан не деп жауап берді?

  8. Ғалым не істейік деді?

  9. Екеуі неге жолықты?

  10. Түйе не деді?

  11. Түйе адамға қандай қызмет көрсеткен?

  12. Адам оны қалай ренжіткен?

  13. Мұнан шығып неге жолықты?

  14. Жеміс ағашы не деді?

  15. Жеміс ағашының адамға қандай пайдасы бар?

  16. Ағаштың жемісін адам қалай түсіріп алып жейді екен?

  17. Одан кейін неге жолықты?

  18. Ит не деді?

  19. Ол адамға қандай қызмет көрсеткен?

  20. Адам оған қандай жамандық көрсеткен?

  21. Екеуі кімдерге жолықты?

  22. Ғалым қай балаға істің мән-жайын айтты?

  23. Бала неге сенбеймін деді?

  24. Жылан баланы сендіру үшін не істеді?

  25. Бала не істеді?

  26. Ғалымға не деді?

Сын тұрғысынан сұрақтар

  1. Бір бала жапан далада келе жатты. -

  2. Ғалым үлкен тасқа сүрініп жығылды. +

  3. Ғалым тасты жолдан алып тастамады. -

  4. Тастың астынан сандық шықты. +

  5. Ғалым сандыққа тимеді. -

  6. Сандықта еш нәрсе жоқ екен. -

  7. Жылан ғалымды шаққысы келді. +

  8. Ғалым: «Жақсылыққа жамандық бар ма?» деп сұрады. +

  9. Жылан: «жоқ» деді. -

  10. Ғалым «Біреуге жүгінейік» деді. +

  11. Олар жылқыға жолықты. -

  12. Түйе: «Жақсылыққа жамандық жоқ» деді. -

  13. Түйе адамға қызмет етпейді. -

  14. Адамдар түйені ұрып-соғып ренжітеді. +

  15. Түйеден кейін жеміс ағашына жолықты. +

  16. Жеміс ағашы: «Жақсылыққа жамандық жоқ» деді. -

  17. Ағаштың жемісін адамдар абайлап үзіп жейді. -

  18. Одан кейін балаға жолықты. -

  19. Ит: «Жақсылыққа жамандық бар» деді. +

  20. Ит адамның малын, мүлкін бағады. +

  21. Итке адамдар жақсы күтім жасайды. -

  22. Ғалым мен жылан балаларды көрді. -

  23. Балалардың ішінен ешкім сәлем бермеді. -

  24. Бала қобдишаға жыланның сиятынына сенем деді. -

  25. Жылан баланы сендіру үшін қобдишаға кірді. +

  26. Бала жыланды босатып жіберді. -

  27. Бала ғалымды құтқарды. +

Тақырыптық сөздік қор. 37 сөз

(Оқытылған мәтін бойынша сөз қысқартылмаған түрде немесе шығарма түрінде де жазуға рұқсат етіледі)

ІІІ. Бағалау
Оқушылардың ОММ + белгілері саналады.
«5» - 4 -5
«4» - 3
«3» - 2

«2» - 1
ҮІ. Үйге тапсырма (4 белгіден аз алған оқушы үйге тапсырма алады)
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.



© 2010-2022