Ата-аналармен коучинг өткізу менің тәжірибемде

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналармен коучинг өткізу менің тәжірибемдеАхметова Шолпан Бурабаевна

Қостанай қаласы, №20 орта мектебі

Бірінші деңгей бойынша сертификатталған

бастауыш сынып мұғалімі

Ата-аналармен коучинг өткізу менің тәжірибемде Өз тәжірибемде ата-аналар жиналысын сәтті өткізу жұмыстарын жақсартудың жолдарын қарастыру болды. Мен Кембридж бағдарламасы ұсынған идеяларды меңгере отырып алған білімімді түрлендіріп отыруды көздеп келемін. Әр жұмыстың сапалы өтуіне ыңғайлы тәсіл іздеуді және сындарлы оқытудың теориясын тәжірибемен ұштастыруда іс-әрекеттің өзгеше көріністері мен тұстарын түрлендіріп отыруды жоспарладым. Жалпы сынып ата - аналар жиналысының басты мақсаты - сыныптағы ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата - аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.Сондықтанда сыныптағы ата-аналар жиналысын тиімді өткізудің маңызы зор.Мектепте сынып ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге болады: жиналысқа қатысуға тиісті болған 26 ата - ананың тек 30 % ғана келіп отырады. Осыдан, біз, педагогтар, ата - ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата - аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру мақсатында жиналыстарды тиімді, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда атап көрсетілген жағдайды өзгерту үшін «жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?»- деген сұрақ туындайды. Бұл аталған сұрақтың шешімін табу мақсатында мен оқу жылының басынан бастап, өз сыныбымның ата-аналар жиналысының еркін және ашық түрінде өткізудегі тиімділігін анықтау үшін коучинг, тренинг, дөңгелек үстел, кофе - брейк т.б.жұмыс түрлерін ұйымдастыруды көздедім. Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.Сол себептенде оқу жылының басындағы алғашқы ата-аналар жиналысының тақырыбын «Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден - бір құралы» деген тақырыпта коучинг өткізуден бастадым. Коучингтің негізгі мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. «Мектеп - кеме, білім - теңіз» десек, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен алады. Баланың мейірімді, еңбекқор,тәрбиелі, білімді болып өсуі ата-ана мен мұғалімнің еңбегінің жемісі екендігін дәлелдеу мақсатында бейнематериал көрсете отырып, ата-ана пікірін «мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде, яғни ынтымақтастық қарым-қатынас ғана нәтиже беретініне көздерін жеткізуге тырыстым. Бейнематериал арқылы ата-аналар мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту керек деген ой түйіндеді.

Ата-аналармен коучинг өткізу менің тәжірибемдеАта-аналармен коучинг өткізу менің тәжірибемде

Коучинг ата-аналарды үш топқа бөлу арқылы өткізілді. Ата-аналарға жалпы жұмыстар жөнінде түсінік берілді. бірінші топтағы ата-аналарға «Бала» деген кім?, екінші топ ата-аналарына «Бала үшін ата-ананың қандай сезімі қымбат?», үшінші топқа - «Балаға айтылатын жылы сөздер» сұрақтарды негізге ала отырып, 3топ постер қорғады. Постер қорғауда ата-аналар өз ойларын қарапайым тілмен толық жеткізе білді, сергіту сәтінде де ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар, бірінші топ ата-аналарына « Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?», екінші топқа «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз "басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы",-деді. Сіздің әрекетіңіз?», үшінші топқа «сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?» деген мәтінде жағдаятты сұрақтар берілді. Ата-аналар жағдаятты сұрақтарды жан-жақты қызу талқылады.
Жұмыстан кейін әр топ бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Коучинг соңында алған әсерлерін ағаш бейнеленген суретке «Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?», «Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?», «Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ? » деген сұрақ төңірегінде өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Жалпы коучингтен ата-аналар ризашылық пен қуанышты көңіл-күйде тарқасты. Рефлексия - коучингтен кейінгі ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формасын қолданып өткізудің тиімділігі: Ата-аналар жиналысында мектеп- оқушы-ата-ана байланысының пайдасы бар екендігі; әр ата-ананың өз баласын басқа қырынан тануға мүмкіндігі ашылды; Ата-анамен сынып жетекшісі арасындағы байланыс одан әрі нығайды; Ата-аналардың жиналыс жайында түсініктері өзгеріп, мектепке келуі жиіледі; Бүгінгі таңда Қазақстандық жаңа тұрпатты мұғалім алдында екі ауқымды міндет тұр. Оның біріншісі - уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты жауап беретін кәсіби шебер маман болу, екіншісі - кейінгіге қайта оралып, ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру. Осы екі міндетті шешкенде ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.

© 2010-2022