( Жіңішке дауысты дыбыс. Төлдер)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы( Жіңішке дауысты дыбыс.Төлдер)

Қордай ауданы

№ 24 Степной орта мектебі КММ тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар.Төлдер.

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тасыбаева Алима Бекмаханбетқызы




Ана тілі: 28.01.2015ж Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар.Төлдер. Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындау. ә) Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы алған білімдерін дамыту. б) Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру,дидактикалық ойын. Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: төлдердің суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар! II.Өткенді пысықтау -Сөйлем дегеніміз не? -Қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?(а,о,ы,ұ) -Өткен сабақта қандай өлеңді өттік?(Қозы.Қошақандар.) -Қозы өлеңінде қозыны қандай дейді?(кішкентай,момақан) -Оны кім сүйеді дейді?(Апам) 1)Оқыту 4-5 балаға. -Ал енді екінші өлеңіміз қошақандар -Қандай жерге жайылыңдар дейді?(кең жерге) -Не ішіңдер дейді?(су) -Неге тойып алыңдар дейді?(көке) -Ненің соңынан еріп кетпеңдер дейді?(тентек лақтың) III.Мақсат қою кезеңі: -Қозыны біз қошақан деп еркелетеміз. Сендерді де осылай қошақаным,құлыным,ботам,қозым деп еркелетеді ме? -Ия. -Ал енді бұзау,құлын,лақ,қозы,бота бұлар неге жатады? -Төлдерге жатады. -Қандай төлдерді білесіңдер? -Демек біз бүгін төлдерді өтеміз. IV. Жаңа сабақ: Суреттер бойынша жұмыс: Төлдерді атау,төрт түлікті бір-бірімен сәйкестендіру. Балалар малдардың төлдерін атайықшы. Енесі Төлдер Сиыр малының төлі - бұзау Түйенің төлі - бота Қойдың төлі - қозы Жылқының төлі - құлын Ешкінің төлі- лақ -Бұл төлдердің бізге пайдасы бар ма? -Осы төлдерді баптап,күтіп өсірсек,бұл төлдерден қандай пайда көреміз?(етін жейміз,сүтін ішеміз,көлік ретінде мінеміз.)
V.Оқулықпен жұмыс Оқулықтан Ә.Асылбековтың«Төлдер»өлеңін мәнерлеп оқу. 1)Мұғалім оқып береді. 2)Хормен оқыту. 3)Іштей оқыту 4)Жек оқыту Төлдер. -Құлыным - ау, құлыным, Неден сұлу тұлымың? -Сіміріп су тұнығын, Содан сұлу тұлымым.
- Ботақан - ау, ботақан, Неден болдың момақан? - Мен де өзіңдей балақан, Момындықты жаратам. Талдау Өлең не туралы? -Неге ботаны ботақан дейді? Төлдерді күту үшін не істеу керек? Сергіту сәті. Өлең жолдарынан соңғы екі шумағына қараңдаршы. Жуан дауысты дыбыстан басқа қандай дыбыстар кездесіп тұр?(жіңішке дауысты дыбыс) А,Е,Ө,І,Ү. Бұл дыбыстар жіңішке боп айтылғандықтан,жіңішке дауысты дыбыс деп айтамыз.Жіңішке дауысты дыбыстарды хормен айтайық.(тақтадан көрсету) -Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы жіңішке дауысты дыбыстар. VI.Ауызша .35-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. 1)Мұғалім оқып береді. 4)Жек оқыту Мен даланың ұлымын. Мен даланың ұлымын, Жас түлектің бірімін. Көкірегін аймалап, Көктеп шыққан гүлімін. Мен сүйемін даланы Дәнге толы алабы. Сөдерден ә,е,і,ө,ү әріптерін оқып, олардың жіңішке болып дыбысталуын аңғарыңдар. VII.Дәптермен жұмыс 36-жаттығу.Жаңылпашты көшіріп жазыңдар. Жаңылпаш Қойымыз семіз, Қойымыз егіз. Өзіңіз келіп, Көрсеңіз дейміз. 2.Жіңішке айтылған сөздерде неше жіңішке дауысты дыбыс барын атаңдар. «Қатесін тап»ойыны. Шарты:тақтада әріптер ілініп тұрады.Жіңішке дауысты дыбысты қалдырып,жуан дауысты дыбысты алып тастау керек. VIII.Жаңа сабақты қорыту:

-Бүгін біз сабақта не істедік?(Оқыдық,жаздық,төлдер туралы,жіңішке дауысты дыбыстарды білдік,ойын ойнадық) -Сабақ ұнады ма? IV. Бекіту Төрт түлік иелерін ата. Үйге тапсырма.:Төрт түлікті жаттау.Өздеріңе ұнаған төлдің суретін салып келу. Бағалау:Жұлдызшамызды санайық.


© 2010-2022